Просмотр содержимого документа
«Ма?ал – м?телдер. »
Сабақтың тақырыбы:Мақал – мәтелдер.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Мақал – мәтелдер жөнінде ұғым беру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Мақал – мәтелдерді орынды қолдана білуге, түрлі тапсырмалар арқылы шыңдау және дамыту.
Тәрбиелік: Мақал – мәтелдер адамды жамандықтан сақтайтын, тәрбиелейтін, ақыл, өсиет беретін халық оқулығы екенін оқушыларға дәлелдеу. Адамгершілікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
121, 122 – жаттығуларды тексеріп, өткен тақырыптарға шолу жасау.
3. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
1. Лексика нені зерттейді?
2. Табу сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Эвфемизм және дисфемизм сөздер дегеніміз не?
4. Тұрақты сөз тіркесі деген не?
5. Мұрынын көкке көтерген, бармағын тістеді, аузынан түсіп қалғандай, тайға таңба басқандай, ит өлген жер, жұмыртқадан жүн қырққан, жүрегін жалғады, төрт көзі түгел сөздерінің мағынасын ашу.
Қарашаның жиырма екісі
Мақал – мәтелдер
Мақал – мәтелдер – тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл, нақыл сипатындағы айтылған сөздер тобы. Мысалы, «Кең болсаң – кем болмайсың», «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы». Мәтел – ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишара түрінде айтатын сөздер тобы. Мысалы, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді».
5. Оқулықпен жұмыс
126 – жаттығу. Мына мақал – мәтелдерді аяқтаңдар.
1. Суға кеткен ............................. тал қармайды
2. Байтал түгіл ............................ бас қайғы
3. Батырға да........................... ... жан керек
4. Айдағаның бес ешкі.................ысқырығың жер жарар