kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын жобалау мәселесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

МЕКТЕПТЕГІ СЫЗУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕСІ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын жобалау мәселесі»

МЕКТЕПТЕГІ СЫЗУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕСІ


Сызу пәнәнің мұғалімі:Тургумбаева Алия Айтжумановна

Астана қаласы.


Сызуды оқыту әдістемесін басқаша «сызу педагогикасы», «сызу дидактикасы» деп те атайды. Бұлардың мағынасы бір-біріне өте жақын. Сызуды оқыту әдістемесі ең алдымен мектептегі сызу пәнімен тікелей байланысты дамиды. Сызуды оқыту әдістемесі бір қырынан алып қарағанда педагогика ғылымының бір саласы болса, екінші бір қырынан қарағанда болашақ сызу пәнінің мұғалімдерін педагогикалық қызметке әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні ретінде танылады. Сызуды оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап беруге тиіс: бірінші, сызуды не үшін оқыту қажет; екінші, нені оқыту керек және қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек; үшіншіден сызуды қалай оқыту керек? Сызу пәні бойынша мектепте қандай материал қандай ретпен өтілуі тиіс екендігі сызу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтарда көрсетілген. «Сызуды қалай оқыту керек» деген мәселе «сызуды оқыту әдістемесі» пәнінің еншісіне тиеді. Сызуды мектепте оқытудың негізгі тақырыптары сызбаны безендіру мен сызу құрал - жабдықтарымен жұмыс істеу, проекциялау, проекция түрлері, кескінді екі немесе үш жазықтыққа проекциялау әдістері, белгісіз проекцияны табу, аксонометриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер сызбалары, қима мен тілік сызбалары, аксонометриялық қиылысу сызбалары, стандарттармен танысу бағыттарын қарастырады. Сонымен қатар, оқушылар аксонометриялық проекциялар, техникалық сурет және эскиздер, сызбаны оқу, қима мен тілік, аксонометриялық қиылысу, шрифт тақырыптары бойынша практикалық сабақтарда түрлі сызба жаттығуларын орындайды. Сызуды оқытудағы маңызды оқу мәселесінің бірі оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру. Мектептегі сызу сабағын оқыту ең басты екі бағытты қамтиды. Оның біріншісі оқушыларға сызудың негізін құрайтын ұғымдарды, теориялық қағидаларды, терминдер мен анықтамаларды меңгерту болса, оның екіншісі, проекциялау әдісін оқушыларға үйрету және қарапайым сызудың ептіліктері мен дағдыларын меңгерту болып табылады. Сызу пәнінің алғашқы сабақтарының маңызды міндетіне оқушыларды адамдардың іс жүзіндегі қызметіндегі сызудың маңызымен, мақсатымен, міндетімен таныстыру көзделеді. Мысалдар келтіру арқылы сызуды білгеннің қандай мамандық иесі болмасын пайдалы екендігі туралы айтылады. Сызудың даму тарихымен оқушыларды таныстыру үшін алдымен оқушыларға ежелгі кемелердің, көне машиналардың бөлшектерінің суреттерін көрнекті етіп салып оны қарап шығу ұсынылады, оған практикалық тұрғыда талдау жасалады. Ол суреттің ХVII ғасырға жататыны туралы айтылады. Ондағы кескіндер қолдан салынғандығына, сызбаның мөлшері берілмегендігіне, онда сызбаны безендіру туралы түсінік беру жазулары жазылмағандығына, бұлар ерте кездердегі сызудың өзіндік ерекшеліктері мен даму деңгейінен хабар беретіндігіне назар аударылады. Сызу курсы бойынша оқушылардың графикалық дайындығы екі кезең бойынша жүзеге асады: бірінші кезең, яғни, сегізінші сыныпқа дейін математика, еңбек және басқа пәндер бойынша сызбаларды оқу мен безендіру туралы мәліметтерді меңгерту; екінші кезең, тоғызыншы сыныпта сызуды жүйелі түрде оқытып үйрету болып айқындалды. Сызуды оқытудың мазмұны жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасында берілген. Сызу пәнінің оқу бағдарламасы оны оқыту мазмұнын анықтайды. Ол оқушыларға сызудан беретін білім мазмұнын анықтаумен қатар мұғалімге жетекшілік қызмет атқарады. 9 сыныпта «Сызбаларды безендіру ережелері», «Проекциялау әдістері», «Сызбаларды оқу және орындау», «Қима мен тілік» атты негізгі тараулар оқытылады. Сызуды жалпы білім беретін мектепте оқытудың дидактикалық принциптері жалпы педагогиканың принциптеріне сүйенеді. Бұл принциптер туралы педагогика курсында толық мәліметтер берілген. Сондықтан сызуды оқытуда басшылыққа алатын негізгі дидактикалық принциптерге тоқталайық.

1. Ғылымилық принципі.

2. Сызуды оқытудағы көрнекілік принципі.

3. Сызуды оқытудағы саналылық және белсенділік принципі.

4. Сызуды оқытудағы білімнің берік болу принципі.

5. Сызуды оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі.

6. Сызуды оқытудағы түсініктілік принципі.

Дидактикалық принциптер өзара бір-бірімен тығыз байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Көрнекілік құралдарын шебер пайдалану оқытудың түсініктілігін арттырады. Сызуды оқытуда жүйелілік пен реттілік принциптерін қатаң сақтау сызуды оқытуды біртіндеп қиындату принципіне ұштасады, ал ол түсініктілік принципін жемісті түрде жүзеге асыруға мүмкүндік береді. Сызу сабағының құрылымы күрделі және ол бірнеше құрамдаушылардан тұрады. Мектептегі сызу сабығына белгілі дәрежеде талаптар қойылады. Сызу сабағына қойылатын талаптарды былай тұжырымдауға болады:

1. Сабақтың басты мақсаты болып табылатын дидактикалық мақсатының орындалуы. Сызу пәнінің қайсыбір сабағы болмасын ол оқушыларға сызу негіздерінен білімдер беріп, белгілі дәрежеде оқушылардың сызбалар сызу ептіліктері мен дағдыларын дамыту болып табылады.

2. Сабақ барысында білім берумен қатар оқушыларға тәрбие беру міндеттері шешілуі тиіс. Мұғалім оқушыларды сызу материалдарымен таныстыру барысында олардың эстетикалық талғамдары мен көзқарастарын, дүниетанымын арттырады.

3. Сабаққа оқу материалдарын негіздеп іріктеу. Бұл мынандай шарттарды орындауды қажет етеді: сабақтың мазмұны мен сызу оқулығының мазмұнына сай келуі; сабақта өтілетін сызуды оқу тапсырмасын орындау үшін дидактикалық материалдардың жеткілікті болуы; теория мен практика арасында өзара байланыстың орын алуы.

4. Сабақта оқушылардың білім алуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану. Сабақта оқушылардың білім алуын қамтамасыз ететін оқыту әдістері қатарына сызу туралы әңгіме, проблемалық ситуациялар тудыру, демонстрациялау, сөзбен баяндау, түсіндіру әдістері қолданылады.

5. Сабақты ұйымдастыру анықтығы.

Сабақты ұйымдастыру анықтығын, сабақтың басты мақсаты болып табылатын дидактикалық мақсатының орындалуы, сабақта оқушылардың білім алуын қамтамасыз ететін оқыту әдістерін қолдану, сабақтың анық және ұйымшылдықпен өтуіне жағдай жасайды. Сабақтың анықтығы мұғалім сабақ материалдарын, сыныптағы әрбір шәкірттің күшті, әлсіз жақтарын, әрбір кезекті мәселенің әдістемесін, оны оқытудың барлық әдістерін және құралдарын жетік білу нәтижесімен айқындалады. Сызуды оқытуды тиімді технологияның негізгі - ол жобалау технологиясы. Сызуды оқыту технологиясын жобалау дегеніміз пәннің мазмұнын, оқыту процесін ұйымдастырудың формаларын, әдістері мен кұралдарын таңдау, проектілеу болып табылады. Сызуды оқыту технологиясының мазмұны - оқу мәліметтерінің құрлымы мен мазмұны, оқушыларға оқу мен кәсіптік дағдыларды қалыптастыруға арналған, кәсіптік қызметтің алғашқы тәжірибесінің жинақталуы ретінде қарастырылады. Бұл жерде оқушылардың сызу бойынша білімі, іскерліктері мен дағдыларын меңгеруге, олардың көлемді катынасы, ауысып келіп отыруы, алынған білімді пысықтауға арналған бакылау формасы, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары басты роль атқарады. Сызуды оқытудың әдістері - оқушыларға білім, дағды және іскерлікті меңгертіп, тәрбие беруге бағытталған, мұғалімнің кызметіндегі тәсілдер жүйесі. Сызуды оқыту кұралдары - оқыту процесінің ұтымдылығын арттыруға арнайы дайындалған материалдық және материалдандырылған обьектілер. Педагогикалық технология оқыту технологиясының кұрылымымен де байланысты анықталады. Сызуды оқытудың технологиясы - кұрамына мыналар кіретін жүйелік категория: оқытудың мақсаты; оқытудың мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттің мүмкіндігі (оқыту және мотивация мүмкіндігі), окыту процесін ұйымдастыру; мұғалім мен оқушы ара қатынасы; іс-әрекет нәтижесі. Сонымен, сызуды оқыту технологиясы - оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылауды қарастырады. Оның үстіне бұл процестің барлық жағы бір-бірімен өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Сызуды оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудын мынадай шарттарын орындауды талап етеді: 1) оқыту мазмұнын ұйымдастыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың формаларын таңдау; 3) бақылау формаларын таңдау; 4) оқыту әдістемелерін таңдау; 5) оқытудың мүмкіндіктерін таңдау; 6) оқыту нәтижелерін таңдау. Сызуды оқытудың мазмұнын ұйымдастыру мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қажет етеді: ең маңызды деген материалдарды тандап алу; оқу материалдарын құрылымдап орналастыру; пәнге тақырыптарға сәйкес дәлелдеулер мен мысалдарды таңдап алу; іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен олардың міндеттерін таңдап алу.

Сызуды оқыту процесін ұйымдастырудың формаларын тандап алу мынадай әрекеттерді қамтиды: сызба графикалық тапсырма орындату; сыныптан тыс экскурсия ұйымдастыру; үй жұмыстарын орындату; практикалык тапсырмалар орындату т.б. Сызуды окыту технологиясын жасау үшін мынадай окытудың күралдары тандап алынады: оқулық әдсбиеттер, көрнекті кұралдар, окытудың аудиовизуалдық мүмкіндіктеріне арналған информациялық материалдар, оқу жабдықтары т.б.

Сызуды оқыту әдістері екі түрге бөлінеді: 1) алғашқы білімді меңгеруге бағытталған; 2) білімді арттыруға және іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Сызудан алғашқы білімдерді меңгертуге бағытталған оқыту әдістері мәліметтік-дамытушылық және проблемалық-ізденістік болып екіге бөлінеді. Ал білімді арттыру және іскерліктер мен дағдыны меңгеруге бағытталған оқыту әдістері қайта жаңғырту (репродуктивті) және шығармашылық- жасаушылық (шығармашылык-рекродуктивтік) әдістерге бөлініп қарастырылады. Мәліметтік- дамытушылық әдістерге мынадай әдістер жатады: мәліметтерді дайын күйінде жеткізу әдістері және білімді өз бетінше меңгерту әдістері. Мәліметтерді өз бетінше меңгеру әдістеріне мынадай әдістер жатады: әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу; оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс істеу (оқу); өз бетінше информациялық база мәліметтерін пайдалану (ақпараттық технологияны колдану). Проблемалык-ізденістік әдістер: оқу материалдарын проблемалық сұрақтар бойынша орналастыру (эвристикалық әңгіме) әдістері; оқулық дискуссия; графикалық ізденіс жасату әдістері (оқу материалдарын меңгеру максатында); шағын топтармен ұжымдық ой әрекетін үйымдастыру; ұйымдастырушылық-қызметтік ойын; зерттеушілік жұмыс жүргізу. Репродуктивті әдістер:

1) оқу материалдарын дайындау;

2) үлгіге қарап жаттығулар орындау;

3) нұсқау бойынша графикалық жұмыстар орындау;

4) конструкторлық жаттығулар орындау. Шығармашылық-репродуктивтік әдістерге мынадай әдістер қосылады:

I) әр түрлі варианттағы конструкторлық шығармашылық сызбалар орындау; 2) сызба есептерді шешу (аудиовизуальды техника арқылы, проектілік-графикалық, ақпараттық-ізденісті ізденіс );

3) белгісіз проекцияны табу ситуацияларын талдау;

4) сызудан іскерлік ойындар өткізу, инженерлік іс-әрекеттің көріністеріне имитация жасау, т.б. Оқыту құралдары мен оқытуды жабдықтаудың да өзіндік құрылымы болады. Сызуды оқыту құралдары мен сызуды оқытуды жабдықтаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Сызуды оқыту кұралдары: оқу кітаптары, көрнекті құралдар; акпараттық материалдар және оқытудыц аудиовизуальдық құралдары, компьютерлік техниканы бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету, сызудың арнаулы жабдықтары, сызба тапсырмалары берілген дидактикалық материалдар болып бөлінеді.

Сызуды окытуды жабдықтау: окытудың техникалық құралдары, лабораториялык жабдықтау, окулық жиһаз (мебель) және оқыту процесіне кажетті карапайым қолдан жасалған жабдықтарды құрайды. Сызуды оқыту кітаптары: оқулықтар, оқу құралдары, хрестоматиялар, сызба есептер жинағы мен сызбалар тапсырмалары, сызу сөздіктері, нормативтік құжаттар жинағы, сызудан арнаулы әдебиеттер және әдістемелік нұсқауларды қамтиды. Сызуды оқытудың көрнекі құралдарына: таблицалар, плакаттар, муляждар, модельдер, натуралдық обьектілер кіреді. Сызуды оқытуда компьютерлік технологияларды бағдарламалық-әдістемелік жабдықтау: автоматтандырылған оқыту курстары; шеңберлер мен овалдарды есептеп шығаруға, проектілік- графикалық, ізденіс информациялық және оптимизациялық міндеттерді шешуге арналған оқулық тапсырмалар, тестер, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар болып табылады. Сызуды оқытудың дидактикалық материалдары: оқыту бағдарламалары; іскерлік ойындардың сценарилері, талдау жасауға арналған сызу барысындағы ситуациялар; ситуациялық міндеттер; оқушылардың графикалық білімдерін тексеруге арналған сауалнамалар. Сызуды оқытудың техникалық кұрал-жабдықтары: электрондық оқулықтар; аудиовизуальдық проекторлар (кино және видеопроекторлар; интерактивті тақта және т.б.), компьютерлер (ПЭВМ, локальдық жүйелер). Сызуды оқытудың әдістемелік жаңа технологиясының құрылымының өзіндік ерекшелігі болады. Әдістемелік технология дегеніміз - оқушыларды сызуға оқытудағы бағдарлама талаптарын қамтамасыз етуі үшін мұғалімнің сабақ берудегі белгілі тәсілдерінің, амалдарының, әдістерінің жиыны. Оқытудағы жүйелілік, бірізділік, тиімділік сияқты бұрын қойылған талаптарды ескеру, сызу пәнін оқыту сапасын арттыру, пәнді толық меңгерту әдістемесін іске асыру секілді негізгі мақсаттарымен топтасуы белгілі жағдайларда әдістемелік жаңа технологияға әкеледі. Қорытындылай айтқанда, сызу пәнін оқыту барысында оқушыларға графикалық білім беру, тәрбиелеу және олардың дүниетанымын қалыптастырудың нәтижелері, оқу-тәрбие және жеке тұлғаны дамыту мақсатын көздейтін іс-әрекеттерді жобалауға яғни, сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын дұрыс таңдау немесе оны дұрыс жасаумен тығыз байланысты. Сызуды оқытудың педагогикалық технологиясы дегеніміз - сызу пәнін оқытуды диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру, ұйымдастырылған іс-әрекетті талдау бағыттарын жобалау, оны өткізу және өткізілгенді сараптау іс-шараларымен сипатталатын педагогикалық қызмет болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Есмұханов Ж. Сызу. Оқулық. Рауан. Алматы. 2000.

2. Ералин Қ., Матеева Т. Сызуды оқыту әдістемесі. (Бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне арналған дәрісбаяндар мен практикалық тапсырмалар жинағы). - Түркістан. Тұран. 2011.- 85 бет.

3. Жидебаев А. Бейнелеу өнері және сызу дәрісханасы. Әдістемелік құрал. - Алматы. Республикалық баспа кабинеті.1998.

4. Қабдыкайыров К. Монахов В.М. Педагогическая технология проектирование учебного процесса /Вестник Каз. ГУ,серия «Педагогические науки», 1998-N 1.С-52-54.

5. Қазақстан Республикасы «Білім беру» бағдарламасы, Қазақстан мұғалімі. - 2000. - №3- 1бет

6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2000.

7. Солтанбекова О. Технологический подход к обучению// Высшая школа Казахстана. №4, 2004. С,173-174

8. Селивестров М.М. Черчение. - М.: Высшая школа, 1980.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектептегі сызуды оқытудың педагогикалық технологиясын жобалау мәселесі

Автор: Тургумбаева Алия Айтжумановна

Дата: 17.04.2017

Номер свидетельства: 409679


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства