?ылымны?объекті – б?л зерттеуді? ?зінен тыс, ?рт?рлі ?ылымдармен зерттеуге болатын а?и?ат. Объект ретінде материалды? ж?не материалды? емес ??былыстар, денелер, процестер; тірі, биологиялы? ж?не абстрактілі ж?йелер; к?рделілігі ?рт?рлі д?режедегі биологиялы? а?залар бола алады. ?ылыми зерттеу объекті ретінде ?сімдік ж?не жануарлар ?лемі, адам, ?о?ам, ?ркениет, ?арыш ж?не т.б. ?арастырылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тіл дамуыны? кемшіліктерін т?зеу»
Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу
Ғылымның кез-келген саласы сияқты педагогикалық психологияны қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу қажет.
Ғылымныңобъекті – бұл зерттеудің өзінен тыс, әртүрлі ғылымдармен зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдық және материалдық емес құбылыстар, денелер, процестер; тірі, биологиялық және абстрактілі жүйелер; күрделілігі әртүрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми зерттеу объекті ретінде өсімдік және жануарлар әлемі, адам, қоғам, өркениет, ғарыш және т.б. қарастырылады.
Әрбір объект (ғылыми тану объекті ретінде адам да) көптеген ғылымдармен зерттеліне алынады. Мысалы, адам антропология, физиология, психология, әлеуметтану, педагогика ғылымдарымен зерттелінеді. Алайда, әрбір ғылымның өз зерттеу пәнібар, яғни, оның объектідегі зерттеу нысаны. Мысалы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның зерттеу объектісі ортақ – адам, бірақ бұл ғылымдардың зерттеу пәні әртүрлі. Жас ерекшелік психологиясы үшін адамның психикалық дамуы мен өмірге келген сәттен бастап қартайған шаққа дейін қалыптасуының заңдылықтыры мен механизмдері, педагогикалық психология үшін, ең алдымен, білім беру процесінде адамның әлеуметтік мәдени тәжірибені игеру механизмдері мен заңдылықтары. Алайда, педагогика мен психологияның, жас ерекшелік психологиясы мен педагогикалық психологияның зерттеу объектісінің ортақ болуы олардың тығыз, іштей ажырамас байланысына және олардың пәндерінің әртүрлігінің негізінде жеке бөліп қарастыруға шартты түрде қарауға себеп болып отыр.
Педагогикалық психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, басқару теориясы, жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық психология) білім беру, педагогикалық процесс - күрделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс екеніне назар аудару қажет. Оқыту процесінің күрделі, көп құрамдас бөлікті екенін кезінде ұлы дидакттар – Я.А. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег атап өткен болатын.