Просмотр содержимого документа
«Ауыл туризімін дамыту жолдары»
« АУЫЛ – ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ »
Жақсылықова Ләззат Қалдыбекқызы- «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің 3-курс студенті
Болтаева Ұлшат Ерболатқызы - арнайы пәндер оқытушысы
Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай менгаздан кейінгі орынды иемденеді. Туризм – кез-келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар – шетелдік валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір турист барған жерінде 1 мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар бір туристің ақшасы 9 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30%-ін қонақ үйде, 20%-ін көлікте, 35%-ін қоғамдық тамақтандыру орнында және 15%-ін басқа да қызмет көрсету (музей, көрме т.б) орындарында қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатына тікелей байланысты.
Ауыл туризмі-бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі - ауыл пейзажы мен ауьшды жерге тәнүйлер мен жайлардық болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған жәнежергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады.
Ауыл туризмінің бір шағын түрі - агротуризм.Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі. Агротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі - мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы.
Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің қасиеттері мынадай:
- таза тамақ;
- бұзылмаған, таза табиғат;
- тыныштық;
- ауыл өмірімен, фольклормен танысу малмен айналысу,
- ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау. Агротуризмнің тағы бір жақсы жері - жұмыссыздықты азайту,жаңа еңбек орындарын қалыптастыру.Мұндай әсер тікелей және жанама болуы мүмкін.
Тікелей жасайтын әсер- агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге арналған әрекеттер жасайды, мысалы:
- пәтерін жалға беру жәнетамақтандыру;
- жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяужүру);
- туристерге көлік қызметін көрсету;
- туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайыктар, велосипел, моторлы қайық және т. б.);
- атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету;
- механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге);
- күзет, мүлікті сақтау қызметі;
- балаларын күтіп, қарау және т.е.с Жанама түрдегі әсер:
-туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі;
- туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдыңала даярлап қою;
- жалға берілетін пэтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- сауданың дамуы;
- туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі;
- көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі;
- ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы жәнет.с.с.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту бағытында мынадай шараларды іске асыру қажет:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту,
көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;
сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін, дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;
шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;
туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
туристік менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
туристік инфрақұрылымды дамытуды мемлекеттік қолдауды және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз ету;
туристік саладағы жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету.
Туризм инфрақұрылымын дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешу үшін мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:
электр беру желісін жүргізу;
сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылысын салу;
телефон желісін төсеу немесе өткізу және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету;
көлік жолдарын салу және қайта салу.
Маңғыстау өлкесінде «қара алтын» өндіре бастағанда, 1970 жылдары Кендірліге демалыс, сауықтыру ошақтары салынады.
2011 жылдың қыркүйегінде Кендерліде Медикердің медициналық-сауықтыру орталығы ашылды. Мұнда бір жылдың ішінде 3500-ден астам адам денсаулығын түзей алады.
Қазіргі таңда Кендірлі демалыс кешенін дамытуда орын алған мәселелер жеткілікті және оларды дамытуға ұсыныстар:
1.Туристік ресурстарға апаратын жолдарды жөндеп, көлік инфрақұрылымын дамыту, көлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету туристік ресурстардың алшақтығын жақындастырады. Көлік инфрақұрылымындағы қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. Ақтау қаласын Орталық Азияның ірі айлағына айналдырып, Каспий теңізіне круиз кемелерін салып, өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылса;
2.Ғалымдардың айтуынша, туристік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру амалдарының бірі туризммен салалас инфрқұрылымдарды дамыту. Мамандардың пікірінше, туристердің 90 % басқа халықтың салт-санасына, дәстүріне, әдеп-ғұрпына қызығушылық танытады екен. Тарихи-мәдени ескертікштерді қайта жөндеуден өткізіп, ескерткіштер бойынша тиімді экскурсиялар жасау қажет.
Жаңаөзен қаласындада көптеген ауылдар бар. Олар: Қызылсай,Қарақұдық,Тенге,Рахат т.б.
Бұл ауылдардыңда туризмі дамып кетті дей алмаймыз, себебі ауыл ауыл атағында әлі тұр кейбер ауылдарда туризмнің исіде бармаған. Сол себепті ауылдарды ауыл атағында қалдырмай оны ары қарай дамыту. Яғни туризмін қалыптастыру.
Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:
- инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;
- бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың сапасыз іске асырылуы;
- білікті мамандардың аздығы;
- инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
- маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі және т.б
Әлемдік телеарналардан Маңғыстаудағы кендірлі демалыс кешенінің әсем жерлері, туристерді қызықтыратын ерекшеліктері туралы деректі фильмдер жасалынуы тиіс.
Мынадай жерлерде туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желісі құрылысын қамтамасыз еткен жөн:
Шығыс Қазақстан облысында – Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында;
Қызылорда облысында – Шымкент-Самарқан трассасы бойындағы Ұлы Жібек Жолының учаскесінде;
Атырау облысында — Сарайшық қалашығында;
Маңғыстау облысында — Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында;
Павлодар облысында — Баянауыл МҰТП аумағында.
Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елде 368300 орынға арналған қонақ үйлер салу қажет.
Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында мынадай мәселелерді шешу қажет:
халықаралық бизнес-қоғамдастықтың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;
туристік-этнографиялық кешендер түріндегі объектілердің құрылысы, бос уақытты өткізу және ойын-сауық индустриясы желісін құру жөніндегі жобаларды шетелдік және отандық даму институттарының инвестициялауына жәрдемдесу;
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы туристік және жәдігерлік өнім индустриясын құру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
сырттан келушілер туризмін дамыту үшін неғұрлым тартымды, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым объектілері бар аудандар салудың өңірлік бас жоспарларын әзірлеу;
киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қалпына келтіру және жаңаларын салу, ұлттық қолөнерді қайта жаңғырту, жаңа жұмыс орындарын ашу.
Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі бұл бағытта жүйелі мемлекеттік саясат жүргізуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жекеше және туристік қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.
2007-2008 жылдары әзірленген шебер-жоспарлар негізінде Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туристік кластерлер құру және оны дамыту жөнінде іс-шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның әлеуеті туристік мақсатта іс жүзінде елдің барлық өңірін пайдалануға мүмкіндік бере алатындықтан, экономикалық орындылығын ескере отырып, сонымен қатар басқа да әлеуетті өңірлерде шебер-жоспарлар жасаудың мүмкіндігін қарау қажет. Бұл ретте оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қажетті деңгейде қаржыландыруды қамтамасыз етуге айрықша назар аударған жөн.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты — сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:
— туризм инфрақұрылымын дамыту;
— туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
— елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
— туристік әлеуетті арттыру;
— рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.
Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындар құру, олардың өзара іс-қимылын жақсарту және іс-қимылдың республикалық шебер-жоспар түрінде ұсынылған басым жоспарын жүзеге асыру процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлер құру мен оларды дамыту шеңберінде қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында белсенді де қатаң маркетингтік саясат жүргізу жоспарлануда.
Түрлі еуропалық және азиялық нарықтадағы ахуалды зерделеу нәтижесінде мынадай қорытынды шығаруға болады:
тұтастай алғанда Орталық Азияның және дәлірек айтқанда Қазақстанның әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;
“Қазақстан” сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік имиджі жоқ;
еуропалық та, азиялық та туристік нарықта салыстырмалы түрде Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, мұның өзі нақты болашақта шетелдік туристер ағынының ұлғаю мүмкіндігін көрсетті.
Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі туристік өнімдері “Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейін” бағдары бойынша саяхатқа шығуды көздейтін құрама турлар мен джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұратын далалық аңшылық екені айқындалды.
Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты айқындалуы үшін аталған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2007-2011 жылдары үш басымдықты туристік нарық айқындалды:
Ресей, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай.
Франция, Жапония.
АҚШ, Азия -Тынық мұхит өңірінің елдері.
Сөйтіп, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразиядағы жаңа әрі тартымды туристік объект ретінде алға ілгерілету стратегиясын әзірлеу қажет.
Экономиканың өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру мен туризмді дамытуды мемлекеттік кең ауқымды қолдау жөніндегі міндеттер шеңберінде маңызды мән мынадай «белсенді» жобаларды іске асыруға беріледі:
Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:
Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
Каспий теңізі бойынша Ақтау — Астархань (Ресей) — Махачкала (Дағыстан)-Баку (Әзірбайжан) — Энзели (Иран) — Түркменбаши (Түрікменстан) — Ақтау халықаралық круизін дайындау және оны ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясын құру жөніндегі мәселені пысықтау мақсатында Кендірлі демалыс аймағын жайластыру.
Ұсынысым:
Туризм мамандығы бойынша оқыту орындарын көптеп ашу қажет.
Аймақта ауыл туризмі дамып жатса, шәкірттерінің бәрі де өз кәсібі бойынша жұмыс табатынына сенімдімін.
Ауыл туризмін дамыту
Ауылдық жерлерді көптеп өнер үйлерін,қонақ үйлермен әртүрлі ойын-сауықтық орындар ашылса,ауыл туризмі дамытатынымыз сенімдімін.
Туризм дамыса балалардың демалыс уақытында бос отырмай музей қарап,түрлі үйірмелерге қатысып, өз бойындағы мүмкіндіктерді әрі қарай жетілдіреді.
2-3 ауылды қосып бір мәдениетті туризмі дамыған қала тұрғызу керек.
Біздің қаладада көптеген ауылдарда бар, соларды біріктіріп туризмі дамыған,мәдениеті қалыптасқан қала құру қажет.
Ағаш,гүл сияқтыларды тек қалаға отырғызып қана қоймай ауылдық жерлерде де отырғызылса, туризмнің дамуына әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 29
2. Недзвецский В.Е. Узунагачское дело.– Верный: Тип. Семиреченского обл. правления, 1910. – 95 с
Қатысушының аты-жөні (толық)
Жақсылықова Ләззат Қалдыбекқызы
Жетекшісінің аты-жөні (толық)
Болтаева Ұлшат Ерболатовқызы
Оқу орны, мекен-жайы
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі,«Көктем» шағын ауданы, 2А ғимараты