kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Желто?сан жа??ыры?ы презентация

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атал?ан ашы? тарбие саба?ыны? прзентациясы "Желто?сан о?и?асына" арналады. Саба?тан тыс ж?мыс Желто?сан к?терілісі туралы ??нды ма??лматтармен, кейіпкерлеріні? суреттерімен толы?тырыл?ан. О?ушыларды? танымын, ?ызы?ушылы?ын арттыру?а ?осар ?лесі бар. Саба? ?аза? тілді білім беретін мектептерге арнал?ан. Саба?тан тыс ж?мыстарды? бір ?лгісі ретінде пайдалану?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Желто?сан жа??ыры?ы презентация»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Желтоқсан желі ызғарлы...

Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра

отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тіліміз

бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: «Желтоқсан желі ызғарлы...» тақырыбында шығарылған плакат,

желтоқсан оқиғасының құрбандарына,

желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер,

магнитофон, интерактивті тақта;

Барысы:

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны, - дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады. Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады.


Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.


1-жүргізуші:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.

Бүгінгі «Ұлы таулар аласармайды,

Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген айдармен өтілетін «Желтоқсан желі ызғарлы...» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


2-жүргізуші:

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,

Тұншықса да түрмеде, тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барған боздақтарым.


Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады.

Сахна сыртынан Қайраттың рухы:

Елбең, елбең жүгірген

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып

Ақсауыт киген темірден

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың

дауысы естілді.

Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл

үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?

Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!

Қалай болып еді өзі?!

1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның

16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта

26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы

Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин

ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.

(Ана ортадан ақырындап кетеді)


Көрініс:

Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:

-Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы

шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз

ойламағанда, кім ойлайды? Жан-жаққа: жатақханаларға, институттарға,

қыздарға хабар барды ма екен?


1-жігіт: Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ,

Бақ жана ма, қала ма соры қайнап,

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген

Біз де шықтық алаңға «Елім-ай – лап»

2-жігіт: Ербол Сыпатаев: Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа

өзінің көсемі керек.

1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: Бұл дегенің Қазақстан Коммунистік

Партиясында беделдің қалмағаны,

құрып барады емес пе?

3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде,

Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап,

Санаспайды-әй, бұлар, тегі, ешкіммен,

Жариялылық дегенің - елес, білем.

2-қыз: Ләззат: Сүрмейтұғын болдық-қой күймей ғұмыр,

Көлеңкеде күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен? Қайдан келген?

Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?


3-қыз Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге.

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.


Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады:

- Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.


(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)


Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысымыз»,

Совицкийді көрген жоқ бір кісіміз,

Кейін соның қазасы таңылғанда,

Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.

Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын,

Мұң шағады қапаста кімге құсың?

Ақ-қараңды тексерер түрме деген

Концлагерь болды ғой біздер үшін


2- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын

шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің

арамыздан кете барды.


Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.


1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған

энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев

әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің

жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.


2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс табанында аяусыз, армансыз тапталған

ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап

тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен, қызғалдақтай Ләззат, сенің де

ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін

дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.

Еліңнің сен намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды,

Мазақ етіп қорлай алмас

Ешкім сенің арыңды.

3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.

26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің

ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып,

балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай

алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира

Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның,

Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.



4-оқушы: Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар!

- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.



Интерактивті тақтадан «Желтоқсан құрбандары» бейнеклипі көрсетіледі.
































32 Ә.Жангелдин атындағы

жалпы орта мектебі



Ашық тәрбие сағаты








































Сынып жетекшісі:Мейірбекова Г.





Арыс қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Желто?сан жа??ыры?ы презентация

Автор: Мейрбекова Г?лбараш

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства