Просмотр содержимого документа
«Н.?.Назарбаев ?мірбаяны »
1. Оқушыларды Отанды сүюге,
Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге,
Туған жерге деген сүйіспеншілігін
арттыруға тәрбиелеу,
2. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын
құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол,
Отанын сүйетін азамат қалыптастыру.
3. Патриоттық сезімге баулу.
Отаным - өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан
Нәр алдым өзеніңнен
Отан оттанда ыстық
Отансыз адам,
ормансыз бұлбұл
Отан
Отан үшін отқа түс,
күймейсін
Өз елің алтын бесік
Туған жеріңде
туыңды тік
Біздің сүйікті Отанымыз
қай республика?
Еліміздің президенті кім?
Сұрақтар
Отанымыздың
астанасы
қай қала?
Еліміздің
рәміздерін ата?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Ата-анасы
Нұрсұлтанның әке-шешелері Түріксібтің құрылысында танысты, Әбіш өз қалауымен прораб болып орналасты, ал Әлжанның отбасысы әртүрлі қол жұмыстарын жасады. Әбіш пен Әлжан 1934 жылы үйленді , үйленгеннен кейін 6 жыл бойы балалары болмады , сол себептен көптен күткен мұрагердің өмірге келуі оларға қуаныш әкелді.
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.