"Т?уелсіздікті? ?асиетті белгілері" атты сынып са?аты
"Т?уелсіздікті? ?асиетті белгілері" атты сынып са?аты
nМемлекеттік нышандарын зерделеу: Туды?, Елта?баны?, ?н?ранны? м?ні мен ма?ынасын т?сіндіру Т?уелсіз ?аза?станны? болаша? азаматтарын, Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Туды?, Елта?баны?, ?н?ранны? м?ні мен ма?ынасын т?сіндіру Т?уелсіз ?аза?станны? болаша? азаматтарын т?рбиелеуді? негізін ?алаушы ба?ыттарды? бірі. ?рбір о?ушы р?міздерді? мемлекетті? ?алыптасу процесіндегі ролі мен м?нін тере? т?сініп, елімізді? мемлекеттік Туын, Елта?басын ж?не ?н?ранын ?астерлеу рухында т?рбиеленіп, Республиканы? мемлекеттік р?міздерін ??рметтемегені ?шін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы тере? білімі болу?а міндетті.
nТ?рбиелеуді? негізін ?алаушы ба?ыттарды? бірі. ?рбір о?ушы р?міздерді? мемлекетті? ?алыптасу процесіндегі ролі мен м?нін тере? т?сініп, елімізді? мемлекеттік Туын, Елта?басын ж?не ?н?ранын ?астерлеу рухында т?рбиеленіп, Республиканы? мемлекеттік р?міздерін ??рметтемегені ?шін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы тере? білімі болу?а міндетті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіздікті? ?асиетті белгілері" атты сынып са?аты»
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері
Кіріспе сөз
Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын, Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті.
Тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Конституцияның мазмұнымен таныстыру, заңда белгіленген тәртіп түрлерін оқушы санасына жеткізу. Балалардың құқықтары мен бостандықтары жөнінде мағлұматтар қалыптастыру. Оқудың, білімнің маңызы мен мәнін ұғындыра отырып, білімділікке шақыру.
Дамытушылық: Тілдік қорын дамыта отырып, айтылуы қиын сөздерді сөздік қорына пайдалана білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ата заңды құрметтеуге, құқық бұзбауға және патриотизмге тәрбиелеу.
1995 жылы 30 тамызда ҚР ата заңымыз –Конституцияқабылданды. Ата заң қоғамның ең маңызды басты мәселелерін: азаматтардың негізгі құықтары мен бостандықтарын, қоғамның экономикалық негізін мемлекеттің құрылуымен қарастырады.
Конституция – бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек конституция негізінде қабылданады.
ҚР Конституциясы IX бөлімнен, 98 баптан тұрады.
I- бөлім – Жалпы ережелер
II-бөлім – Адам және адамзат
III-бөлім - Президент
IV-бөлім - Парламент
V-бөлім - Үкімет
VI-бөлім – Конституциялық кеңес
VII-бөлім – Сот жіне Соттар төрелігі
VIII-бөлім – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX-бөлім – Қорытынды жіне өтпелі ережелер.
Қазақстан Республикасының рәміздері
1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны 2006 жылы
7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран қабылданды.
Елтаңба.
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақОтанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай дәстүрі, салт-санасы мен жасампаз рухы толық танылады. Онда нелер бейнеленгеніне назар аударайық. Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың биік болуы ойластырылған. Қазақта: « шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек-сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан осы сөздерді басшылыққа алған.
Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері
Елтаңбаның екі жағында да қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Тіпті оның шаруашылықты дамытуда, бостандық жолындағы күресте де маңызы болғанын тарихтан білеміз. Пырақ- мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеу дегенді аңғартады. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдызды қастерлейді. Оның атымен байланысты мақал-мәтелдер көп.
.
Мемлекеттік Ту.
Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына назар аударайық. Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы- алматылық Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін-қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырылғаны байқалады. Ол: Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран-тыныштықтың, баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады
Қазақстан Республикасы МемлекеттікӘнұранының мәтініСөзін жазған – Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВНұрсұлтан НазарбаевӘнін жазған – Шәмші ҚАЛДАЯҚОВАлтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаныЕліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой.Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай.Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай!Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!
Қазақстан Республикасының Конституциясынан:
9-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
34-бап
2. Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті.
Бала құқықтары туралы конвенция - әлемде балалар құқықтарының өлшеуіші қызметін атқаратын халықаралық-құқықтық акт және әмбебап стандарт
5-11 баптар
Баланың өмір сүруге, есімі мен азаматтығына құқығын
Өз жеке тұлғалығын сақтауға құқығын
Ата-ананың жауапкершілігі мен міндеттерін
анықтайды
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін қорлау-
екі жүз айлық есептік көрсеткіштен мың айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сонымен біздің ата заңымыз адам денсаулығына, өміріне, қамқорлық жасап қорғауға міндетті. Біз өмір сүріп жатқан ортамызға ешқандай зиян келтірмеуіміз және заңды бұзуға ешқандай құқығымыз жоқ екнін дәлел етеді.