kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?аты "Ал,к?не,?ландар!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:?азіргі заман талабына сай танымды? ба?дарламасын негізге ала отырып, о?ушыларды ?о?амда?ы жа?алы?тан сырт ?алмау?а баулу.

Т?рбиелігі:сайыс?а ?атынасатын ?ландарды ептілікке, шапша?ды??а  ?йрету.Салауатты ?мір салтына т?рбиелеу.

К?рнекілігі:слайд-шоу,шарлар,доптар,эстафета тая?шасы, ракетка, белгілер,  ар?ан, шарик..

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып са?аты "Ал,к?не,?ландар!"»

Атырау қаласындағы № 9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:Байсейтова Қарлығаш

Атырау қаласындағы № 9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:Байсейтова Қарлығаш

Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке.   1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.  1992 жылдың 7 мамырында   тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы  шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.  Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.  Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрі болып Иманғали Тасмағанбетов қызмет атқарады.Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан   «7 мамыр Отан қорғаушылар күні»   деп жарияланды.

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

25 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде.   Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда.  Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні.

Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде Қазақстан Республикасының Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) Н.Ә.Назарбаев кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттайды. Мереке күні құттықтау рәсімдері өткізіледі. 

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Кіріспе сөз. Спорт біздің досымыз, Әдетке оны қосыңыз. Айналыссақ бәріміз, Жөн болар еді осымыз. Болашақ Отан қорғаушыларға сәттілік тілеймін! 1-ж. Құрметті,жиналған қауым, Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той. Ден қойып көріңіздер көңілді қой, Қош келдіңіз,халайық,сергісін бой. 2-ж. Қайырлы күн,халайық! « 7 мамыр-Отан қорғаушылар » мерекесі құтты болсын! 1-ж. Асыл тастан,өнер жастан, Шығады деп дарынды. Халық айтса,халық сөзі, Әрқашан да нанымды. Сол өнердің жолын қуған, 1, 2 ж.бірге: 2 « А » сынып ұландары атынан, Қабылдаңыз шын жүректен, Сәлем сізге жалынды. 1-ж. Уа,халайық,халайық!  Мұнда назар салайық.  Кім шапшаң,кім епті,  Бағалайтын әділқазы сайлап алайық!

Кіріспе сөз.

Спорт біздің досымыз,

Әдетке оны қосыңыз.

Айналыссақ бәріміз,

Жөн болар еді осымыз.

Болашақ Отан қорғаушыларға сәттілік тілеймін!

1-ж. Құрметті,жиналған қауым,

Бүгін біздің сыныпта дүбірлі той.

Ден қойып көріңіздер көңілді қой,

Қош келдіңіз,халайық,сергісін бой.

2-ж. Қайырлы күн,халайық! « 7 мамыр-Отан қорғаушылар » мерекесі құтты болсын!

1-ж. Асыл тастан,өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса,халық сөзі,

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған,

1, 2 ж.бірге:

2 « А » сынып ұландары атынан,

Қабылдаңыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды.

1-ж. Уа,халайық,халайық!

Мұнда назар салайық.

Кім шапшаң,кім епті,

Бағалайтын әділқазы сайлап алайық!

2-ж. Әділқазылар алқасының төрайымы: Мүшелері : 1. 2. 1-ж. Құрметті қонақтар! Сіздерді 2 « А » сыныбында өткелі отырған « Ал,кәне,ұландар » сайысын тамашалауға шақырамыз! 2-ж .Сайысымыздың жоспары: 1-ж. 1бөлім.Таныстыру бөлімі 2-ж. 2 бөлім Би сайысы 1-ж. 3 бөлім.Ептілік сайысы « Уимбул » ойыны 2-ж. 4 бөлім. « Кім шапшаң » (доппен жүгіру) 1-ж. 5 бөлім.Спорт сайысы: « Эстафета » 2-ж. 6 бөлім. Ұлттық ойын: « Арқан тартыс » 1-ж. 7 бөлім.Марапаттау. Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жана ма? Білім мен күші жарысып, Тәрбие-тәлім табар мән. Бұл бәйге күштің бәйгесі, Кім күшті,кім шапшаң сол алда. 2-ж. Береке де осында, Мереке де осында. Болып жатыр той-думан, Ұландардың қосында. 3-ж. Ал,қанеки,қырандар, Босқа қарап тұрмаңдар. Бастап жігіт өнерін, Биіктерге самғаңдар.

2-ж. Әділқазылар алқасының төрайымы:

Мүшелері : 1. 2.

1-ж. Құрметті қонақтар! Сіздерді 2 « А » сыныбында өткелі отырған « Ал,кәне,ұландар » сайысын тамашалауға шақырамыз!

2-ж .Сайысымыздың жоспары:

1-ж. 1бөлім.Таныстыру бөлімі

2-ж. 2 бөлім Би сайысы

1-ж. 3 бөлім.Ептілік сайысы « Уимбул » ойыны

2-ж. 4 бөлім. « Кім шапшаң » (доппен жүгіру)

1-ж. 5 бөлім.Спорт сайысы: « Эстафета »

2-ж. 6 бөлім. Ұлттық ойын: « Арқан тартыс »

1-ж. 7 бөлім.Марапаттау.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жана ма?

Білім мен күші жарысып,

Тәрбие-тәлім табар мән.

Бұл бәйге күштің бәйгесі,

Кім күшті,кім шапшаң сол алда.

2-ж. Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Ұландардың қосында.

3-ж. Ал,қанеки,қырандар,

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін,

Биіктерге самғаңдар.

1-ж. Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін 2 топ « Сұңқар » тобы және « Тұлпар » тобының ұландарын қол соғып,қошеметтеп ортаға шақырайық! 2-ж. Ал,қанеки,көрермен, Өтер бүгін сайысқа. Екі топты үкілеп Салмақшымыз сайысқа. 1-ж. « Сұңқар » тобын қарсы алыңыздар! 2-ж. Топ басшысы-Әлібекұлы Алихан 1-ж. Мүшелері:Нұрлыбекұлы Нұрберді  2-ж . Мыңжасарұлы Нұрдаулет  1-ж. Нұрлыбекұлы Асылжан  2-ж . Саматұлы Саян 1-ж. Аршатұлы Әділ 2-ж . « Тұлпар » тобын қарсы алыңыздар! 1-ж. Топ басшысы- Нұржанұлы Нұрасыл 2-ж. Мүшелері:Мұхтарұлы Мейрамбек,  1-ж . Рүстемұлы Иасин, 2-ж. Берікұлы Бекзат 1-ж . Асхатұлы Мади,   2-ж. Сейлұлы Мади 1-ж. Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,  Бір басына өнері жетер деймін.  Бәске түскен екі топ кезектесіп,  Таныстырып өздерін өтер деймін.

1-ж. Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін 2 топ « Сұңқар » тобы және « Тұлпар » тобының ұландарын қол соғып,қошеметтеп ортаға шақырайық!

2-ж.

Ал,қанеки,көрермен,

Өтер бүгін сайысқа.

Екі топты үкілеп

Салмақшымыз сайысқа.

1-ж. « Сұңқар » тобын қарсы алыңыздар!

2-ж. Топ басшысы-Әлібекұлы Алихан

1-ж. Мүшелері:Нұрлыбекұлы Нұрберді

2-ж . Мыңжасарұлы Нұрдаулет

1-ж. Нұрлыбекұлы Асылжан

2-ж . Саматұлы Саян

1-ж. Аршатұлы Әділ

2-ж . « Тұлпар » тобын қарсы алыңыздар!

1-ж. Топ басшысы- Нұржанұлы Нұрасыл

2-ж. Мүшелері:Мұхтарұлы Мейрамбек,

1-ж . Рүстемұлы Иасин,

2-ж. Берікұлы Бекзат

1-ж . Асхатұлы Мади,

2-ж. Сейлұлы Мади

1-ж. Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен екі топ кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

1-ж. « Тұлпар » тобының топ басшысы: Нұржанұлы Нұрасыл 1.Ал,ендеше тұрмайық, Ойнайық та,ойлайық. Жырлайық та,билейік, Бәріңізге құрметпен,иіліп сәлем берейік!  2.Жігітке де жеті өнер аз дейді, Кел,ендеше достарым, Жетпіс жеті өнерді, Үйренуге уәде берейік.  3.Мұнайлы елдің ертеңі,қолымызда біздердің, Қорықпай-ақ беріңіз,беріңіз де сеніңіз. Ел іші тыныш,бейбітшілік болып, Ісіміз оң,жолымыз ақ болсын деп тілейік!  2 -.ж Ал,осылай,ұландар,  Таныстырдың тобыңды.  Сайыста озып шығыңдар,  Жалғастырып іздерді.  1-ж. 2 б. « Мақал-сөздің мәйегі » Мақал-сөз анасы.Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөздердің мәйегі.  2-ж. Ендеше, ұландарымыздың мақалдарды қаншалықты білетіндіктеріне назар салайық

1-ж. « Тұлпар » тобының топ басшысы: Нұржанұлы Нұрасыл

1.Ал,ендеше тұрмайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Жырлайық та,билейік,

Бәріңізге құрметпен,иіліп сәлем берейік!

2.Жігітке де жеті өнер аз дейді,

Кел,ендеше достарым,

Жетпіс жеті өнерді,

Үйренуге уәде берейік.

3.Мұнайлы елдің ертеңі,қолымызда біздердің,

Қорықпай-ақ беріңіз,беріңіз де сеніңіз.

Ел іші тыныш,бейбітшілік болып,

Ісіміз оң,жолымыз ақ болсын деп тілейік!

2 -.ж Ал,осылай,ұландар,

Таныстырдың тобыңды.

Сайыста озып шығыңдар,

Жалғастырып іздерді.

1-ж. 2 б. « Мақал-сөздің мәйегі » Мақал-сөз анасы.Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөздердің мәйегі.

2-ж. Ендеше, ұландарымыздың мақалдарды қаншалықты білетіндіктеріне назар салайық

2-ж. Музыкалық үзіліс: « Әке толғауы »    1-ж. Соңғы 7 бөлім. « Кім күшті » деп аталады.Ұландарымыз « Арқан тарту » ұлттық ойынын ойнайды (Ұлытау « Сарыарқа ”)    2-ж. Құрметті көрермендер,сайысымыз мәресіне де жетіп қалды.Әділқазылар дайын болғанша сөз кезегін қыздарға береміз.  1-ж. Қадірлі 2 «А» сыныбының болашақ Отан қорғаушылары! Сіздерді  « 7 мамыр- Отан қорғаушылар күнімен» құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір,ата-ананың сүйікті ұлдары, тәуелсіз елімізді қорғауға дайын ұландары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!  Қыздар хормен: Достықты біз ойлаймыз, Бірге күліп ойнаймыз. Ұлдарды да құттықтап, Мерекесін тойлаймыз.

2-ж. Музыкалық үзіліс: « Әке толғауы »

1-ж. Соңғы 7 бөлім. « Кім күшті » деп аталады.Ұландарымыз « Арқан тарту » ұлттық ойынын ойнайды (Ұлытау « Сарыарқа ”)

2-ж. Құрметті көрермендер,сайысымыз мәресіне де жетіп қалды.Әділқазылар дайын болғанша сөз кезегін қыздарға береміз.

1-ж. Қадірлі 2 «А» сыныбының болашақ Отан қорғаушылары! Сіздерді « 7 мамыр- Отан қорғаушылар күнімен» құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір,ата-ананың сүйікті ұлдары, тәуелсіз елімізді қорғауға дайын ұландары болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

Қыздар хормен:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Ұлдарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

2-ж. Хор: « Көк тудың желбірегені »  1-ж. Қорытынды,марапаттау.  Өнерге биік сендіңіз, Думанға қызық келдіңіз. Әділқазы ел сенген, Ойынға баға беріңіз! 2-ж. Құрметті әділқазы мүшелері! Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын берулеріңізді сұраймыз. (әділқазы мүшелері қорытындылап,мақтау қағаздарын тапсырады.) 1-ж. Сөз кезегі сынып жетекшіміз: Қарлығаш Жолдасқызына беріледі  Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздерді 7мамыр-Отан қорғаушылар » күнімен » құттықтаймын!  Жас ұлан алынбаған асуларсың, Бүгінгі мерекеде тасудасың. Халқымыздың әрдайым үлгісі боп , Күш-қайраттың әрқашан тасқындасын. Өнермен өрге жүзіп шарықтадың, Мақсатыңды талаппен анықтадың. Сан қырлы таза гауһар секілденіп, Қуантады өзіңді танытқаның Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

2-ж. Хор: « Көк тудың желбірегені »

1-ж. Қорытынды,марапаттау.

Өнерге биік сендіңіз,

Думанға қызық келдіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Ойынға баға беріңіз!

2-ж. Құрметті әділқазы мүшелері! Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын берулеріңізді сұраймыз. (әділқазы мүшелері қорытындылап,мақтау қағаздарын тапсырады.)

1-ж. Сөз кезегі сынып жетекшіміз: Қарлығаш Жолдасқызына беріледі

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздерді 7мамыр-Отан қорғаушылар » күнімен » құттықтаймын!

Жас ұлан алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрдайым үлгісі боп ,

Күш-қайраттың әрқашан тасқындасын.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның

Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сынып са?аты "Ал,к?не,?ландар!"

Автор: Байсейтова ?арлы?аш Жолдас?ызы

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 328890


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства