kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Презентация для воспитательного часа на тему: "Өшпес ерлік иелері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Презентация посвящена героям-землякам Великой Отечественной войны.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Презентация для воспитательного часа на тему: "Өшпес ерлік иелері"»

Мақсаты: ата – бабаларымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысын сөз ету арқылы Отан тарихын білуге, батыр жерлестеріміздің ерліктерін дәріптеу; Отты жылдарға тағзым ете отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу; ұлтаралық достық пен татулыққа, бейбітшілікті қорғауға ынталандыру.

Мақсаты:

ата – бабаларымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысын сөз ету арқылы Отан тарихын білуге, батыр жерлестеріміздің ерліктерін дәріптеу; Отты жылдарға тағзым ете отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу; ұлтаралық достық пен татулыққа, бейбітшілікті қорғауға ынталандыру.

Мазмұны:  І бөлім Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран  ІІ  бөлім Өшпес ерлік иелері

Мазмұны:

І бөлім Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

ІІ бөлім Өшпес ерлік иелері

І бөлім Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран  Бар әлемге қасірет әкелген екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау өңірі де шет қалған жоқ. Ер басына күн туған сәтте ауданымыздан 3378 азамат Отан қорғауға аттанған болатын.  Ұлы Жеңіс үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер бейнесін ел жадынан өшірмеу – бәріміздің ортақ парызымыз. Жас ұрпақ ата – бабаларымыздың даңқты жолын жақсы біліп, келешекке жеткізуі керек. Бұл түптеп келгенде, қоғамымыздағы тыныштық пен келісімнің, ел өркендеуінің басты кепілі болмақ. Бүгінгі бақытты өміріміз бен нұрлы болашағымыздың негізін салушылар қатарында жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Андрей Яковлевич ТИХОНЕНКО да бар еді.

І бөлім Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Бар әлемге қасірет әкелген екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау өңірі де шет қалған жоқ. Ер басына күн туған сәтте ауданымыздан 3378 азамат Отан қорғауға аттанған болатын.

Ұлы Жеңіс үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер бейнесін ел жадынан өшірмеу – бәріміздің ортақ парызымыз. Жас ұрпақ ата – бабаларымыздың даңқты жолын жақсы біліп, келешекке жеткізуі керек. Бұл түптеп келгенде, қоғамымыздағы тыныштық пен келісімнің, ел өркендеуінің басты кепілі болмақ. Бүгінгі бақытты өміріміз бен нұрлы болашағымыздың негізін салушылар қатарында жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Андрей Яковлевич ТИХОНЕНКО да бар еді.

І Ой қозғау

І Ой қозғау

  • 1.Соғыс деген сөзді естігенде көз алдыңызға не келеді?
  • (оқушылардың пікірлерін тыңдау)
Шыңғырлаулықтар Ұлы Отан соғысы  жылдарында 3378 адам; соның ішінде 62 офицерлер Майор Тасқариев Қуаныш Мұқанұлы 1918 жылы Ұрсай селосында туған. 1945 жылы 23 ақпанда Латвия жерінде қаза тапқан. Майор Каждиев Александр Осипович 1944 жылы Смоленск облысында қаза тапты.

Шыңғырлаулықтар

Ұлы Отан соғысы

жылдарында

3378 адам; соның ішінде 62 офицерлер

Майор Тасқариев Қуаныш Мұқанұлы 1918 жылы Ұрсай селосында туған.

1945 жылы 23 ақпанда Латвия жерінде қаза тапқан.

Майор Каждиев Александр Осипович 1944 жылы Смоленск облысында қаза тапты.

Сандар сөйлегенде Біздің жерлестеріміз Ленинградта - 202, Калининградта - 167, Смоленскіде - 175, Орловта - 136 қаза тапты. Украин, Белорус майдандарында - 149, Польша, Латвия,Литва,Эстония жерінде 75 -і қаза болды. Сталинград түбіндегі шайқаста - 227

Сандар сөйлегенде

Біздің жерлестеріміз

Ленинградта - 202,

Калининградта - 167,

Смоленскіде - 175,

Орловта - 136 қаза тапты.

Украин, Белорус майдандарында - 149,

Польша, Латвия,Литва,Эстония жерінде 75 -і қаза болды.

Сталинград түбіндегі шайқаста - 227

1941-1945 жылдары Қаза тапқан, ауыр жараланып қайтыс болған және хабарсыз кеткен жауынгерлер саны: Ақбұлақ - 55 Алмаз - 127 Ащысай - 114 Белогор - 38 Жаңакүш - 148 Қарағаш - 148  Қарағаш -148 Қызылкөл -100 Полтава-52 Шыңғырлау - 887 Лубен - 172 Барлығы- 1790 адам

1941-1945 жылдары

Қаза тапқан, ауыр жараланып қайтыс болған және хабарсыз кеткен жауынгерлер саны:

Ақбұлақ - 55

Алмаз - 127

Ащысай - 114

Белогор - 38

Жаңакүш - 148 Қарағаш - 148 Қарағаш -148

Қызылкөл -100

Полтава-52

Шыңғырлау - 887

Лубен - 172

Барлығы- 1790 адам

ІІ  бөлім Өшпес ерлік иелері ...Сойқынды соғыс-өрт,кіл апат,  Ол-қайғы,ол-үрей,алапат.  Бейбіт күн береке баршаға Тыныштық, тыныштық-бір рақат!  М.Мақатаев.

ІІ бөлім Өшпес ерлік иелері

...Сойқынды соғыс-өрт,кіл апат,

Ол-қайғы,ол-үрей,алапат.

Бейбіт күн береке баршаға

Тыныштық, тыныштық-бір рақат!

М.Мақатаев.

Сүндетқали Есқалиев  Шыңғырлау ауданы Константиновка селосының тұрғыны болатын. Ұлы Отан соғысында ұрысқа 1942 жылы маусым айында кірді. Белорус майданындағы 169-шы атқыштар дивизиясының 556-шы атқыштар полкінде автоматшы болды. Қатардағы жауынгер Сүндетқали Есқалиев 1944 жылдың 24 маусымы күні түнде Могилев облысы,Быков ауданында Лучица деревнясы маңындағы ұрыста жау траншеясына алғашқылардың бірі болып кірді. Сүндетқали Есқалиев жау ДЗОТ-ның оқ бораған ұясын кеудесімен жапты.Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Батыр жерлесіміз Лучица деревнясында жерленді. Минскіде, Быковта көшелер батыр есімімен аталады. Орал облыстық телестудиясы “Батырдың анасы” деген фильм түсірді.

Сүндетқали Есқалиев

Шыңғырлау ауданы Константиновка селосының тұрғыны болатын. Ұлы Отан соғысында ұрысқа 1942 жылы маусым айында кірді. Белорус майданындағы 169-шы атқыштар дивизиясының 556-шы атқыштар полкінде автоматшы болды. Қатардағы жауынгер Сүндетқали Есқалиев 1944 жылдың 24 маусымы күні түнде Могилев облысы,Быков ауданында Лучица деревнясы маңындағы ұрыста жау траншеясына алғашқылардың бірі болып кірді.

Сүндетқали Есқалиев жау ДЗОТ-ның

оқ бораған ұясын кеудесімен жапты.Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Батыр жерлесіміз Лучица деревнясында жерленді. Минскіде, Быковта көшелер батыр есімімен аталады. Орал облыстық телестудиясы “Батырдың анасы” деген фильм түсірді.

Георгий Григорьевич Шевцов 1905 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шилі поселкісінде дүниеге келген. 1929 жылдан соғыс басталғанға дейін тракторшы болып істеген. 1941 жылы Шевцов әскер қатарына алынды. 1945 жылы 9 қаңтар күні Комороны қаласын азат ету жолындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты.1945 жылдың 24 наурызы күні оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Георгий Григорьевич Шевцов

1905 жылы Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы Шилі поселкісінде дүниеге келген. 1929 жылдан соғыс басталғанға дейін тракторшы болып істеген. 1941 жылы Шевцов әскер қатарына алынды.

1945 жылы 9 қаңтар күні Комороны қаласын азат ету жолындағы ұрыста ерлікпен қаза тапты.1945 жылдың 24 наурызы күні оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Бисенғали Мұқанбетов  1908 жылы Лубен селосында дүниеге келген. 1942 жылы қаңтарда әскерге аттанды. 1945 жылы 17 қаңтарда жаудың қорғаныс шебін бұзып өту кезінде Бисенғали Мұқанбетов 4 немістің көзін жойды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін екінші дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. 1945 жылы 2 наурыз күні Одер өзенінің батыс жағалауындағы Хатенов елді мекенінде болған ұрыста Бисенғали Мұқанбетов өзін ержүрек жауынгер ретінде көрсете білді. 1945 жылдың 31 мамыры күні СССР Жоғары Совет Президиумының Жарлығымен Б.Мұқанбетов І дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 12 жыл “Социализм” колхозының төрағасы болып жұмыс істеді. 1966 жылы қайтыс болды. Лубен ауылының орталық көшесі Бисенғали Мұқанбетов атымен аталады.

Бисенғали Мұқанбетов

1908 жылы Лубен селосында дүниеге келген. 1942 жылы қаңтарда әскерге аттанды. 1945 жылы 17 қаңтарда жаудың қорғаныс шебін бұзып өту кезінде Бисенғали Мұқанбетов 4 немістің көзін жойды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін екінші дәрежелі Даңқ орденімен наградталды. 1945 жылы 2 наурыз күні Одер өзенінің батыс жағалауындағы Хатенов елді мекенінде болған ұрыста Бисенғали Мұқанбетов өзін ержүрек жауынгер ретінде көрсете білді. 1945 жылдың 31 мамыры күні СССР Жоғары Совет Президиумының Жарлығымен Б.Мұқанбетов І дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 12 жыл “Социализм” колхозының төрағасы болып жұмыс істеді. 1966 жылы қайтыс болды. Лубен ауылының орталық көшесі Бисенғали Мұқанбетов атымен аталады.

Андрей Яковлевич Тихоненко  Ол 1912 жылдың 12 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дүниеге келген. 1919 жылы Андрейдің ата – анасы өмірден өтеді. Екі қарындасымен 7 жасынан бастап үлкен ағасы Иосифтің тәрбиесінде болады. Оның балалық шағы ауыр өтті. Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татқан Андрей ерте есейіп, өмірге өжет көзқараспен қарай бастайды.  Қолда бар деректер оның 12 жасынан – ақ жер жырту, шөп шабу, астық жинау науқандарында аянбай тер төккенін айғақтайды. Балалық шағындағы оның сүйікті кәсібі балық аулау болған екен.

Андрей Яковлевич Тихоненко

Ол 1912 жылдың 12 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дүниеге келген. 1919 жылы Андрейдің ата – анасы өмірден өтеді. Екі қарындасымен 7 жасынан бастап үлкен ағасы Иосифтің тәрбиесінде болады. Оның балалық шағы ауыр өтті. Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татқан Андрей ерте есейіп, өмірге өжет көзқараспен қарай бастайды.

Қолда бар деректер оның 12 жасынан – ақ жер жырту, шөп шабу, астық жинау науқандарында аянбай тер төккенін айғақтайды. Балалық шағындағы оның сүйікті кәсібі балық аулау болған екен.

Музыкаға бейім тұратын жас өрен сырнай тартып, ән айтатындығы мен де таныла білген. Қызыл әскерлер туралы әндерді жақсы айтуына байланысты ауылдастары оны «Ворошиловшы» деп те атап кеткен.  1935 ж. тракторшылар даярлайтын курсты бітіріп, «Красная звезда» колхозында еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстар, көркем өнерпаздар үйірмелерінің арасынан да Андрейдің белсенділігі ерекше байқалған. 1939 жылы еңбекке деген ынтасы мен жігерлігі ескеріліп, оны бригадирдің көмекшісі етіп тағайындады.

Музыкаға бейім тұратын жас өрен сырнай тартып, ән айтатындығы мен де таныла білген. Қызыл әскерлер туралы әндерді жақсы айтуына байланысты ауылдастары оны «Ворошиловшы» деп те атап кеткен.

1935 ж. тракторшылар даярлайтын курсты бітіріп, «Красная звезда» колхозында еңбек еткен. Қоғамдық жұмыстар, көркем өнерпаздар үйірмелерінің арасынан да Андрейдің белсенділігі ерекше байқалған. 1939 жылы еңбекке деген ынтасы мен жігерлігі ескеріліп, оны бригадирдің көмекшісі етіп тағайындады.

Андрей Тихоненко 1941 жылы 24 – ші маусымда әскер қатарына алынды. Мәскеу түбіндегі және Литваны азат етудегі ұрыстарға қатысты. Соғыс кезінде ержүректігімен, жан аямай жаумен шайқасуымен ерекшеленді. 1944 жылы 16 шілдеде Литваның Пуни елді мекеніндегі деревня тұсында пулемет оғымен жаудың атыс нүктесін жойып, өздерінен кейінгі бөлімшелердің өзеннен өтуіне жағдай туғызды. Сол шайқаста ол 30-дан астам немістерді жер жастандырған. Шайқас қызған кезде Тихоненконың оғы таусылғанын білген жау оны қоршауға алады. Қолына соңғы гранатасын алып, фашистердің жарқын келуін күтіп, жатқан ол бар күшін жинап гранатаның сақинасын тартып, өзімен бірге айнала қоршаған бірнеше неміс солдатын жер жастандырды.  Ерлікпен қаза тапқан жауынгерді елі ешқашан ұмытпақ емес. 1945 жылдың 24 наурызында оған, қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Андрей Тихоненко 1941 жылы 24 – ші маусымда әскер қатарына алынды. Мәскеу түбіндегі және Литваны азат етудегі ұрыстарға қатысты. Соғыс кезінде ержүректігімен, жан аямай жаумен шайқасуымен ерекшеленді. 1944 жылы 16 шілдеде Литваның Пуни елді мекеніндегі деревня тұсында пулемет оғымен жаудың атыс нүктесін жойып, өздерінен кейінгі бөлімшелердің өзеннен өтуіне жағдай туғызды. Сол шайқаста ол 30-дан астам немістерді жер жастандырған. Шайқас қызған кезде Тихоненконың оғы таусылғанын білген жау оны қоршауға алады. Қолына соңғы гранатасын алып, фашистердің жарқын келуін күтіп, жатқан ол бар күшін жинап гранатаның сақинасын тартып, өзімен бірге айнала қоршаған бірнеше неміс солдатын жер жастандырды.

Ерлікпен қаза тапқан жауынгерді елі ешқашан ұмытпақ емес. 1945 жылдың 24 наурызында оған, қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

20 жылдан артық уақыт бойы Тихоненконың жерлестері батырдың қайда қаза тауып, қай жерге жерленгенін білмеді.  Жылдар бойы Литвадағы Рудзяна деревниясындағы кішкене қырат ешкімге сыр ашпады. Тек вильнюстік

20 жылдан артық уақыт бойы Тихоненконың жерлестері батырдың қайда қаза тауып, қай жерге жерленгенін білмеді.

Жылдар бойы Литвадағы Рудзяна деревниясындағы кішкене қырат ешкімге сыр ашпады. Тек вильнюстік "Жас қызылізшілердің" арқасында ғана белгісіз солдаттың есімі анықталып, Рудзяна селосының тұрғындары есте сақтаған ерлік есімінің аты аталды.

Қазір Батыс Қазастан облысындағы Ақсай қаласында аудан орталығы Шыңғырлауда және Лубен ауылында Андрей Яковлевич Тихоненконың атында көшелер бар. Осындағы саябақ ішінде кеуде мүсіні орнатылған. Туған жеріндегі Лубен мектебі батыр есімімен аталады.

Батырдың апасының естеліктері Қаза тапқан жеріндегі ескерткіш.

Батырдың апасының естеліктері

Қаза тапқан жеріндегі ескерткіш.

Газет материалдары  1966 жыл. Лубендік оқушылардың сапары. Делегация құрамында Тайлыбеков С, Никифорова Лида-батырдың немересі, Парада В.

Газет материалдары

1966 жыл.

Лубендік оқушылардың сапары.

Делегация құрамында Тайлыбеков С,

Никифорова Лида-батырдың немересі, Парада В.

Каунас қаласындағы  мұражайда батырдың ерлігі туралы стенд бар. Лубен және Дубняй пионерлері. Батырға арнап отырғызған емен ағашы жанында суретке түсу.

Каунас қаласындағы мұражайда батырдың ерлігі туралы стенд бар.

Лубен және Дубняй пионерлері. Батырға арнап

отырғызған емен ағашы жанында суретке түсу.

Тихоненко батырым!  Ел деп соққан жүрегі, Сұрапыл оқ астында Үзілді ерте өмірі, Қан төгіс сонау соғыста Тихоненко батырым, Сен шығардың ел даңқын! Халық үшін мерт болған Тихоненко атамыз Сонау қиын күндерде Болған біздің панамыз Қиып жанын ел үшін Оққа ұшты қайран ер! Ұмытылмас ерлігін Еске сақтар дүйім ел.

Тихоненко батырым!

Ел деп соққан жүрегі,

Сұрапыл оқ астында

Үзілді ерте өмірі,

Қан төгіс сонау соғыста

Тихоненко батырым,

Сен шығардың ел даңқын!

Халық үшін мерт болған

Тихоненко атамыз

Сонау қиын күндерде

Болған біздің панамыз

Қиып жанын ел үшін

Оққа ұшты қайран ер!

Ұмытылмас ерлігін

Еске сақтар дүйім ел.

«Ерлігің ата өшпейді» Тихоненко атамыз, Болған біздің панамыз. Ерлігінен мәңгілік, Өнеге үлгі аламыз. Бүгін біздер тойлаймыз, Жүз жылдығың атаның. Ұрпағың елдің жинаймыз, Ерлігің мәңгі сыйлаймыз. Елі үшін күресті, Жан алысып, берісті. Қанға боялған соғыста, Дұшпанға қарсы керісті. Тихоненко есімі мақтанышым, Мәңгіге халық айтып жаттар мүсін, Ерлігі еліміздің мәңгі есінде, Анаға мың бір алғыс тапқаны үшін. Ерте есейді жетімдіктің күшімен, Мақтанамын батыр бабам үшін мен. Лубенімнің бір туары қаһарман, Азат болдық батыр ерлер ісімен.  10 “б” сынып оқушысы Қамбарова Айдана

«Ерлігің ата өшпейді»

Тихоненко атамыз,

Болған біздің панамыз.

Ерлігінен мәңгілік,

Өнеге үлгі аламыз.

Бүгін біздер тойлаймыз,

Жүз жылдығың атаның.

Ұрпағың елдің жинаймыз,

Ерлігің мәңгі сыйлаймыз.

Елі үшін күресті,

Жан алысып, берісті.

Қанға боялған соғыста,

Дұшпанға қарсы керісті.

Тихоненко есімі мақтанышым,

Мәңгіге халық айтып жаттар мүсін,

Ерлігі еліміздің мәңгі есінде,

Анаға мың бір алғыс тапқаны үшін.

Ерте есейді жетімдіктің күшімен,

Мақтанамын батыр бабам үшін мен.

Лубенімнің бір туары қаһарман,

Азат болдық батыр ерлер ісімен.

10 “б” сынып оқушысы Қамбарова Айдана

Кеңес Одағының батыры А.Я. Тихоненко есімімен аталатын мектепте “Жауқазын”, “Слово” газеттері ай сайын шығарылып тұрады. 12 желтоқсан батырдың туған күніне орай мерекелік шаралар, қабырға газеттері, шығармалар, өлеңдер байқаулары өтеді.

Кеңес Одағының батыры А.Я. Тихоненко есімімен аталатын мектепте “Жауқазын”, “Слово” газеттері ай сайын шығарылып тұрады. 12 желтоқсан батырдың туған күніне орай мерекелік шаралар, қабырға газеттері, шығармалар, өлеңдер байқаулары өтеді.

Соғыстың сұрапыл отына түсіп шайқасқан жауынгерлерге жанын пида еткен жерлестерімізге тағзым етеміз және Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл азаматтарының еңбектеріне басымызды иеміз. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Соғыстың сұрапыл отына түсіп шайқасқан жауынгерлерге жанын пида еткен жерлестерімізге тағзым етеміз және Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл азаматтарының еңбектеріне басымызды иеміз. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Презентация для воспитательного часа на тему: "Өшпес ерлік иелері"

Автор: Калмагамбетова Мария Кошкарбаевна,Таганиязова Анаргуль Амангельдиевна

Дата: 22.04.2017

Номер свидетельства: 410951


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства