kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты " Бос уа?ыт ж?не т?ртіп"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  «Бос уа?ыт ж?не т?ртіп»
Саба?ты? ма?саты:  За?ды ?ркім біле отырып, бос уа?ытында?ы ?з ???ы?ын ?ор?ай білу, ?з санасында ???ы?ты? т?рбиені ?алыптастыру. О?ушыны? саяси саналы?ы мен таным белсенділігін арттыру. ?з іс-?рекетіне жауап беретіндей ой-?рісін ке?ейту.
Саба?ты?  к?рнекілігі: Плакат, маркер, Та?ырып?а сай слайдтар

Саба?ты? ?дісі: СТО

Саба?ты?  формасы: ашы? микрофон  
Саба?ты? ?ту барысы:

І.?йымдастыру.
Психологиялы? ахуал орнату.

ІІІ. ?ызы?ушылы?ты ояту кезе?і.

Ассоциация.

І?. Ма?ынаны тану  кезе?і.

Бала ???ы?тары туралы м?лімет

?. Ой тол?аныс кезе?і.

«Ой елегінен ?ткіз»  Ойлан арты?ы бар ма? Тапса? сызып таста.

?І. ?орытынды.

Саба?ты? ж?рісі:

Психологиялы? ахуал орнату.

А.Е?сеповты? «Детство» к?йі ойнап т?рады. М??алім ?зін таныстыруы, о?ушылар бір-бірін жа?сы ?асиеттерін айту ар?ылы  таныстырады.

ІІІ. ?ызы?ушылы?ты ояту кезе?і.

  1. Ассоциация. «Уа?ыт тиімді пайдалану»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты " Бос уа?ыт ж?не т?ртіп"»

Сабақтың тақырыбы: «Бос уақыт және тәртіп»
Сабақтың мақсаты: Заңды әркім біле отырып, бос уақытындағы өз құқығын қорғай білу, өз санасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру. Оқушының саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей ой-өрісін кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, маркер, Тақырыпқа сай слайдтар

Сабақтың әдісі: СТО

Сабақтың формасы: ашық микрофон
Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал орнату.

ІІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

Ассоциация.

ІҮ. Мағынаны тану кезеңі.

Бала құқықтары туралы мәлімет

Ү. Ой толғаныс кезеңі.

«Ой елегінен өткіз» Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста.

ҮІ. Қорытынды.

Сабақтың жүрісі:

Психологиялық ахуал орнату.

А.Еңсеповтың «Детство» күйі ойнап тұрады. Мұғалім өзін таныстыруы, оқушылар бір-бірін жақсы қасиеттерін айту арқылы таныстырады.

ІІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

  1. Ассоциация. «Уақыт тиімді пайдалану»













ІҮ. Мағынаны тану кезеңі.

Мұғалім сөзі:

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенцияда не айтылған, сол туралы не білеміз?

Тақтаға назар аударайық.
 Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
 Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
 Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
 Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
 Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
 Бала білім алуға, тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
 Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
 Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
 Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.



Ой жалғау. Оқушылар өз ойларын постер бетінде бейнелейді.

1-топқа: Уақыт үнемдеудің тәсілдері

Оқушы жауабы:

Уақытты тиімді пайдаланайық!
Адам боп бұл фәниге келгесін ащының да, тұщының да дәмін татамыз. Дегенмен, барлығына бір сәтте қол жеткізгіміз келетіні тағы бар. Өмірді сүре келе түсіне бастаймыз, түсінгендей боламыз. Қателігімізден сабақ алып, қымбатымыз бен арзанымыздың ара жігін ажыратамыз. Сіз үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл болғанмен, сауалға жауап лезде табыла кетпейді. Қымбат ұғымын әркім әр түрлі топшылайды. Бірі - Отан, бірі - Ана, бірі - Денсаулық ұғымына теңеп жатады. Ал кез - келген табысқа жету үшін адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек. Шайтан адамды: «Бұл дүние бір - ақ рет беріледі, әлі жассың, нағыз шалқып жүрер кезің, жас күніңде ойна да күл»,- деп азғырады. Сол сөздің жетегіне еріп, «темірді қызған кезінде соғатын» сәтімізді жіберіп аламыз. Бей - берекет өмір сүруге дағдыланып, кейін «қап» деп сан соғып қалатындар да бар. Ұйқы — уақыт тапшылығын тудыратын негізгі фактор.
Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Уақытты қалай болса, солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қоймайды, ал уақытты үнемді пайдаланып, ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегін еш кетпейді. Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз — өмірдің бекер өткендігі.
Уақытты үнемдеу үшін мен бәріне бірдей үлгеремін деген принциптен бас тартыңыз. Бәріне үлгердім деп жасаған сапасыз дүниеңіз кімге қажет? Оны қайта жасау арқылы бір жұмысты екі жұмысқа айналдырасыз .

Уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек күттірмейтін тәсілдердің негізгі бес тәсілін оқырман игілігіне атап өтсек:
1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударуға кедергі жасайды.
2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.
3. Тек өз басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Оған сіздің хақыңыз бар.
4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз.
5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.
Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсылыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей - жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса болғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін беріліп жатқан ұзын - сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз!
2-топқа: Демалысты ұйымдастыру.

Оқушы жауабы:

- Демалыс пен ұйқыны ұйымдастыру. Адам күніне кеміне 8 сағат ұйықтау керек. Дұрыс ұйқы жұмыс өнімінің кепілі.
- Дұрыс және уақытылы тамақтануға дағдылану.
- Жұмыс арасында 10 – 15 минут бой жазып тұру керек.
- Демалыс күндері төрт қабырғаға қамалмай, табиғат аясына шығып тұру.
- Еңбек демалысын алғанда жұмыс туралы ойламай жақын немесе алыс жаққа саяхат құру абзал.
3-топқа: Уақытты үнемдеуге кедергілер

Оқушы жауабы:

Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм - менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану.
Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады?
Шындығына келгенде кез келген адам өз уақытын тиімді пайдалана алады? Ол үшін өзіңізге маңызды сұрақ қоюыңыз керек: "Маған өз қалауыммен өмір сүруге не кедергі жасайды?". Қойылған сұраққа жауап табу жеңіл болу үшін келесі кедергілердің түрлерін қарастырайық:
1. Техникалық қателіктер.
Сіз өзіңіздің уақытыңызды қалай тиімді етіп құруды білмейсіз. Бұл қателікті жою үшін келесідей жоспар құрыңыз: мысалы, күніге таңертеңгілік қағаздарға алдағы күннің жоспарын жазыңыз.
2. Сыртқы факторлар.
Біздің өміріміз тек өзімізбен ғана шектелмейді, біздің өмірімізге көбінесе сыртқы факторлар әсер етіп отырады.
3. Психологиялық кедергілер.
Мұнда сізге өз - өзіңізге терең бойлауыңызға тура келеді. Мүмкін, сіз кейбір жұмыстарды мағынасыз, жалықтырарлық деп есептегеннен іске асырмай жүрген боларсыз?
Тайм менеджмент – бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы.
Өз уақытында істелмеген жұмыс адамды беймазалыққа салып қана қоймай, келесі істерге тиесілі уақытты жеп, олардың барлығына кесірін тигізеді. Бір уақытта бірнеше істі алып жүру, әдетте істің аяқсыз қалуының кепілі. Оның үстіне асығып істелген істен қате де көп кетеді, оны түзету көп уақытты жейді. Олай болса жұмыс арасындағы бос әңгімеге, интернетке т. б. пайдасыз нәрселерге кеткен уақыттың адамға тигізер зияны орасан зор. Олардан міндетті түрде арылу керек. Телефонмен сөйлесу, тағы басқа қарым - қатынастарды шаруаға ешбір нұқсан келтірмей қысқартуға болады.
Ү. Ой толғаныс кезеңі.

«Ой елегінен өткіз» Ойлан артығы бар ма? Тапсаң сызып таста.

1. Оқушы неге құқылы?
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.
2. Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.
ҮІ. Қорытынды.

Олай болса топтардың өз ойларын еркін айтуы, ой қорытулары, белсенді қатысу жақсы топты ереке аталып өтеді.

Саналы да, сауатты жас ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз, өз уақытын тиімді пайдалана білетін болашағынан зор үміт күттіретін қазақ жастарын тәрбиелей берейік деген ниетпен Төрегали Төрәлінің орындауындағы «Қазақ жастары» өлеңмен аяқтағым келіп отыр. Осымен біздің, бүгінгі, «Бос уақыт және тәртіп» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шарамыз шегіне жетті.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты " Бос уа?ыт ж?не т?ртіп"

Автор: Алменова Райхан Куанышовна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299548


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства