Бірінші слайд Кіріспе: Дарындылы?ты зерттеуді кешенді т?рде ж?ргізу дарынды балаларды не??рлым ерте ж?не д?рыс аны?тау?а к?мектеседі.. Жас жеткіншектерді? бойында таби?ат берген ерекше ?абілетті, дарындылы?ты тану, оны? одан ?рі дамуына ба?ыт ба?дар бере алу ерекше ?иын іс.Сол себепті де б?гін мен «Талантты ж?не дарынды балаларды о?ыту» технологиясын басты назар?а алып отырмын. ?р баланы заманына ?арай икемдеп, жан жа?ты дамыту б?гінгі мені? ал?а ?ой?ан басты ма?сатым.
Барлы? м??алімдер балалар?а білім беруде барынша жо?ары жетістіктерге ?ол жеткізу ?шiн ?олайлы орта жасау?а тырысады. Дарынды ж?не талантты балалар?а ?атысты б?л ойлауды, тал?ылауды ж?не м??ият жоспарлауды талап ететiн ед?уір к?рделі м?селе.
Дарындылы? дегеніміз не?
Ол Адам психикасыны? ?мір бойы ж?йелі т?рде дамып, бас?алармен салыстыр?анда адамны? бір немесе бірнеше іс-?рекет т??ірегінде ?деттен тыс, сирек кездесетін жо?ары н?тижелерге жету м?мкіндігі.
Екінші слайд.
?з т?жірибеме енгізген ?згерістер жайлы
?стазды? саба?ын жоспарлау?а отыр?ан с?тінен «мен саба?ымды ?алай ?ткіземін?»- деген с?ра? бірден туындайды.Б?л с?ра? мені де ?р к?нгі саба? жоспарын ??руда мазалайтын. Кэмбридж университетіні? ?аза?стан мектептеріндегі о?ыту ба?дарламасы бойынша теориялы? білімімді іс – т?жірибемен ?штастыру?а барынша тырыстым..
?р саба?ымда жеті модуль элементтерін ?олданып , теориялы? білімді іс ж?зінде т?жірибе ар?ылы ?тіп, о?ытуды? т?рлерін на?тылай т?стім. Осы кезе?де жемісті к?ндер мен ?иыншылы??а толы к?ндер ?тіп жатты. ?р к?нгі ?ткен саба??а есеп бере отырып, ?з ?зімді реттеуге ?йрендім. Жеке т?л?а ретінде ?р ісіме с?ра?пен ?арап, о?ан іштей жауап іздеп, м??алім ретінде сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрендім.
М??алімні? алдында?ы міндеті о?ушыны? ?ызы?ушылы?ын арттыру, оны саба?ты? кейіпкеріне айналдыру, о?ушыны? шы?армашылы??а деген ізденісін ?штау болып табылады.
?з т?жірибемде п?н м??алімі ретінде ?р саба?ты т?рлендіріп отыру?а тырыстым.
Саба? барысында е? ма?ыздысы о?ушыларды? жеке, ешкімге ??самайтын ?зіне ?ана т?н ерекшеліктері бар екенін т?сіндім
О?ушыларда к?рделілікке деген с?йіспеншілік оянды.
Мені та??алдыр?аны о?ушылар мен к?тпеген н?тижелерді к?рсетті.
?шінші слайд. Оны? бір ?ана д?лелі ретінде ?дебиеттік о?у саба?ынан «Наурыз» та?ырыбында ?ткен саба?ыма ?ыс?аша то?тал?ым келіп отыр. Сыныпты т?рт топ?а б?лдім.. 1-Бишілер тобы; 2- ?ртістер тобы; 3-А?ындар тобы; 4- Суретшілер тобы. О?ушыларды? ?з ?алаулары бойынша топтар?а отыр?ызу?а тырыстым. Онда?ы ма?сатым ?р баланы? ?з ?абілеттерін ?аншалы?ты аны? к?рсете алады соны аны?тау болатын. Топтар бір топ ережесін ойластырып та?та?а реттік сандармен жазып шы?ты. О?улы?та?ы ?ле?ді дауыстап о?ып ?ле?дегі таби?ат к?рінісін к?з алдарына елестетуді тапсырдым. О?ушылар онда?ы таби?атты к?збен к?ргендей баяндап беруге тырысты.
Балаларды? ?абілеттіліктерін, біліктілігін, м?мкіндіктерін к?рсету ?шін олар?а жа?дай ту?ызу ?ажет. О?ушылар дайынды? ?шін ?олайлы орынды ?здері та?дады.Бишілер ?уенді о?ан лайы?ты би т?рін ?здері ойластырды. Ал суретшілер ?ле?дегі таби?атты есестету ар?ылы бейнелеуге кірісті.?ртістер тобына бірнеше а?дарды? суреттері берілді. Олар ?здеріне керектісін та?дап алып ойларынан ертегі ??растыру керек болатын. А?ындар тобы барлы?ы ?осылып бір ?ле? шы?арма?шы болып келісті.
Т?ртінші слайд: Н?тижесінде: Бишілер «?ыз?алда?тар» деген атаумен би ??растырды. Би ?йрену кезінде еш икемі жо? деп есептеген А?ниет бас?аларымен ?осылып жа?сы билеп берді. Ал ?ртістер тобы «Жал?ау мысы?» атты ертегі ??растыр?ан екен. Авторды? с?зімен бастал?ан ертегі ?ызы?ты да тартымды шы?ты. Топ м?шелеріні? келісуімен с?здік ?оры аз Ай?аным басты р?лде ойнап ?зін ?ртістік жа?ынан икемділігін к?рсете білді. Ал суретшілер тобы «С?лу к?ктем» та?ырыбында сурет салды. Сурет ар?ылы ?ле?і? мазм?нын аны? бейнелей ал?ан. Мені ?атты та??алдыр?ан «А?ындар»тобы. Олар ортада?ы ?а?азды т?ртке б?ліп т?рт о?ушы т?рт т?рлі ?ле? шы?ар?ан екен. ?р ?ле? шума?тарды? ?айырымдары аса ??сама?анмен оларды? тырысып жаз?андары мені ?атты ?уантты. Осы?ан ??сас бірнеше саба? т?рлері алда?ы саба?тарда да ж?ргізілген. ?р саба?та?ы к?рсеткіш біріне бірі ??самайды, ?зіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен ?р саба?та ал?а ?ой?ан ма?сатым бір еді . Я?ни білім бере отырып балаларды? талантын, дарындылы?тарын ашу. Осындай ж?мыс т?рлері к?п бол?ан жа?дайда о?ушыларды? ойлап табу, жан жа?ты ?арастыру, ?олда бар м?ліметтерді ??растыру, сонымен ?оса білгендерін байланыстыру ?асиеттері жа?сы дамиды.
Та?ырып бойынша ?з ойларын білдіруге м?мкіндік алaды
?здерін еркін сезінді, ?здеріне деген сенімділік артты.
Алда?ы уа?ытта
А?ынды? ?абілеттерін ашу.
С?лулы?ты бейнелей білуді уйрету.
?ртістік ?абілеттерін дамыту.
Білім менбіліктіліктерін арттыра отырып, шы?армашы-
лы?тарын жетілдіру.
Т?жірибе барысында кездескен ?иынды?тар да жо? емес. Басты ?иыншылы? ?йымдастыру кезе?інде кездесіп жатты. О?ушылар топтар?а б?лініп отыр?анда шулап кетеді. Ал саба? барысында уа?ыт жетпей ?алып ж?мыс ая?сыз ?алып жат?ан кездер де кездесіп жатты. Біра? уа?ыт ?те о?ушылар біршама ?дістеніп уа?ытты ?немдеуге тырысатын болды. Ал бастауыш сыныптар ?шін д?птер ж?мысы басты назар?а алынуы тиіс. Себебі оларды? к?ркем жазуы дамымай ?алуы м?мкін. Ал топты? ж?мыстарда оларды? к?ркем жазуларына аз уа?ыт б?лініп жатады. Сонымен ?оса о?ушылар жеке ж?мыс т?рлерінде ?иналатындай. Олар ж?ппен ж?мыс жасау?а бола ма? деп с?рана беретін болды. Осы?ан ??сас ?иынды?тарды шешу ?шін алдыма ?лкен ма?сат ?ойдым.Олар:.
Саба?ты? ??рылымын т?рлендіру;
Іздену;
Уа?ытты тиімді пайдалана білу;
Жазбаша ж?мыс т?рлерін тиімді ?йымдастыру.
?орта келе жа?а заман?а сай сыни т?р?ыдан ойлай білетін, ал?ан білімін ?мірде тиімді ?олданып, ?зіндік д?лелі, сенімі бар, ынталы, ?лтты? м?дениетімізге сай ?з ойын еркін жеткізе алатын, дарынды да талантты т?л?а т?рбиелесек елімізді? болаша?ы жар?ын болатынын сеніммен айту?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««ТАЛАНТТЫ Ж?НЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ О?ЫТУ» »
№3 Красный Яр орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:«ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ»
Бастауыш сынып мұғалімі:
Жұмабаева Жанна Елеусізқызы.
ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ
Бірінші слайдКіріспе: Дарындылықты зерттеуді кешенді түрде жүргізу дарынды балаларды неғұрлым ерте және дұрыс анықтауға көмектеседі.. Жас жеткіншектердің бойында табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере алу ерекше қиын іс.Сол себепті де бүгін мен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» технологиясын басты назарға алып отырмын. Әр баланы заманына қарай икемдеп, жан жақты дамыту бүгінгі менің алға қойған басты мақсатым.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе.
Дарындылық дегеніміз не?
Ол Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Екінші слайд.
Өз тәжірибеме енгізген өзгерістер жайлы
Ұстаздың сабағын жоспарлауға отырған сәтінен «мен сабағымды қалай өткіземін?»- деген сұрақ бірден туындайды.Бұл сұрақ мені де әр күнгі сабақ жоспарын құруда мазалайтын. Кэмбридж университетінің Қазақстан мектептеріндегі оқыту бағдарламасы бойынша теориялық білімімді іс – тәжірибемен ұштастыруға барынша тырыстым..
Әр сабағымда жеті модуль элементтерін қолданып , теориялық білімді іс жүзінде тәжірибе арқылы өтіп, оқытудың түрлерін нақтылай түстім. Осы кезеңде жемісті күндер мен қиыншылыққа толы күндер өтіп жатты. Әр күнгі өткен сабаққа есеп бере отырып, өз өзімді реттеуге үйрендім. Жеке тұлға ретінде әр ісіме сұрақпен қарап, оған іштей жауап іздеп, мұғалім ретінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрендім.
Мұғалімнің алдындағы міндеті оқушының қызығушылығын арттыру, оны сабақтың кейіпкеріне айналдыру, оқушының шығармашылыққа деген ізденісін ұштау болып табылады.
Өз тәжірибемде пән мұғалімі ретінде әр сабақты түрлендіріп отыруға тырыстым.
Сабақ барысында ең маңыздысы оқушылардың жеке, ешкімге ұқсамайтын өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екенін түсіндім
Оқушылар менің әр сабағымнан біріне-бірі ұқсамайтын жаңалықтар күтеді.
Оқушыларда күрделілікке деген сүйіспеншілік оянды.
Мені таңқалдырғаны оқушылар мен күтпеген нәтижелерді көрсетті.
Үшінші слайд. Оның бір ғана дәлелі ретінде Әдебиеттік оқу сабағынан «Наурыз» тақырыбында өткен сабағыма қысқаша тоқталғым келіп отыр. Сыныпты төрт топқа бөлдім.. 1-Бишілер тобы; 2- Әртістер тобы; 3-Ақындар тобы; 4- Суретшілер тобы. Оқушылардың өз қалаулары бойынша топтарға отырғызуға тырыстым. Ондағы мақсатым әр баланың өз қабілеттерін қаншалықты анық көрсете алады соны анықтау болатын. Топтар бір топ ережесін ойластырып тақтаға реттік сандармен жазып шықты. Оқулықтағы өлеңді дауыстап оқып өлеңдегі табиғат көрінісін көз алдарына елестетуді тапсырдым. Оқушылар ондағы табиғатты көзбен көргендей баяндап беруге тырысты.
Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Оқушылар дайындық үшін қолайлы орынды өздері таңдады.Бишілер әуенді оған лайықты би түрін өздері ойластырды. Ал суретшілер өлеңдегі табиғатты есестету арқылы бейнелеуге кірісті.Әртістер тобына бірнеше аңдардың суреттері берілді. Олар өздеріне керектісін таңдап алып ойларынан ертегі құрастыру керек болатын. Ақындар тобы барлығы қосылып бір өлең шығармақшы болып келісті.
Төртінші слайд: Нәтижесінде: Бишілер «Қызғалдақтар» деген атаумен би құрастырды. Би үйрену кезінде еш икемі жоқ деп есептеген Ақниет басқаларымен қосылып жақсы билеп берді. Ал әртістер тобы «Жалқау мысық» атты ертегі құрастырған екен. Автордың сөзімен басталған ертегі қызықты да тартымды шықты. Топ мүшелерінің келісуімен сөздік қоры аз Айғаным басты рөлде ойнап өзін әртістік жағынан икемділігін көрсете білді. Ал суретшілер тобы «Сұлу көктем» тақырыбында сурет салды. Сурет арқылы өлеңің мазмұнын анық бейнелей алған. Мені қатты таңқалдырған «Ақындар»тобы. Олар ортадағы қағазды төртке бөліп төрт оқушы төрт түрлі өлең шығарған екен. Әр өлең шумақтардың қайырымдары аса ұқсамағанмен олардың тырысып жазғандары мені қатты қуантты. Осыған ұқсас бірнеше сабақ түрлері алдағы сабақтарда да жүргізілген. Әр сабақтағы көрсеткіш біріне бірі ұқсамайды, өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен әр сабақта алға қойған мақсатым бір еді . Яғни білім бере отырып балалардың талантын, дарындылықтарын ашу. Осындай жұмыс түрлері көп болған жағдайда оқушылардың ойлап табу, жан жақты қарастыру, қолда бар мәліметтерді құрастыру, сонымен қоса білгендерін байланыстыру қасиеттері жақсы дамиды.
Бесінші слайд: Тәжірибе барысында
Оқушылардың қабілеттері айқындалды.
Араларында жолдастық қарым- қатынас орнады.
Сөздік қорлары молайды.
Өз идеяларын дәлелдеуіне көмектесті.
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінді.
Тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік алaды
Өздерін еркін сезінді, өздеріне деген сенімділік артты.
Алдағы уақытта
Ақындық қабілеттерін ашу.
Сұлулықты бейнелей білуді уйрету.
Әртістік қабілеттерін дамыту.
Білім менбіліктіліктерін арттыра отырып, шығармашы-
лықтарын жетілдіру.
Тәжірибе барысында кездескен қиындықтар да жоқ емес. Басты қиыншылық ұйымдастыру кезеңінде кездесіп жатты. Оқушылар топтарға бөлініп отырғанда шулап кетеді. Ал сабақ барысында уақыт жетпей қалып жұмыс аяқсыз қалып жатқан кездер де кездесіп жатты. Бірақ уақыт өте оқушылар біршама әдістеніп уақытты үнемдеуге тырысатын болды. Ал бастауыш сыныптар үшін дәптер жұмысы басты назарға алынуы тиіс. Себебі олардың көркем жазуы дамымай қалуы мүмкін. Ал топтық жұмыстарда олардың көркем жазуларына аз уақыт бөлініп жатады. Сонымен қоса оқушылар жеке жұмыс түрлерінде қиналатындай. Олар жұппен жұмыс жасауға бола ма? деп сұрана беретін болды. Осыған ұқсас қиындықтарды шешу үшін алдыма үлкен мақсат қойдым.Олар:.
Сабақтың құрылымын түрлендіру;
Іздену;
Уақытты тиімді пайдалана білу;
Жазбаша жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру.
Қорта келе жаңа заманға сай сыни тұрғыдан ойлай білетін, алған білімін өмірде тиімді қолданып, өзіндік дәлелі, сенімі бар, ынталы, ұлттық мәдениетімізге сай өз ойын еркін жеткізе алатын, дарынды да талантты тұлға тәрбиелесек еліміздің болашағы жарқын болатынын сеніммен айтуға болады.