С?лемдесу – кездескен таныс ж?не бейтаныс адамдарды? д?ст?рлі с?з, ишара не дене ?имылы ар?ылы бір-біріне жа?ынды? ниет, ілтипат білді-ріп, жылы шырай танытуы.
Тегінде, ?деп, адамшылы? ?асиет – амандасудан бастау алады. Адам баласыны? рухани тарихында ?олы жеткен зор игілігі – с?лемдесу. Оны? шарапаты мен кереметі ж?мыр басты пенделерді? бір-біріне жылы мейір мен ке? пейіл к?рсетуінде. Адам баласы ?ашанда тыныш, бейбіт заманды, бір-бірімен сыйласып ?мір с?руді арманда?ан. Соны? негізін с?лемдесу ?дебі ?ала?ан десек, арты? айт?анды? болмас.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сәлемдесу – кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білді-ріп, жылы шырай танытуы.
Тегінде, әдеп, адамшылық қасиет – амандасудан бастау алады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі жұмыр басты пенделердің бір-біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт заманды, бір-бірімен сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізін сәлемдесу әдебі қалаған десек, артық айтқандық болмас.
Сәлем – бұл араб тіліндегі «Ас-Сәләм» сөзі, мағынасы «тыныштық, бейбітшілік, амандық-есендік» дегенді білдіреді. Барлық мұсылман қауы-мы осы сөзбен амандасады. Өйткені, мұсылмандар бір ағаштың бұтақтары тәрізді. Олар Ислам атты ортақ тектен, тамырдан өсіп-өніп, ұқсас тәрбие көріп, бірдей азықпен қоректенген. Осы себептен мұсылмандар кездескенде хал-ахуал сұрасудан бұрын сәлемдесуі әдептілік міндет болып табылады.
Ислам дінін қабылдағаннан бері дана халқымыз да алдымен осы сөзден бастап амандасатын болған. «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлем – сөздің басы» деген аталы сөздер де соның дәлелі.
Сонымен, қалай амандасу керек?
Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.
«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.
Кімнің бірінші болып амандасуы керек?
Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі.
Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.
Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.
Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады.
Кіммен, қай жерде амандасу керек?
Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал.
Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет.
Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.
3. Қорытындылау.
Хаттарға жауап
1. Сәлемі түзу екен дегенді қалай түсінесің?
2. Сыныптағы сәлемдеспейтін оқушыға не айтар едің?
Осы хаттан қандай қорытынды шығару керек?
Сәлемдесе білу де – өнер. Сөздің басы сәлемнен басталады.
Сәлем беру-өткінші міндет емес, өмірлік міндет.
Сәлемдесуден жалықпайық.
Сәлем беру – кішіліктің белгісі.
Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені.
Мұғалім:
Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.