kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар?а арнал?ан тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

С?леметсіздер ме! ?ымбатты ата – аналар! ?ріптестер!
«Ата – аналар?а арнал?ан» тренингке ?ош келді?іздер.
Ма?саты: сіздерді? к??іл – к?йлері?ізді жа?сарту, бірігіп ж?мыс істеу ж?йесін дамыту, ой ?оз?ау

1.?ызы?ушылы?ты  ояту.Шатты?  ше?берін  ??ру  ар?ылы.

Ата –аналар  бір  біріне  жа?сы  тілектер  айтады.

2.С?йкестік бойынша топтар   ??ру.
-жасы ?лкен, жасы кіші бойынша сап?а т?ры?ыздар
-ту?ан к?нні?із бойынша сап?а т?ры?ыздар
-?а?тардан-а?пан?а дейінгі айлар бойынша сап?а т?ры?ыздар
-шаштары?ызды? т?стері бойынша сап?а т?ры?ыздар
/?арадан-сары?а дейін/
Ата-аналар сол т?р?ан к?йінде т?рлі т?сті г?лдерді та?дайды.Т?стер бойынша топ ??рып, ?стелдерге жай?асып отыры?ыздар.
3.Танысу:

 , «Г?л бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын ?ткізейік. ?рбір ?атысушы ?з отбасын г?л бейнесінде салып таныстырып ?теді.

4. ?зі?ді-?зі? таныса? — істі? басы

Жа?сы немесе жаман ?асиеттер тренинг — Абай атамызды? «Сегіз батыр» деп басталатын ж?мба?ы еске т?седі.

Алла мы?ты жарат?ан сегіз батыр,
Бая?ыдан со?ысып ?лі жатыр
Кезек-кезек жы?ылып, жатып т?рып
Кім же?ері белгісіз т?бінде а?ыр.

Міне, осы ж?мба?ты? жауабы сегіз батырды? біріншісі «жа?сылы?» болса, екіншісі «жаманды?» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу ?шін айнада?ы бейнемізге ?арап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген пара?ты? о? жа?ына жа?сы, сол жа?ына жаман ?асиеттері?ізді жазасыздар. 3 мин

  1. ?андай ?асиеттерді к?п жазды?ыздар?
  2. ?айсысынан ?зі?ізді к?бірек тапты?ыз?
  3. Осы?ан дейін осы ?асиеттер жайлы ойланып к?рді?із бе?

(Барлы?ы жаз?ан ?асиеттерін о?ып шы?ады) Жаман ?асиеттері?ізден арыл?ылары?ыз келе ме? Ендеше жаман ?асиеттері?ізді б?ліп жыртып алып «мені? бойымнан осы жаман ?асиеттер м??гіге жо?алсын» — деп айтып ?са?тап жыртып тастаймыз.

?орытынды: Бала ата-ананы? айнасы-демекші, баламызды? бойына ?з бойымызда?ы осы  жа?сы ?асиеттері?ізді  сі?іре білулері?ізге тілектеспін.

5. Ой ?оз?ау:

Ата-аналар 3-топ?а б?лінеді. Бала т?рбиесі ж?нінде с?ра?тар ?ойылады. Сол жа?даяттан шы?у жолдарын тірек-сызба, сурет ар?ылы ?ор?ап шы?ады.

1топ.    Баланы? сапалы білім алуы ?шін ата-ана тарапынан  жасалатын   

              жа?дайлар.
2 топ.   Балаларды теріс ?рекеттері ?шін жазалауды? т?рлері.
3топ.   Бала ?шін м??алім мен ата- ана  арасында ?андай байланыс болуы керек?
 

6. Аялы ала?ан (тренинг):

Ма?саты: Ата—ананы? баласына ?аншалы?ты  уа?ыт б?летінін аны?тау, ?р кезде уа?ыт  тауып, мейірімділік к?рсетуге баулу.

 (Ата — аналар ?з баласыны? жазуын  танып алу керек)

  1. Бала?ызды?  жазуын  ?алай таныды?ыз?
  2. Бала?ызды?  жазуын   тани алмаймын —ау деген ?ор?ыныш болды ма?
  3. Бала?ызды?  жазуын  тани алма?ан кезде ?андай сезімде болды?ыз?
  4. Бала?ызды?  жазуын  тану?а  сенімді болды?ыз ба?

 Міне, ата-ананы? аялы ала?аныны? ?сері бала?а к?н с?улесімен бірдей, м?ны бас?а ешбір н?рсе ауыстыру м?мкін емес.

7. С?биіні? ата-анасына тілегі

(Бейне  жазба  к?рсетіледі)

Ж?ректен ж?рекке: ??рметті ата-аналар! Енді осы балапандарымыз?а ж?регімізден шы??ан жылы с?здері?ізбен, тілектері?ізді ?а?аз?а (жапыра?) жазып а?ашты к?ркейтейік.

Ж?ректен шы??ан тілектері?із ?рдайым жер бетіндегі балаларды ?олдап желеп-жебеп ж?рсін дегім келеді.

3.?орытынды.
Ата-ана?а к?з ?уаныш,
Алдына ал?ан еркесі,
К??іліне к?п ж?баныш.

Г?лденіп ой- ?лкесі,- деп Абай атамыз ата-ананы? ?уанышы, г?лденген ?міт, арманы тек перзент с?ю, оны т?рбиелеу екендігін айт?ысы келген екен.Ендеше, ата-аналар,?олымызда?ы алтынымызды жа?сылап
т?рбиелейік ж?не біз олар?а ?лгі болар бейне екенімізді ?мытпайы?. Адам да ?мір сия?ты,к?лмесе жайнап ?спейді дейді. Сонды?тан да мына жайттарды есімізге ?стайы?: «Отбасында берілген т?рбие жігері?ді ??м ?ылып, жерге ?аратпасын десе? бала?а кішкентайынан т?зу т?рбие бер»,- деп ата-бабамыз айт?андай, бала т?рбиесіне уа?ыты?да к??іл б?ліп, елімізді? инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ?рпа?ын т?рбиелейік.Егер ата-ана   мен мектеп ?зара ты?ыз байланыста болса, балалар?а бірдей талап ?ойып отырса,
т?уелсіз елімізді? ?л- ?ыздары жан-жа?ты дамы?ан  азамат болып шы?ары с?зсіз.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар?а арнал?ан тренинг »

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! әріптестер!
«Ата – аналарға арналған» тренингке қош келдіңіздер.
Мақсаты: сіздердің көңіл – күйлеріңізді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғау

1.Қызығушылықты ояту.Шаттық шеңберін құру арқылы.

Ата –аналар бір біріне жақсы тілектер айтады.

2.Сәйкестік бойынша топтар құру.
-жасы үлкен, жасы кіші бойынша сапқа тұрыңыздар
-туған күнніңіз бойынша сапқа тұрыңыздар
-қаңтардан-ақпанға дейінгі айлар бойынша сапқа тұрыңыздар
-шаштарыңыздың түстері бойынша сапқа тұрыңыздар
/қарадан-сарыға дейін/
Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды.Түстер бойынша топ құрып , үстелдерге жайғасып отырыңыздар.
3.Танысу:

, «Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын өткізейік. Әрбір қатысушы өз отбасын гүл бейнесінде салып таныстырып өтеді.

4. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг — Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

  1. Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы осы жақсы қасиеттеріңізді сіңіре білулеріңізге тілектеспін .

5. Ой қозғау:

Ата-аналар 3-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

1топ.    Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан  жасалатын 

жағдайлар.
2 топ.   Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
3топ.   Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек?




6. Аялы алақан (тренинг):

Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.

(Ата — аналар өз баласының жазуын танып алу керек)

  1. Балаңыздың жазуын қалай таныдыңыз?

  2. Балаңыздың жазуын тани алмаймын —ау деген қорқыныш болды ма?

  3. Балаңыздың жазуын тани алмаған кезде қандай сезімде болдыңыз?

  4. Балаңыздың жазуын тануға сенімді болдыңыз ба?

 Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

7. Сәбиінің ата-анасына тілегі

(Бейне жазба көрсетіледі)

Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

3.Қорытынды.
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше, ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана   мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса,
тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған  азамат болып шығары сөзсіз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ата-аналар?а арнал?ан тренинг

Автор: Мангибаева Анар Маликкызы

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204034


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства