kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аспаздарды дайындаудағы ұлттық тәрбиенің рөлі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз ұлттық тәрбие мүддесін өз еліміздің тарихы, әдебиеті және салт-дәстүрі, тұрмысы, тағамымен байланыстырамыз. Менің мақсатым: Өзімнің тәжірибелік сабақтарымда бағдарламаға сәйкес ете отырып, қазақ ұлттық тағамдарының да технологиясын үйрету. Үйретіп қана қоймай, ұмытылып кеткен көне тағамдарды да ұйрену, жаңарту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аспаздарды дайындаудағы ұлттық тәрбиенің рөлі»

«Аспаздарды дайындаудағы ұлттық тәрбиенің рөлі»

Нуржауова Нуржанат Муратовна

Астана қаласы МКҚК «Көпбейінді колледжі»,

арнайы пәндер оқытушысы


Біз ұлттық тәрбие мүддесін өз еліміздің тарихы, әдебиеті және салт-дәстүрі, тұрмысы, тағамымен байланыстырамыз.

Менің мақсатым: 1. Өзімнің тәжірибелік сабақтарымда бағдарламаға сәйкес ете отырып, қазақ ұлттық тағамдарының да технологиясын үйрету.

2. Үйретіп қана қоймай, ұмытылып кеткен көне тағамдарды да ұйрену, жаңарту.

Мысалы: Ұлттық асхана адамға қаншалықты қажет?

Осы ұлттық асханада, қазақ халқының атам заманнан келе жатқан, ұмытылған, көне тағамдарын дайындап ұсына білетін қазіргі заманға сай, заманауи мамандар неге дайындамасқа деген сұрақ тұындайды.

Өйткені, ата-бабаларымыз қорек еткен азықтың арқасында батырлар, ғұламалар өсіп өнгенін білесіздер. Сол бабалар дәстүрімен келешек қалыптаспай ма? Ұлт, күллі ел, жұрт оның мақтанар көрсеткіші-тарихы, тамағы. Ертең, мысалы, ЕХРО-2017 өтеді деп отырмыз. Біз өз еліміздің Ұлттық болмысын әлемге паш етуіміз керек. Немен? Қымызды немістер (Германия) бренд қылып алды ғой. Тағы сол сияқты, көкпар ойынымызды да қырғыздар өздерінің ұлттық ойыны қылып алды.

Сондықтан да ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы тағам маңыздылығын арттырып, үлкен ұлт асханасын дамыту керекпіз. Біздің Астанамызда ондай мейрамхана, асхана жоқ емес, бар. Бірақ өте аз. Мен осы тұрғыдан өз еңбек өтілімде ұлттық тәрбиемен, дәстүрмен байланыс тұдыратын тағамдарды үнемі тәжірибе сабағымда, оқу өндірісінде қолданып келемін.

Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы - ең басты басымдық. Бұл ХХІ ғасыр білім саласындағы қызметкерлер үшін, яғни оқытушылар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы ұлттық тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» колледж студенттерінің бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру танымдық, шығармашылық қасиетін, қабілетін айқындау туралы айтылған.

«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, бұл келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл Фараби айтқандай оқушыларға рухани тәрбие беруде өндірістік оқыту сабағының да алатын орны ерекше. Адамның өмірі үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажетті.

Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесін бөліп, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйытқысы ретінде тәрбиелеп отырған. Қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Колледждегі мамандық бойынша арнайы пәндерді оқытқанда, пәннің ерекшелігіне сай білім мен тәрбие қатар берілетіндіктен пән оқытушылары жан-жақты болуы керек.

Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі – қонақжайлылық. Жас ұрпақты ұлттық дәстүр негізінен тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Қонақты ақжарқын көңілмен күту көргенділік, адамгершілік, тіпті міндет те деп айтуға болады. Халқымыздың осындай қонақжайлылығы, дастарханның кеңдігі, таныс-біліс түгел бөтенге де көрсететін мырзалығын дәріптеп, қыз балаларды қонақты жақсылап күте білуге үйрету керек. Осыған байланысты айта кететін бір жайт, мамандық бойынша «Ұлттық асхана» атты пән ендірілген. Осы пәнді оқытқанда тек ұлттық асхана тағамдарын дайындауды ғана емес, сонымен қатар әр тағамның тағайындалуы дәстүрін, кімге қалай ұсынылатындығын, әр тағамның белгілі тарихын қоса үйрету керек.

Ұлттық әр түрлі нандарды жабу, пісіру тек қана қыз бала (аспаз) дайындамай, сондай ақ ер балалардың да қолынан келу керек. Өйткені ол болашақ аспаз. Және болашақ аспаздарға асхананың ішкі және сыртқы интерьеріне де мән беруді үйретеміз. Ұлттық нақышта безендіруі мен аспаздардың киіміне аз да болса ою-өрнегімізді салуларымыз керек. Мүмкін, болашақта мен оқытқан студент шетел асханасында жұмыс жасайды. Мақтанып қояйын, ондай студенттерім бар. Осы уақытқа дейін келіп сәлемдерін беріп, бұрынғы өздері сияқты болашақ аспаздарға үйренген білімдерімен бөлісіп тұрады. Осындай мүмкіншілік болып жатса, барған жерінде біздің ұлтымыздың тағамдарын паш ете білүі керек. Бүкіл ел бізді танып, білуі керек. Аузымды толтырып айта аламын, менен озған шәкірттерім бар. Қазіргі заманда менің де білмейтінім бар. Осындай шәкірттерім келген кезде, мен де көп нәрсе көріп үйреніп қаламын.

Мен ойлаймын, заманмен бірге жүру үшін, әр мұғалім білімін жетілдіріп отыру керек.

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар-ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», дей отырып, баяндамамды аяқтаймын.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Кәсіптік білім» журналдары, 2012 жыл

  2. С.Кенжеахметұлы «Қазақтың дархан дастарханы»

«Алматыкітап», 2005


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Аспаздарды дайындаудағы ұлттық тәрбиенің рөлі

Автор: Нуржауова Нуржанат Муратовна

Дата: 06.10.2016

Номер свидетельства: 347693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства