Ж?ТБ мен А?Т?-ны бір ??ым деп ойлама?ыздар. Е? ?уелі ауруды лабораториялы? жолмен ?анын тексергеннен кейін ?оздыр?ышы табылса,онда А?Т? (ВИЧ)деп айтылады. Содан кейін бірнеше ай ?ткеннен кейін Ж?ТБ (СПИД)диагнозы ?ойылады.
Ж?ТБ –ауруы д?ниеж?зі ?алымдарыны? зерттеулеріне ?ара?анда 1970 жылы Африкада негрлер арасында тара?ан деген болжам бар. 1981 жылы А?Ш –та Ж?ТБ-ауруыны? ал?аш?ы о?и?асы гомосексуалистер арасында тіркелген болатын. Сол жылы 2000-дай адам ауырып, ?алымдар арасында б?л ауру ?айдан келді, ?оздыр?ышы не, емі бар ма, алдын-алу?а болады ма деген с?ра?тар туып, жер-жерде зерттеулер ж?ргізіле бастады. Тек 1983 жылы ?ана б?л ауруды? ?оздыр?ышы вирус екенін аны?тап, А?Ш,Францияны? ?алымдары Галло мен Монтанье А?Т? (ВИЧ) деп атады. Бізді? республикамызда б?л Ж?ТБ дертін 1987 жылы Эстония мемлекетінен Алматы?а келген студент бірге о?итын ?аза?стан азаматтарына ж??тыр?ан.
Б?л дерт ,я?ни ж??тырыл?ан иммунитет тапшылы?ы белгісі туралы е? ал?аш рет адамдар 1982 жылы естілді. 1983-84 жылдары американ ?алымы А?Ш,Францияны? ?алымдары Галло мен Монтанье бір мезгілде б?л ауруды? ?оздыр?ышын аны?тады. А?Т? (ВИЧ) деп атады.
СПИД 1950 жылдары Африка аума?ында белгі беріпті. Содан жылжып 1970 жылдары америка?а да жеткен. «??ла? естігені, к?з к?реді»деген. К?п к?ттірген жо? ?аза?станда ал?аш сыр?ат 1987 жылы аны?талды. Адамны? А?Т?- мен за?ымдан?анды?ын сырт?ы келбетінен біле алмайсыз. А?Т? ж??пасын ?анды зертханалы? зерттеуге тапсыру ар?ылы ?ана аны?тау?а болады. А?зада ?оздыр?ышты? бар екендігі ?оздыр?ышты? табылуынан емес, о?ан ?арсы ендірілген антидене пайда бол?анда аны?талады. Антиденелер –а?за?а ?оздыр?ыш енгенде,о?ан ?арсы пайда болатын арнайы а?уыздар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Ж?ТБ –?АСЫР ДЕРТІ” психологиялы? саба?»
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
“ЖҚТБ –ҒАСЫР ДЕРТІ”
психологиялық сабақ
Мектеп психологы: Дүбірбаева Әсем
2014-2015 оқу жылы
Мақсаты
А) білімділік: оқушыларға ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар беру, шығу ,таралу жолдары, сақтану жолдарын түсіндіру.
Ә)дамыту- оқушыларға қоғамның келеңсіз жағдайына көзқарас ояту, ЖИТС туралы ой- өрісін дамыту.
Б) тәрбиелік- салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиеналық ,дене күтіміне тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастыру формасы:
Блум жүйесі бойынша
Әдісі: баяндау
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазасқтан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі-салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
әлеуметтік тұрмысты жақсарту
бос уақытты тиімді пайдалану
Зиянды әдеттерден аулақ болу
Салауатты өмір салты дегеніміз ?
денсаулықты сақтау, нығайту
сапалы тамақтану
1 желтоқсан -Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
ЖҚТБ- жұқтырылған қорғаныш
тапшылығының белгісі
АҚТҚ- адамның қорғаныш
тапшылығының қоздырғышы
1. Білу
Жоспары:
ЖҚТБ – дегеніміз не?
ЖҚТБ-ның шығу тарихы
ЖҚТБ-ның жұғу жолдары
ЖҚТБ –дан сақтану жолдары
Түсіну.
ЖҚТБ-жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. АҚТҚ- адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы.
ЖҚТБ мен АҚТҚ-ны бір ұғым деп ойламаңыздар. Ең әуелі ауруды лабораториялық жолмен қанын тексергеннен кейін қоздырғышы табылса,онда АҚТҚ (ВИЧ)деп айтылады. Содан кейін бірнеше ай өткеннен кейін ЖҚТБ (СПИД)диагнозы қойылады.
ЖҚТБ-ның шығу тарихы
ЖҚТБ –ауруы дүниежүзі ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда 1970 жылы Африкада негрлер арасында тараған деген болжам бар. 1981 жылы АҚШ –та ЖҚТБ-ауруының алғашқы оқиғасы гомосексуалистер арасында тіркелген болатын. Сол жылы 2000-дай адам ауырып, ғалымдар арасында бұл ауру қайдан келді, қоздырғышы не, емі бар ма, алдын-алуға болады ма деген сұрақтар туып, жер-жерде зерттеулер жүргізіле бастады. Тек 1983 жылы ғана бұл аурудың қоздырғышы вирус екенін анықтап, АҚШ,Францияның ғалымдары Галло мен Монтанье АҚТҚ (ВИЧ) деп атады. Біздің республикамызда бұл ЖҚТБ дертін 1987 жылы Эстония мемлекетінен Алматыға келген студент бірге оқитын Қазақстан азаматтарына жұқтырған.
АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?
Бұл дерт ,яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естілді. 1983-84 жылдары американ ғалымы АҚШ,Францияның ғалымдары Галло мен Монтанье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. АҚТҚ (ВИЧ) деп атады.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті. Содан жылжып 1970 жылдары америкаға да жеткен. «құлақ естігені, көз көреді»деген. Көп күттірген жоқ Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды.
АҚТҚ (ВИЧ) төмендегі жолдармен жұғады.
АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.
Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен шприцтерді бірге қолданғанда.
Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.
АҚТҚ төмендегі көрсетілген жағдайда жұқпайды .
Қол алысып, құшақтасқанда
Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан.
Төсек жабдықтары мен киімнен
Темір және қағаз ақшадан
Су мен ауадан
Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
Жәндіктердің шағуынан
Моншада, саунада, бассейінде
Миға шабуыл Адамның АҚТҚ –мен зақымданғанын қалай білуге болады?
Адамның АҚТҚ- мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер –ағзаға қоздырғыш енгенде,оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар .
Ауру қалай асқынады?
АҚТҚ жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы.Бұл ЖҚТБ-ның басталғандығын білдіреді. Алайда,арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі. ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
СПИД-тің алдын алу
а) қолданган ине мен шприцтерді жерден көтеріп, ойынға пайдалануға болмайды.
ә) ине шаншып, тіс жұлғанда міндетті түрде бір рет пайдалануға арналған шприцтер қорабын көз алдарыңызда ашқанын талап етулеріңіз керек.
б) есірткі қабылдамаңыз.
СПИД- ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай антиденелер ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас, ана сүті арқылы жұғады. Оның мынадай жолдары бар .
Қолдану
Сыныптарға мына төмендегі тапсырмалар беріледі. Сол бойынша орындайды.
№
Сұрақтар
Жауаптары
1
2
ЖҚТБ және АҚТҚ бір ұғымды білдіред ме?
иә
3
ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көрінеді ме?
жоқ
АҚТҚ –мен жұқпаланған және ЖҚТБ-мен ауыратын адам сізге қарап түшкірсе немесе жөтелсе АҚТҚ-мен зақымданасыз ба?
4
5
Маса шаққанда жұғады ма?
6
АҚТҚ (ВИЧ) тек қана ер адамды зақымдайды ма?
7
Есірткі қолданатын адам зақымданбауы мүмкін, себебі ол қан арқылы таралмайды ма?
АҚТҚ вирусы қанда, спермада, сілекейде, лимфа сұйықтарында және жыныс қынабы сұйығында болады ма?
8
АҚТҚ –мен зақымданған адамды қоғамнан бөлек ұстау қажет пе?
9
ЖҚТБ-ның емі бар
10
Донорлық қан тапсыру арқылы зақымданады ма?
№
Сұрақтар
1
Жауаптары
ЖҚТБ және АҚТҚ бір ұғымды білдіред ме?
2
иә
3
ЖҚТБ-мен зақымданған адамдар өзін дені сау сезініп, сырт көзге солай көрінеді ме?
жоқ
АҚТҚ –мен жұқпаланған және ЖҚТБ-мен ауыратын адам сізге қарап түшкірсе немесе жөтелсе АҚТҚ-мен зақымданасыз ба?
4
5
Маса шаққанда жұғады ма?
6
АҚТҚ (ВИЧ) тек қана ер адамды зақымдайды ма?
Есірткі қолданатын адам зақымданбауы мүмкін, себебі ол қан арқылы таралмайды ма?
7
АҚТҚ вирусы қанда, спермада, сілекейде, лимфа сұйықтарында және жыныс қынабы сұйығында болады ма?
8
АҚТҚ –мен зақымданған адамды қоғамнан бөлек ұстау қажет пе?
9
ЖҚТБ-ның емі бар
10
Донорлық қан тапсыру арқылы зақымданады ма?
№
Сұрақтар
Жауаптары
1
2
дұрыс
АҚТҚ жұқтырған көп адам дені сау сияқты көрінеді және өзін денім сау деп сезінеді
АҚТҚ жұқтырған ер адам ауруын шәует сперма арқылы жұқтырады
3
білмеймін
4
АҚТҚ жұқтырған адамдар басқаларға қоздырғышын қан арқылы жұқтырады
Дұрыс емес
Ана өзінің нәрестесіне АҚТҚ -ны жұқтыруы мүмкін.
5
Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қолдану арқылы АҚТҚ-ның жұғу қаупін азайтуға болады
6
7
Егер сені маса шақса,онда АҚТҚ жұқтыруың мүмкін
8
Донордың қаны арқылы жұғады
АҚТҚ және ЖҚТБ бір ұғымды білдіреді
9
АҚТҚ-мен қоғамдық дәретхананы пайдалануда да зақымдануға болады ма?
АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не білесіз?
№
Сұрақтар
1
Жауаптары
2
дұрыс
ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті
Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ -ны жұқтырып алуға болады
қате
3
ЖҚТБ-ны жұқтырмау туралы тек гомосексуалистердың ойлануы керек.
4
Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті
5
6
Егер тек бір ғана жыныстық қатынаста болған жағдайда да ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады
ЖҚТБ-ны вирус қоздырады
7
8
Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау -дұрыс идея
ЖҚТБ қызыл қан түйіршіктерін зақымдайды.
№
Сұрақтар
1
Жауаптары
Презервативті дұрыс пайдалану көп жағдайда ЖҚТБ вирусын жұқтырмауға көмектеседі.
дұрыс
2
қате
ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.
3
4
ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі- жұқтырмау мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін.
5
ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.
Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады
6
Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе,қанды қолмен тоқтату керек.
7
8
ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде ,қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғнада), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде
АҚБ жұқтырудан ауыз арқылы жыныстық қатынас кезінде сақтану үшін презерватив пайдалану қажет
ЖҚТБ-ға арналған сұрақтар
1.Сіздің жасыңыз
А) 18-20 ә) 21-30 б) 31-40 в) 41 жастан жоғары
2. ЖҚТБ дегенді кеңінен таратып айтып беріңіз?
А) жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі
Ә)жұқтырылмаған қорғаныш тапшылығының белгісі
Б)Адамның қорғаныш тапшылығының белгісі
В)жануардың қорғаныш тапшылығының белгісі
3.ЖҚТБ-ның жұғу жолдары
А)жыныстық жолдар арқылы, қан, ана сүті арқылы
Ә)жыныстық жолдар арқылы ,қан , жұлын сұйықтығы арқылы
Б)жыныстық жолдар, құсық, ана сүті арқылы
В)жыныстық жолдар арқылы, кіші дәреті арқылы, ана сүті арқылы
4.Көп кездеседі кімдерде:
А)жануарда, тұмаумен ауырғанда, жүрек ауруымен ауырғандарда
Б)гомосексуальдарда, жұқпалы венерелогиялық ауырғандарда, наркомандарда, жезөкшелерде, тексерілмеген қан құйылғанда.
В) гомосексуальдарда, жұқпалы венерелогиялық ауырғандарда, наркомандарда,жезөкшелерде, ревматизмен ауырғандарда, гастритпен ауырғандарда.
5.100% дық емес бірақ сақтану
А) бір ғана адаммен жыныстық қатынаста болу, наркотик пайдаланбау, презерватив пайдалану, травма және авариядан сақтану
Ә) бірнеше адаммен жыныстық қатынаста болу, наркотик пайдаланбау, презерватив пайдалану, травма және авариядан сақтану
Б) бір ғана адаммен жыныстық қатынаста болу, наркотик пайдаланбау, презерватив пайдалану, травма және авариядан сақтану
В) бір ғана адаммен жыныстық қатынаста болу , наркотик пайдаланбау, презерватив пайдалану.
Талдау
Әр сыныпқа ситуациялық сұрақтар беріледі.Сол бойынша талдау жұмысын орындайды.
Ситуациялық жағдайды талдау
Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет.
Сіз не істейсіз?
Көмек көрсететін адамға ұсыныс:
Жараны таза,қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қан сіздің көзіңізге,аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкеріне байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңды сабынмен мұқият жуыңыз.
Топқа жаңадан оқушы келді. Біраз уақыт өте оның ЖИТС –пен ауыратынын естідіңіз. Ол баламен қарым-қатынасыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Келісемін
Келісуге болады
білмеймін
Келісуге болмайды
Келіспеймін
Сұрақтар
1.АҚТҚ-мен зақымданған адамдарды аластату қажет
2.АҚТҚ жұқтырған оқушы үйінде оқытылу керек.
3.Егер менің досым АҚТҚ жұқтырса, мен онымен достығымды тоқтатпаймын.
Бағалау
1.Неге біз ЖИТС дертінен соншалықты үрке қараймыз?
2.ЖИТС неліктен ХХІ ғасыр дерті болған, неліктен қауіпті бола тұра жастар оған құштар?
3.Өз өмірне өздері неге балта шабады?
Жинақтау
Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
СПИД жұқпалы ма?
СПИД-тен сақтану үшін не істеу керек?
СПИД қандай жолдармен таралады?
Салауатты өмір салты дегеніміз не?
Біреуге қан құса
Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
Жұқтырған ананың баласына
вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
жыныстық қатынас
Жүйке жүйесіне әсер етеді
СПИД- тің зардабы
Адам өмірі қысқарады
Иммунитеті әлсірейді
Қан бұзылады
Қорытынды
ЖҚТБ –ХХІ ғасыр обасы деп неге айтып отырмыз,өйткені осы күнге дейін ЖҚТБ-ның емі жоқ. ЖҚТБ-мен ауру өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүниежүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын емі жоқ. Тек қана бірақ жол –ол сақтану, алдын алу.Қорыта айтқанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ,жыныстық қатынастан бас тарту, бізді осынау залалды зардаптардан сақтап қала алады. ЖҚТБ-дан қорғанудың бір -ақ жолы бар. Ол-білім. «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп,зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау - білімділіктің ,көргендіктің белгісі .
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Ата-ана ,ел үмітін ақтайық.
«Өмірдегі-басты байлық» дейтұғын
Денсаулықты сақтайық!
Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді,жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер! Ауырып ем іздегенше , ауырмаудың жолын іздейік.