kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ардақтайық ананы" драмалық қойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

« Ардақтайық ананы »

( Ел аузындағы әңгіме желісімен)

Қатысушылар:Енесі

Келіні - МаржанБаласы - Ержан

Қайын сіңлісі - ГүлденБалгер – Бәтима

Аруақ әйел

Автор

1-көрініс

(Асүйде ерлі-зайыптылар, енесі тамақтану үстінде. Келіншек күйеуінің асты-үстіне түсіп күтіп жүр. )

Күйеуі: Болды, болды, осы да жетеді. Қарным жарылып кетер. Гүлден қайда? Сабақтан келмеді ме?

Әйелі: Ереке, алып отырыңыз, сіз үшін арнайылап дайындадым ғой. 1 сағаттан соң келеді Еркежан.

(Енесі жақтырмай қарап отырады)

Енесі: Балам, қалай жұмысыңды жақсы атқарып келдің ба? Өткенде аштық дей ме, забосток жариялап жатыр дей ме, осындай бірдеңе  естігем, басылды ма ашулары жігіттердің?

Күйеуі: Апа,шүкір, жақсы бәрі, оны қайтесіз жігіттер өздері шешіп жатыр ғой, өзіңіз  қалайсыз, денсаулығыңыз жақсы ма? Ауылдың жаңалықтарын айта отырыңыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ардақтайық ананы" драмалық қойылым»

Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

Тұщықұдық ауылы,

С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жарылғасынова Айымгул


« Ардақтайық ананы »

( Ел аузындағы әңгіме желісімен)



Қатысушылар:

Енесі

Келіні - Маржан

Баласы - Ержан

Қайын сіңлісі - Гүлден

Балгер – Бәтима

Аруақ әйел

Автор

1-көрініс

(Асүйде ерлі-зайыптылар, енесі тамақтану үстінде. Келіншек күйеуінің асты-үстіне түсіп күтіп жүр. )

Күйеуі: Болды, болды, осы да жетеді. Қарным жарылып кетер. Гүлден қайда? Сабақтан келмеді ме?

Әйелі: Ереке, алып отырыңыз, сіз үшін арнайылап дайындадым ғой. 1 сағаттан соң келеді Еркежан.

(Енесі жақтырмай қарап отырады)

Енесі: Балам, қалай жұмысыңды жақсы атқарып келдің ба? Өткенде аштық дей ме, забосток жариялап жатыр дей ме, осындай бірдеңе естігем, басылды ма ашулары жігіттердің?

Күйеуі: Апа,шүкір, жақсы бәрі, оны қайтесіз жігіттер өздері шешіп жатыр ғой, өзіңіз қалайсыз, денсаулығыңыз жақсы ма? Ауылдың жаңалықтарын айта отырыңыз.

Енесі: Ауылда не жаңалық болсын, өткен аптада Перузаның үлкен баласы үйленіп, беташарына бардым. Бешіріне билет келіп еді, қалада болатын болғасын бара алмадым. Ауылға келгесін кемпірлер боп шашу шашып барамыз деп отырқ. .... Ииии, үйде тұз қалды ма жарықтық, удай ғой мына тамағың, әлі күнге дейін дұрыс бірдеңе пісіре алмайд. Тұзды тамақ жеуге болмайды маған, дәрігер солай деген. Оны сірә, қыстырып жатқан жан бар ма? .... Шәйіңнан құйшы, қарағым түйіліп өлерміз.

Күйеуі: (күліп) Апа-ау, ащы емес қой.

Енесі: Ойбуй, келіншегіне су жұқтырмауын қарашы. Пішту. Мынауың немене шәй ма, балшық па? Сұйық қылып құйшы, асқазаным ауырып өлсін демесең.

Әйелі: Апа, құйып жатырмын ғой. Берсек те жақпадық –ау.

Енесі: Тәйт-ей , қарағым, берер асыңды бетің мыжыраймай берсең етті. Болды енді құймай - ақ қой. Көрші Перузаға барып қалғанын ішейін. Өздерің іше берің.

Күйеуі: Түу, апа , қалжыңым ғой, ренжімеші.

(Дастархан басында екеуі қалып, әңгімелесуді жалғастырады)

Күйеуі: Апамдікі қызық болды-ау, мені жұмыстан келгенде күтіп алушы еді ғой. Саған не болған, неге апама сөз қайтарып отырсың ? Тағы жанжалдасып қалғаннан саумысың?

Әйелі: Неге тек менен көресің? Как будьто апаң қарап отыратындай.

Күйеуі: Түу, Маржан сондайыңды қашан қоясың? Бір қабағыңды ашып жадырап отыратын күніңді көрмейтін болдық қой?!

Әйелі: Тоқташы, мені кінәлай бермей. Мені қолынан түк келмейтін, салақ әрі олақ деп айтатын көрінеді. Ең сорақысы, тәрбиесі жоқ адам екенмін....(жылайды)

Күйеуі (ашуланып, дауысын көтере): Қойшы – ай , менің апам ондай нәрсе айтпайды. Қанша дегенмен, өз баласының жары, келіні жайында жаман сөз айту оған жарасатын қылық па? Мен бұған сене алмайды екенмін.

Әйелі: ( өксігін баса алмай) Әрине, сен өз анаң болған соң, қорғап отырсың! Сонда мен жалған айтып отырмын ба? .... Апаңның сен жоқта маған не айтып, не істейтінінен сен бейхабарсың... Таңертең тұра салып, асүйге кіріп ыдыстарды салдырлатып, шәйнек қойып жатқаны жағаласып. Бала ұйықтап жатыр екен демейді тіпті, түнімен ұйықтамай шыққан, сәл болса да ұйықтап алайын десем. Сосын, анаугүні, көрші Зухра жеті нан тарата келгенде мені «түске дейін ұйықтап жатады» деп айтпасы бар ма? Наның шикі, тамақтың тұзы көп, т.б. Шаршадым, бітті, шыдамым таусылып барады, Ержан. Сен үшін шыдап келемін, шыны керек сөздің. Қайынсіңлім де апаңды жақтап, маған мүлдем көмектесуді қойды.

Күйеуі: Жетер, жарылуға келген екенсің? Үй көрмей, айдалада қаңғып, сендерді асыраймын деп сағынып келгенде осы ма дайындап қойған сый – құрметің? ... Ееееей, Маржан, есіңдеме маған тұрмысқа шығарда не дегенің? Сенің анаң- менің анам, бауырларың - менің бауырларым дегенің? Олай болса, неменеге шатып отырсың? Апаммен неге ашық сөйлеспейсің?

Әйелі: Сол кезде апаңды өз анамдай көрем дегенім рас. Туыстарыңның бәрін өз бауырымнан кем көрмей, сыйласып келемін.Анамнан ерте айрылып, ана мейіріміне зәру боп келдім осында, барлық айтқан сөзіне де көніп келем, бірақ өз қызындай қарайтын ене көрсем көзім шықсын. Бірақ, бұл қылықтарына төзе алмайм... Мені тыңдайды дейсің бе? Қашан көрсең қабағынан қар жауып отырғаны, бірдеме деуге жүрегің дауаламайды.

Күйеуі: Сонда маған не дейсің?

Әйелі: Білмейм, бір амалын қарастыршы...Бөлек шықсақ қайтеді?...

Күйеуі: Не айтып отырсың? Сен өзіңді естіп отырсың ба, өзі? Отасқанымызға 3 жыл болса да, мен сені танымай отырмын? Екеуміздің бірімізді таңда деп, екі оттың ортасында қалдырғың келе ме? Өз анаңдай көре алмады екен деп, жұмағым – анамды далаға лақтырып жіберетіндей пасық емеспін. Елдің әйелдері қайтіп, күн көріп отыр екен сонда? Болды сөзді доғар, анаммен тіл табысу өз қолыңда. Ол қолыңнан келмесе, өз кінәң, маған өкпелеме! Анама қарсы еш нәрсе айтпаймын мен!

Әйелі: бірақ, бірақ....

Күйеуі: Болды, қойшы, Маржан. Не жеп , не қойғанымызды білмей, қалдық қой!

(Осы кезде қайын сіңлісі Гүлден сабақтан сөмкесін арқаланып келеді. Қуанып кетіп ағасын құшақтайды.)

Гүлден: Аға, қашан келдіңіз? Жеңеше бала жылап жатыр.

(Маржан балаға кетеді, Ержан мен Гүлден дастархан басында қалып қояды.)

Күйеуі: Маржан тамақ салып берсеңші.... (Өзі салып береді) Қалайсың қарындасым-ау, (еркелетеді) сабағың жақсы ма, қанекей айта ғой, не жаңалық болып жатыр? Апайың мақтау айтып жатыр ма? Жей ғой тамағыңды...

Гүлден: Сабақта бәрі жақсы. ... Аға, жеңешеге не болған, жылаған ба? Бір құпия айтсам, ешкімге айтпаңызшы ия ма?

Күйеуі: Айта ғой , қандай құпия?

Гүлден: Өткенде апа екеуі ұрсысып қалды ғой, қатты айқайласты, жеңеше бөлмесіне кіріп кетті де шықпай қойды ертең болғанша. Не болғанын сұрайын дегенде апам маған ұрысты . Үндеме деді.

Күйеуі: Аааа, солай ма, не қыласың оны Гүлден, мән берме, үлкендер кейде түсініспей жатады. Айналайын, жей ғой тамағыңды.(Күрсінеді)


2- көрініс

Маржан асүйдегі дастарханды жинастыруға келеді.Қолында фотосурет, анасының суреті.

Маржан:Мама, мама, сізді қатты сағындым. Тек маған ренжімеші, мен сен қалағандай, сені жерге қаратпайтындай қызың бола алмай жүрмін. (Жылайды) (жасын тыйып, мұңая:)

- Неге дейсің бе? Айтайын, әңгіме енем екеуміз жайында, мама. Осы үйге келін боп алғаш аттаған жылы, бәрі де жақсы болатын. Кейін неге екені белгісіз, енем мені көрген кезде кірпідей жиырылып, түрпідей тиісуді әдетке айналдырды. Тәрбие көрмеген деп тиісті ғой , мама. Пісірген асым, сөйлеген сөзімді былай қойғанда, отырып- тұрғаным кемпірдің жүйкесіне тиіп бітті. Отырса – опақ , тұрсам – сопақ болдым. Қысқасы, кең дүние қауызындай тарылып, ол кісімен қажаса-қажаса титықтап біттім. Тығырыққа тіреліп біттім, мама. .... Құлағымның етін жегені соншалық , жауыр аттай қажыдым, мама. Сен мені түсінші тек, Ержан да түсінгісі келмейді. Бірақ, мен бір амалын таптым бұл жағдайды шешудің... Самал деген құрбымнан бір емшінің бар екенін естідім. Қара магиямен айналысады. Осы түйіншекті дәу де болса сол шешіп берері анық. Осы дұрыс болады, мама.(Шығып кетеді)

Аруақ: Балапаным, Маржаным, тек қана олай істемеші, кез келген адам қателеседі, ренжітті екен деп кектенудің қажеті жоқ...Өмір деген тым қысқа, оны жамандық, қастандық жасауа арнамаған жөн.... Жанымм... Тоқташы, райыңнан қайтшы, қалқам....

(мұңды музыка ойналады)

Автор: Маржан өкінішке орай, анасының айтқанын естімеді. Өшпенділіктің оты өзегін кернеп барады. Нәзік жүрегінде мейірімділік өшіп, орнына қатыгездіктің қызыл отының тұтанып алау болғаны соншалық Балгердің үйіне қалай жеткенін өзі де аңғармай қалды....


3- көрініс

(Балгердің үйі. Түрі сұсты. Үстелінің үстінде түрлі-түсті құтылар. Май шамдар мен карталар жатыр. )Музыка ойналып тұрады.

Маржан: Жағдай осылай... Көмегіңізге зәру боп келіп отырмын. Тығырыққа тірелдім. Маған....маған кемпірді өлтіретін дәрі жасап беріңізші.

( қатты музыка ойналады)

Балгер: (қатты күледі, мысқылдайды)Иәәәә..... маған сен сияқты адамдар көп келеді. Талай клиенттерге көмегім де тиіп жатыр. Сенің сұрап отырған нәрсе менде бар.... Бірақ, ол қомақты қаржы тұрады.

Маржан: Қанша?

(Балгер қағазға жазып береді. Маржан сөмкесінен конвертті алып, ұсынады. Балгер қалтасына салып алады.)

Балгер: Мына құтыда саған керек дәрі бар. Тек абай бол, бәрін бірдей беруге болмайды, бірден өліп қалса, тустары, бала-шағасы сенен күдіктенуі мүмкін.Сондықтан, күнде тамақ бергенде асына бір тамшыдан қосып беріп отырасың, 3 ай дегенде кемпірдің ажал құшар сәті туады. Болды сосын, мақсатыңа жеттім дей бер. Бірақ мынау қатаң есіңде болсын, ол кісіге бұрынғыдай сөз қайтарма, не десе де «Сіздікі жөн» дей бер, дәрінің өнімі сонда жақсы болады. Ашуланса дәрінің қуаты әлсірей береді.

(Маржан мәз болып, сыртқа жүгіре шығып кетеді)

Автор: Маржан есі кетіп құтыны қаттырақ ұстайды. Оны шайтан азғырып, кемпірді жер жастандыруға асығады. Маржан үйіне келіп, балгердің айтқанын айнытпай істеуге кіріседі. Алғашында біраз қиналады. Кемпірдің ерні қыбырлай бастаса, оның да тілі жыбырлай бастайды.Көкірегін лап етіп, көтерілген қызыл жалын жұтқыншағына келгенде, емшінің айтқаны есіне түсіп қылғынып тұрып қалады.


4-көрініс

(Енесі креслода, тоқуыш тоқып отырады, қасында Гүлден сабақ жазып жатады.)

Енесі: Келін, әй, келін.

Маржан: (Жүгіре басып) : Ия, апа, тыңдап тұрмын. Жіпті алып бер!

Болсаңшы-ай майпазданбай. Жылдам қимылдауды да білмейсің! Ұсташ, мынаның басын, сабақтап алайын, туф, сабақташ мынаны!

(Жекіріп сөйлейді.Маржан ашуланса да білдіртпейді)

-Келін, әй, келін, таңдайым кеуіп тұр, жылытып сүт әкелші тез.

(Маржан шығып кетеді.)

Гүлден:Апа, апааа, неге жеңешеге ұрса бересің, жасап жатыр ғой, айтқаныңның бәрін.

Енесі: Тәйт-ай, үндеме, бар ана жаққа бар. Араласпа үлкендер ісіне. (Гүлден бұлданып шығып кетеді)Байқағышын қарай гөр.

Маржан: (қолында стаканы бар, сахнанаң бұрышында тұрып): Іш мынаны, қақбас, үш ай ғана ғұмырың қалды ғой. (енесіне келіп: ) апа, алыңыз, тағы не қалайсыз? (Майыса сөйлеп) Енесі ештеңе керек етпейді.

Автор: Енесі келінінің қимылы да, сөзі де мамықтай болғанын аңғарады. Өзі де сөз қайтармағанға үйреніп, бұрынғыдай емес бойы кеңіп қалғандай күй кешеді. Кемпір ойланады...Арада біраз уақыт өтеді.

Енесі: Маржан, ай, Маржан!

Маржан: Ау, апа?

Енесі: Желкемнің құрысып отырғаны, уқалап жіберші...(уқалайды) Тууу, аяғым да сырқырап отырғаны-ай! Оны да уқалашы, солға, енді оңға. Қарағым-ау темір ме менің аяғым, жайлап, нәзік уқаласаңшы... Қызым, өткенде кім келіншектің туған күні деп едің-ей шақырып жатқан?

Маржан: Айнұр ғой!

Енесі: Соған барғың келсе, барып келе ғой, баланы өзім алып қаламын, сүтін дайындап кетерсің. Бірақ, 2 сағаттан кешікпе, білесің ғой бала ұзақ уақыт шешесін көрмесе отыра алмайд.

Маржан: Ия, жарайды.Мен тамақты көріп келейін...(шығып кетеді)

Енесі:(Жалғыз өзі қалады:)Мына келін қолымды қайда сілтесем, салмақ түсірмей желе жөнеледі. «Мына сорлыға неге ұрыса берем? Сонша не жазып еді?ееееей, өзімнен де бар. Қатыгездік танытсам керек. Ай, Гүлден,Ай Гүлден?!

Гүлден: Ау, апа? (ойнап келе жатады)

Енесі: Жеңешеңді шақырып келші, ботам.

(Гүлден шығып кетеді, Маржан жүгіре басып енесіне келеді)

Маржан: Апа, тыңдап тұрмын, бірнәрсе ішкіңіз келе ме?

Енесі: ( жанында еденнен құлпы бар сандықшаны ашып, ішінен әшекей бұйымдарын шығара бастайды)Жоқ, жаныма келші, отыршы мында. Қарағым, Маржан, мынау – білезік, мынау – жүзік, мынау – өңіржиек, мұның бәрі сенікі, қарғам. Өз анамнан қалған көз –тұғын. Мен оны көрге алып кетеді дейсің бе, тағып ал, көркейіп жүр , қалқам.... (елжірейді)

(күйеуі газет оқып отырады да, бұларға қара мәз болады)

Ержан: Шүкір, Аллаға, өмірімде орны ерекше екі әйел затының татуласқанынан артық бақыт жоқ шығар...

(Маржан мұңайып кетеді де, көз жасын енесіне көрсетпеуге тырысып, есік алдына шығып отыра кетеді.)

Маржан: Қайран, енем-ай, өлеріңді білгенің бе, бұл не еткенің, қадіріңді ғұмырыңның соңында бірақ білдім-ау.... бір-ақ ай қалғанда, бір-ақ ай....(бетін басып ағыл-тегіл жылайды)Жоооқ, жоқ, бұлай айырылып қала алмаймын, бір шешімі болу керек, апамды құтқарамын. (сахнаның сыртына шығып кетеді)

5-көрініс

Балгердің үйі. Балгер сұсты көзімен қадала қарап отырады.

Балгер: Ия, неге келдің? Тағы да дәрі керек пе? Енеңнен құтылдың ба?

Маржан: Мен оңбай қателесіппін...Енем мен ойлағандай жаман адам емес болып шықты, мен одан айрылғым келмейді... Маған әлгі ішірткіңіздің күшін қайтарып, енемді аман алып қалатын дәрі жасап беріңізші... қанша сұрасаңыз да беремін. Жалынамын сізден.... (жылап еңірейді)

(Балгер Маржанда орнынан тұрғызып, орындыққа отырғызады. )

Балгер: Маржан, мен мына тартысы мол өмірде талай көйлек тоздырған адаммын. Біз бәріміз пендеміз, қателесеміз. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дегенді естуің бар шығар. Сен келгенде ашудың буымен келгеніңді байқағанмын... Сабырға кел, мен берген дәрі кәдімгі су болатын, адамға ешқандай зияны жоқ, менің мақсатым орындалды. Енең Алла берген жасын жасайды, әзір өлмейді, бара ғой....

Маржан: Не дейсіз, шын ба? Уррра, ура,урррра, Рахмет сізге. Көөөөөп, сау болыңыз, мен сондай бақыттымын.Мен үйге кеттім, апама кеттім.... (шығып кетеді жүгіре басып)

Автор:

Екінші ана келінге нәсіп еткесін,

Анасындай құрметтесін енесін!

Татулық болса арада егер енемен,

Жақсылыққа мұны қазақ теңеген.


Ана деп сыйла жарыңның сен де анасын,

Бақыттың кілтін сонда ғана табасың.

Алаңдаған уайымдап баласын

Ардақтайық жарымыздың анасын! Соңы.













































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ардақтайық ананы" драмалық қойылым

Автор: Жарылғасынова Айымгул Тілеужанқызы

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405789


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства