kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен баяндама " Д?рыс ?рекет "

Нажмите, чтобы узнать подробности

?зін-?зі тану п?нінен баяндама та?ырыбы  "Д?рыс ?рекет" жасау.О?ушылар ?здерін д?рыс ?стай білу.Адамды? ?асиеттерді ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама дұрыс әрекет»

Железинка ауданы Захаровка негізгі

жалпы білім беру орта мектебі













Тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәні» - дұрыс әрекет-өмір негізі





Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Женисхан Е.















2016 оқу жылы

 «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы  адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге   тәрбиелеп отырмыз.   Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз   жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»                                  

   С.А.Назарбаева





Кіріспе: Өздеріңізге ұсынып отырған баяндамамды «Өзін-өзі тану пәні» - дұрыс әрекет-өмір негізі тақырыбы бойынша жаздым. Мұнда оқушылар өзін-өзі тану пәнінен өз іс әрекетін бағамдай отырып, жақсы адам болып қалыптасады . Өзін-өзі тану пәні аты айтып тұрғандай, оқушыларды өзін, ортасын тануға бейімдеумен қатар жамандықтан қашық, жақсылыққа асық болуға тәриелейді.Бұл пәннің әрбір оқулықтары ұлылардың ұлағатты сөздері мен үлгілі іс-әрекеттеріне толы. Әрбір оқушының сана сезіміне жақсылық нұрын ұялатады.

Негізгі бөлім:

а) Барлық жалпы адамзаттық құндылықтар.
ә)
Дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты.
б)
Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты
.

                     





















Тақырыбы:



«Өзін-өзі тану пәні» - дұрыс әрекет-өмір негізі



Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға болады. —  Өткен күн – Кеше–тарих, Келер күн – Ертең – сыр, ал Бүгінгі күн - Үлкен сый. Төле бидің сөзімен бүгінгі мақаламды бастамақпын, «Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс таңдаудан басталады» дегендей бүгінгі ұрпақтан еліміздің елеулі де абыз азаматтары мен азаматшалары өсіп шығары қақ.Бұрыңғы бабалар ізін жалғар , ғалым да тапқыр, ақылды да адал адам болып қалыптасу үшін дұрыс әрекет ,Әл  - Фараби  Махатма  Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге  негіз көп, алайда, өзгені  өлтіруге  еш негіз таппадым».

Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет:

1. Дұрыс жол —  ақиқатты дұрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер. 3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау, 4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну. Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген.Қанағат-Тек тілек-қалауын  тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді. Ынтымақтастық-адамдар әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге  үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді. Тәртіп-адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек. Парыз бен ризашылық-әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.Дұрыс ой-адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек. —  Дұрыс сөз-тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.   Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет. От парызы-жану.Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жай ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға  сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек. ДҰРЫС ӘРЕКЕТ- қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық.Дұрыс мінез-құлық - бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез-құлық түрі әрі ар-ұяттың ішкі дауысына сәйкес қылықтар. Сөздеріңді, әрекеттеріңді, ойларыңды, мінезіңді, жүрегіңді қадағала! Дұрыс әрекет – физикалық аспект.  

Барлық жалпы адамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры.  Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.  Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді.  Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, оны жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді. АҚЫЛ- адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды.

Дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.Оқушылардың бойларына рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы  сіңіре білуіміз қажет. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді.Дұрыс әрекет жасауға кедергі болатын уақыттың жауларын тауып, оның болдырмауға байланысты. Өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы  адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құралатыны сөзсіз.Әр  сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білуіміз керек. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөзйлеуге, парызды орындауға  ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға,  қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек .

Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.  

Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».

Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету  және барлық істерді  сәтті тыңдыру үшін  тек қана адамның  өз ойларын  дұрыс басқару қабілетінен  басқа ештеңе қолайлы жағдай  туғызбайды. Ақыл- парасаты  меңгеру ісінде  осы ойларды билеу  мен бағындырудан асқан қиын  нәрсе жоқ та шығар.  Адамның ақылы әрқашан  еркін және  өзіне кездесетін алуан  түрлі нысандармен  байланысқа  түсуге дайын болып,  оған сол сәтінде  қажетті саналатын  мөлшерде ғана  зейінін  бөлуге тиіс.

Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек.

Өзімшілдік – адамның қасиеті, риясыздық – рухани – міне осы  ақиқат адамның рухани байлығы мен тектілігін көрсетеді. Ол адамзаттың бүкіл жақсылығының қайнар көзі.

Адамның санасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым риясыздық дәрежесі жоғары болады

Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелудің жолдарын-өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты-өзін-өзі тану.

           - Әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата  және ести білу қабілеттерін ояту.

            -Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.

         Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет   туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.

Бақытты адам:

-өзге адамдардың  өзі туралы  не ойлайтынын  уайымдамайды;

-Барлығына  жақсылық көруге тырысады.

Бүгінгі күн керемет, бірақ мен оын көре алмаймын. 

      Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуы бойынша  жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Басты қасиет – парыз сезімі керек. Парыз – бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.

     —  Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдептен орнығады.

—  Қанағат-Тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын  тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.

—  Ынтымақтастық-Жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге  үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.    

—  Тәртіп-Адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.

—  Парыз бен ризашылық-Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.

—  Дұрыс ой-Адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.

—  Дұрыс сөз-Тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.

  Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

  Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.

От парызы-жану.Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жау ғана сусымалы зат.

Егер біз ар ұятымызға  сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.

     Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.

Дұрыс әрекеттің басты қағидаты :

—  Бол   ( әуелі өзің ақниет бол)

—  Істе   ( ақниет болып қоймай,оны іс-жүзінде көрсете білу)

—  Сөйле (дұрыс сөзбен айту)

Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек.Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.

Біздің өмірімізде осындай шыншыл, жүрегі таза, қадірлі адам кездессе біз оған сенім артуымыз керек.

Ойлары, сөздері мен ісі арасында үйлесімдігі бар адамға  біз сенеміз..

Бүгінгі таңда ақылды адамдардың саны артып барады, бірақ данышпан адамдар аз. Қоғам осындай адамдарды қажет етеді, сол себепті ақылды адамдар рухани-адамгершілік жаңаруға қарай ұмтылу керек.













Қолданылған әдебиеттер:

1. «Самопознание kz» журналы:. №8 июль 2011 (25-29 беттер).

 

2. «Самопознание kz» журналы. №7 (19) июль 2011 (25-27 беттер).

 

3. «Жантану» оқулығы

 

4. www.ustaz.kz  сайты.

 

5. «Самопознание kz» журналы: №3 август 2011 (30-32 беттер)








Просмотр содержимого презентации
«Дұрыс әрекет»

«Өзін-өзі тану пәні» - дұрыс әрекет-өмір негізі Захаровка негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Женисхан Ержан 20.04.2016ж

«Өзін-өзі тану пәні» - дұрыс әрекет-өмір негізі

Захаровка негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Женисхан Ержан

20.04.2016ж

Дұрыс әрекет – өмір негізі

Дұрыс әрекет – өмір негізі

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл адамзаттың барлығына бірдей мәні бар табиғи, мәдени, рухани құндылықтар жүйесі;   Зияткерлік қыры - ақиқат;   Адамгершілік қыры – сүйіспеншілік;   Физикалық қыры – парыз ақтау, дұрыс іс –әрекет жасау;   Рухани қыры – қиянат жасамау;  Эмоциялық қыры – жан тыныштығы.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл адамзаттың барлығына бірдей мәні бар табиғи, мәдени, рухани құндылықтар жүйесі;

Зияткерлік қыры - ақиқат;

Адамгершілік қыры – сүйіспеншілік;

Физикалық қыры – парыз ақтау, дұрыс іс –әрекет жасау;

Рухани қыры – қиянат жасамау;

Эмоциялық қыры – жан тыныштығы.

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат! Қолда өсір-ұстай көрме алыста жат Мейірімді, таза болса тәрбиесі, Баланың еркін өсер тәртібі-есі  Ж.Баласағұни

Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!

Қолда өсір-ұстай көрме алыста жат

Мейірімді, таза болса тәрбиесі,

Баланың еркін өсер тәртібі-есі

Ж.Баласағұни

Дұрыс әрекетке тән қасиеттер:

Дұрыс әрекетке тән қасиеттер:

  • Әдет;
  • Қанағат;
  • Тәртіп;
  • Парыз;
  • Ар;
  • Дұрыс сөз;
  • Дұрыс ой.
Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақтық   Конфуций Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақттық   Конфуций

Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақтық

Конфуций

Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақттық

Конфуций

Парыз ішкі қажеткілікті тудыратын міндет  Демокрит

Парыз ішкі қажеткілікті тудыратын міндет

Демокрит

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да  Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы  Б.Момышұлы Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақттық   Конфуций

Әлемде парыздан артық қуатты қозғаушы күш жоқ әрі болмайды да

Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы

Б.Момышұлы

Парызды сезіну және оны сезіне тұрып орындамау – қорқақттық

Конфуций

Сөздің үш дұшпаны:   Үрей тарату Жаман сөйлеу Өсек айту

Сөздің үш дұшпаны:

Үрей тарату

Жаман сөйлеу

Өсек айту

Ақылдың үш дұшпаны: Көрсеқызарлық Көреалмаушылық Арсыздық

Ақылдың үш дұшпаны:

Көрсеқызарлық

Көреалмаушылық

Арсыздық

Дұрыс әрекет аспектілері:

Дұрыс әрекет аспектілері:

  • Ақиқатқа жүгіну;
  • Жақсы мінез;
  • Дұрыс іс-әрекет;
  • Сезім мүшелерін қадағалау;
  • Тәртіп;
  • Байланып қалмау;
  • Жүрегінді сезіну.
Бақытты адам Барлығынан жақсылық көруге тырысады Әрқашан кеңпейіл және риза Осы сәтпен өмір сүреді Осы өмірдің бәрі кемел еместігін білдіреді Қоршаған ортаға өз үлесін қосады Үнемі жадырап, күлімсіреп жүреді Таңып білуін тоқтатпай, жалғастыра береді

Бақытты адам

Барлығынан жақсылық көруге тырысады

Әрқашан кеңпейіл және риза

Осы сәтпен өмір сүреді

Осы өмірдің бәрі кемел еместігін білдіреді

Қоршаған ортаға өз үлесін қосады

Үнемі жадырап, күлімсіреп жүреді

Таңып білуін тоқтатпай, жалғастыра береді

Адамгершілік қасиеттер Қамқор  Жанашыр  Бауырмал  Адамгершілік  Ақжүректілік  Иманды  Қайырымды  Шапағаттылық

Адамгершілік қасиеттер

Қамқор

Жанашыр

Бауырмал

Адамгершілік

Ақжүректілік

Иманды

Қайырымды

Шапағаттылық

Жақсылық жасау Құлап бара жатқан адамды демеп жіберсең ? – Жүгі ауыр адамға көмек берсең? – Адасқанға жол көрсетсең? – - Келген қонақты ілтипатпен қарсы алсаң? –

Жақсылық жасау

  • Құлап бара жатқан адамды демеп жіберсең ? –
  • Жүгі ауыр адамға көмек берсең? –
  • Адасқанға жол көрсетсең? –

- Келген қонақты ілтипатпен қарсы алсаң? –

Жүректен шыққан жылы сөздер Жақсы сөз жарым ырыс Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, қуанышқа бөлейді Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтудың өзі жақсылық жасау екенін ұпытпайық

Жүректен шыққан жылы сөздер

Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, қуанышқа бөлейді

Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтудың өзі жақсылық жасау екенін ұпытпайық

Егер жүрегімізде АҚИҚАТ болса Оны СҮЙІШПЕНШІЛІК пен нәрлендіре білсек Ол біздің ПАРЫЗЫМЫЗ Сонда жанымызда ТЫНЫШТЫҚ болады Әлемде ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ орнайды
  • Егер жүрегімізде АҚИҚАТ болса
  • Оны СҮЙІШПЕНШІЛІК пен нәрлендіре білсек
  • Ол біздің ПАРЫЗЫМЫЗ
  • Сонда жанымызда ТЫНЫШТЫҚ болады
  • Әлемде ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ орнайды
Назарларыңызға рахмет  2016 жыл

Назарларыңызға рахмет 2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен баяндама " Д?рыс ?рекет "

Автор: Женисхан Ержан

Дата: 20.05.2016

Номер свидетельства: 328876


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства