Просмотр содержимого документа
«Презентация Алматы қаласы»
«Сені көргеніме қуаныштымын, себебі .... »
Сабақтың тақырыбы
Алматы қаласы
Берілген суреттерден қай қаланы көріп тұрмыз?
-Алматы қаласының қай жерлерін тамашалап отырмыз?
-Алматы қандай қала?
-Алматыда қандай ірі мәдени орталықтар бар?
-Алматы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
-Сонымен, кім айтады, біздің бүгінгі тақырыбымыз не болмақ?
Сендер Қазақстанның қандай әдемі қалаларын білесіңдер?
-Алматы қаласында болып көрдіңдер ме?
Сабақтың мақсаты:
Алматы қаласының тарихы жайында түсінік аламыз.
Өз пікірімізді ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге үйренеміз. Сөйлеу шеберлігімізді, мәдениетін, сөздік қорын байытамыз.
Өз елімізді, жерімізді сүйетін, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат болуға талпынамыз
Жаңа сөздер:
жоба – проект
жер сілкіну – землетрясение
төзімді – крепкий
көз тартарлық - привлекает
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында,
Тянь-Шань тауының солтүстігінде,
Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы (бұрынғы кездері Верный, Алмалы және Алма-Ата деп аталған) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Алматыда бір миллионнан аса халық тұрады.
Алматы қаласы 7 ауданнан тұрады:
• Алмалы ауданы;
• Алатау ауданы;
• Әуезов ауданы;
• Бостандық ауданы;
• Жетiсу ауданы;
• Медеу ауданы;
• Түрксiб ауданы.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады.
Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады.
Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Мәтінге ат қойдырту.
Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындату.
ІІ деңгей.
Мәтіндегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдыру.
Мәтін бойынша жоспар құрып, мәтінді өз сөздерімен
әңгімелеу.
І деңгей.
«Алматы — әсем қала» тақырыбы бойынша өз пікірлерін білдіру.
2-тапсырма.
Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қай септікте тұрғанын анықтаңдар .
континенттің
өзендері
сумен
Қазақстанның
миллионнан
паркіне
кітабына
8 мың гектардан
темірбетоннан
ұлттық кітапхана
3-тапсырма. Семантикалық карта арқылы етістіктерді анықтаңдар.
Етістік
Дара
орналасқан
Күрделі
алып жатыр
Болымды
аталған
Болымсыз
тұрады
Негізгі
өзгермейді
Туынды
қызмет етеді
салынған
алмасып отырады
4-тапсырма. Жұптық жұмыс
№1Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы каласының құрылысы арнайы жоба бойынша салынған.
№2.Мәтінді аударыңдар.
Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
№3Мәтін бойынша диалог құрыңдар
Алматы - өте әдемі қала. Ол Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.
№4Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, сын есімдерді тауып, астын сызыңдар.
Алматым менің
Алматының бағы қандай?
Алмасының дәмі балдай.
Аспанынан арайлы,
Алтын сәуле тарайды. (Н. Әлімқұлов)
№5Сөйлемдерді дұрыс құрыңдар.
1. Өте, әдемі, қала, Алматы.
2. етегінде, Алатаудың, орналасқан.
3. «Медеу» мұзайдыны, бар, Алматыда.
4. Алматыда, бар, цирк.
№6Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.
Алматы ......(қаласының, өлкесінің) оңтүстік жағынды Алатау бар. Алатаудың ... (жағасында, етегінде) «Медеу» мұзайдыны бар. Алматыда ... (көп, аз) адам тұрады.
№7Диалогты аяқтаңдар.
- Сен Алматы қаласына бардың ба?
- Иә, демалыс кезінде апаммен қыдырып бардым.
- Алматы қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- Көктөбеге бардым. Көктөбедегі әйгілі мұнараны көрдім.
- .....
- .....
Сабақты бекіту:
- Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай мәтін оқыдық?
-Мәтінде не туралы айтылған?
-Кімнің Алматыда тұрғысы келеді? Не үшін?
Ой толғау. «Алматы қаласы» тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру.
1. Тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
2. Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
3. Тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)