Тақырыбы
Сынып жетекші жұмысындағы диагностика
Сынып жетекшісі Асанова Асемкул
Сынып жетекшісі – ол кім?
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.
Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.
Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек. Көпке мәлім зерттеудің төмендегідей түрлері бар:
Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімет жинақтауына болады. Мен өзім төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен, жанұяларымен сырттай таныстым :
Аты-жөнің:
Туған жылың:
Мекен жайын:
Жанұяң туралы мәлімет:
Аты-жөні
Саған кім болады?
Туған жылы
Жұмыс орны
Бақылау – оқушылардың мінез-құлқын табиғи жағдайда сипаттайтын түрлі құбылыстар мен фактілерді ұйымдасқан түрде қабылдауды көздейді. Егер сынып жетекшісі ұжымды, жеке оқушыны бақылай отырып, фактілерді жай ғана тізе бермей, ашылған құбылыстың түп тамыры мен себептерін ашуға, мұны талдап түсінуге ұмтылса, бала дамуының өзгерістерін қадағаласа, бақылау зерттеудің тиімді тәсіліне айналады.
- Эксперимент оқушылардың тәрбиелік дәрежесін, өмір мен қызметтің әртүрлі жағдайындағы өзара қатынасын, өзін қалай ұстайтынын, белсенділігін және мінезін, тағы басқа қасиеттерін анықтауға көмектеседі.
Мысалы оқушының қоршаған ортада өзін қалай сезінетіндігін, ұстайтындығын анықтауға мүмкіндік беретін төмендегідей зерттеуді қолдандым
Жағдайлар
Мен көбіне сәтсіздікке ұшыраймын
Отбасы
Достары
Мені өте жақсы түсінеді
Сыныбы
Мен жасқанамын
Маған көмектеседі
Көше
Мұғалім
Мен өзіме-өзім сенбеймін
Басқа
өзімді судағы балықтай сезінемін
Сабақ
Мені өте қинайды, жәбірлейді
Қолымнан бәрі келеді
Менің жыныма тиеді
Мені байқамайды
Мені бағалайды
Менің пікіріммен санасады
Мені ренжетеді
Мен өз көңілімді білдіруге жасқанбаймын
Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау .
Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым
- Балаңыздың аты-жөні:.........................................................................................................................
- Жанұяңыздың материалдық жағдайы (өте жақсы, жақсы, орташа, төмен)...................................
- Жанұяда бала тәрбиесімен кім айналысады?....................................................................................
- Балаға бірыңғай талап қойылады ма?.................................................................................................
- Бала үйдегі еңбекке қатысады ма, қандай шаруаға..........................................................................
- Бос уақытын қалай өткізеді ................................................................................................................
- Достары кімдер ....................................................................................................................................
- Олар туралы сіздің көзқарасыңыз .....................................................................................................
- Балаңыздың үйдегі мінезі....................................................................................................................
- Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) .....................................................................................................................
Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер
Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды материал береді.
Оқушыларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану
Сауалдама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді. Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы тақырыптарда пікірталас өткіздім. Пікірталаста оқушылардың пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға салып, пікірталас туғызуға тырыстым.
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану
Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.
Социометрия әдісі
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі:
- Кіммен бір партада отырғың келеді?
- Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?
- Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
Дербес мінездемелер жинақтау.
Бұл оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰРМЫС ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз оқушының немесе жаңа оқушының отбасында танысуға әбден болады. Бұл тәсілді қолдану ата-аналардың бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмек беруі арқылы оқушының өз уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасайды.
Сыныптағы ахуал» - шағын зертеу
Оқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған бір-бір парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын көрініс береді.
Сыныптағы ахуал» - шағын зертеу кестесі
5
Достық қалып
4
Келісім
3
Қанағаттылық
Құштарлық
2
1
Жылылық
Ынтымақтастық
Араздық
Қызығушылық
Табыстылық,
жемістілік
Келіспеушілік
Қанағатсыздық
Селқостық, немқұрайдылық
Салқындық
Алауыздық
Зерігушілік
Табыссыздық, нәтижесіздік
Ұжымның өзін-өзі әлеуметтік-психологиялық аттестациялау
Мақсаты: Бастапқы ұжымдағы ерекше қатынастар жүйесінің даму деңгейінің кешенді бағасы. Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама сұрақтары беріледі.
Берілген тізімге және оны бағалайтын шкалаға сүйене отырып, сіз өзіңіздің ұжымдағы қатынастарыңызды бағалааңыз. Бағаны былайша беруіңізге болады:
«6» - қажетті сапа ұжымның барлық мүшелеріне тән;
«5» - барлығына тән деуге болады;
«4» - көбіне тән
«3» - тең жартысына тән;
«2» - кейбіреулеріне тән;
«1» - бірен-саран адамға тән;
«0» - ешкімге тән емес.
Сапа
6
5
1. Ұжымдық – барлық сұрақтарды бірге, ұжымның мүддесін ескере отырып шешуге тырысу.
4
2. Бірлік, тұтастық – сынып өмірінің маңызды проблемалары бойынша бір пікірлестік.
3
3. Ұйымшылдық – ұжым мүшелерінің өзара ұнамды қатынастары.
2
4. Жанасқыштық – басқа ұжымдармен және жаңа келген оқушымен қатынас
1
5. Ашықтық – тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыра білу, бірлесіп істеген жұмыс нәтижелі болу үшін міндеттерді дұрыс бөліп беру.
0
6. Информациялану (хабардар болу) – барлық сынып оқушылары өз сыныбының жағдайы және бір-бірі туралы жақсы хабардар болуы.
7. Жауапкершілік – оқуға, жұмысқа деген саналы және адал ниетті қатынас
Қорытынды
Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан-жақты зерттеуді, олардың тәрбиелік дәрежелерін анықтауды талап етеді. Тәрбие дәрежесін дұрыс анықтау – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз.