kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мектеп пен отбасы біріккен одағы» 

Қазір бала тәрбиесі тек отбасының ғана жеке ісі болудан қалып,ол біздің бүкіл қоғамымыздың терең шұғылданатын ісінің біртұтас бөлігіне айналды. Қоғам мен мектеп балаларды тәрбиелеуде ата – ананың көзқарасын дұрыс қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Осы жағдайда ғана отбасы балаларының адамгершілік рухын тәрбиелеуде мектептің айнымас одақтасына айналатынын тәрбие көрсетті.

Мектеп оқушысының еңбегінің жемісті болуы да күнделікті уақытын тиімді пайдалана алуына байланысты. Ол үшін әрбір ата – ана баласының күн тәулігі ішіндегі мерзімді тиімді пайдаланудың жүйелі тәртібін жасауға басшылық етіп, оны жүзеге асыруға көмектескені өте орынды – ақ. Әдетте, күн тәртібін оқуға мектептің қоятын талабына сай, әрбір отбасы тұрмысының ішкі жағдайына үйлесімді жасалса, бұл тәртіп келе – келе баланың әдетіне айналады. Жоспарлы істің нәтижесі жемісті де, өмірлі де келеді. Бала қандай еңбекке араласпасын,бәрі де  сайып келгенде,адамгершілк мінез – құлық сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан бала еңбегін тәрбие құралы деп білеміз.

Баланың отбасындағы еңбегі – жалпы қоғамдық еңбектің бір бөлігі. Әрбір отбасы кішкене ұжым болып,осылардан барып үлкен ұжым құралады. Олай болса, баланың отбасы мақсаты үшін атқарылған еңбегі қоғамдық мазмұнға ие болады. Баланың үйде өзіне тиісті міндетін атқарып,түрлі еңбек дағдысына жаттығуы, оның еңбекке сүйіспеншілігін дамытып, еңбекке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінің өмір жолын,келешегін дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді.

Әдетте, бала жас кезінен бастап – ақ қандай іске болса да белсенді келеді. Ата – ана баланың белсенділігін өшіріп алмай,мүмкіндігінше оны өріште тәрбиелеуге тиіс. Ал тәрбие ісінң жемісті болуының кепілі – еңбек. Сондықтан ата – ана ең алдымен  баланы еңбекке баулу арқылы тәрбиелеудің жол – жобасын, жөн – жосығын меңгеруге ұмтылғаны жөн. Былайша айтқанда, баланы еңбекке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне зер салып, оны әр баланың өзіндік дербес ерекшеліктерін ескере отырып, соған лайық, бейімде қолдана білсе, мақсаты ой толығынан жүзеге асатындығына күмән жоқ.

Баланы үйде тәрбиелеудің басты шарттарының бірі оларды еңбекке анда – санда ғана емес, үнемі араластьыру. Баланың күнделікті атқарып отыратын міндеті болсын. Екінші сөзбен айтқанада еңбек  әрбір адамның әдетіне айналсын.

Ал еңбек дегенде оны тек ауыр жұмыс, күш жасап жұмсалатын іс деп түсінуге болмайды. Айталық ыдыс – аяқты жинастыру, өзінің кейінгі бауырларының қуыршағын реттеу,оны ұқыпты ұстап жинастыруға жәрдемдесу т.б. Бірақ осы істердің қайсысын  болса да бала өз еркімен атқаратындай, олардың тұрақты әдетіне айналдыру.

Мүмкіндігі келгенше бала еңбегін ойынмен ұштастырған пайдалы. Ойын түрдегі еңбектен бала жалықпайды. Қайта құлшына кіріседі. Сондай – ақ ойы кезінде бала өзін еркін ұстап, алуан түрлі істер жөнінде ойланып, қиялдауға мүмкіндік алады. Бұның өзі оның іскерлігін дамытып, түрлі қиындықтарды өзінше шешіп, өзіндік көзқарасын дамытуға мүмкіндікті молайта түседі.

Еңбекті ұйымдастыруда ең алдымен баланың жас ерекшелігі мен өзіндік ерекшелігін ескеру керек.  Әр баланың өсу, даму жағдайына лайық олар атқаруға тиісті еңбектің түрін де күрделендіре түсу де өте пайдалы екенін әрбір ата – ана ескерген жөн.

Әрқашанда есте болатын мәселенің бірі бала еңбегін әділетті бағалау, оның еңбекке ынтасын арттыруға игі ықпалын тигізеді. Мәселен, 4 сыныпта оқитын Еркін деген шәкірт өзінің сыныптас құрбыларымен бірге мектеп маңын, ауыл көшесін көгалдандыруға қатысты. Осыны еңбек қуанышы жөнінде анасына айтқан кезде, олар баланың еңбегін қолдаудың орнына: «сенің міндетің – оқу. Көрінген көшенің бұрышын қазғанша,сабағыңды оқысаңшы» - деп Еркіннің еңбекке деген тауын бұзды. Әрине, бала еңбегіне бұлай қарау оның еңбекке деген көзқарасын қалыпдастыуға зиянын тигізеді.Сол себепті бала еңбегін әділетті баағалап, оның келешекте нағыз еңбекқор болатындығына сенім білдірудің маңызы орасан зор.

Оқушы еңбегінің нәтижелі болуы мектеп пен отбасының ынтымақтаса отырып, бала тәрбиесіне оның еңбегіне жауапты қарауын да байланысты.баланың үйдегі қоғамдық орындағы еңбегіне ерекше мән – мағына беріп,ретіне қарай оны мадақтап, кемшілігн көрсетіп отырудың маңызы зор.

Біздің мемлекетімізде отбасының өмір тіршілігіне де еңбек көлемді де, маңызды орын алады. Әркім өзі сүйген қалаған  мамандығын алып, халқына,Отанына адал, өнімді еңбек етуге тырысады. Осыған қарамастан ата – аналар арасында еңбек жөніндегі ұғым,оған көзқарас әртүрлі. Бұған төмендегідей мысал келтіруге болады. Әкенің немесе шешенің өзі істеп жүрген жұмысын ұнатпауы,оны ауыр,абыройсыз жұмыс санауы, ол туралы не болса соны бала көзінше айты отыруы баланың еңбекті жек көруіне, еңбекті бейнет, қызығы жоқ дүние деп түсінуіне жол сілтейді.

Кей жағдайларда былайда болады. Кейбір ата – аналар өздерінің еңбегіне беріліп,   оған зор жауапкершілкпен қарайды да, үлкен табысқа жетіп, абыройға ие болады. Бірақ, олар еңбектен алған ләззатын, шаттығын балаларына сездірмейді. Өздерінң жұмысы туралы, еңбектегі табысы жөнінде ештеңеде айтпайды. Бұл бала тәрбиесіндег үлкен қателік.Бұлай дейтініміз, бала еңбекке құмартуды, тағы басқа жанашыр жарқындарынан үйренеді.

Мектеп оқушыларынң еңбек жөніндегі міндетін оқумен ғана шектеуге болмайды. Себебі кей баланың жас шағында еңбекке ынтасы, бір нәрсені істеп тастауға құмарлығы басым болады. Сондықтан да баланың бұл кездегі еңбекке бейімділігін өрістетіп, соның негізінде қоғамдық іске баули білген жөн.

Мектеп пен отбасы бірлесіп, балаларды оқу жұмысында кездесетін қиындықтарды жеңе алатындай етіп тәрбиелеуге міндетті. Оқу, тынымсыз еңбек ету, өзінің барлық күшін жұмсау, кездескен қиындықтар мен кедергілерді жеңе білуге үйрету. Ең бастысы балалар өз күшіне, өз біліміне сену рухын алсын. Мұндай тәрбие болған жерде оқушы «мен ешнәрсені білмеймін,мен бұл есепті шығара алмаймын» дегендей, жігерленбей, ешнәрсеге ұмтылмайтын пиғылдарға тап болады.

Үйде жұмысты жемісті және уақытында орындай алмау, оны дұрыс ұйымдастыра білмеу,әдетте, сабақты нашар үлгерудің басты себептерінің бірі. Өнегелі ата – аналар мектепппен бірлесіп, өз балаларының үйдегі оқуын дұрыс ұйымдастыруға тырысады. Бұл мәселе жайында мұғаліммен ақылдаса, балаларының үй тапсырмасын қалай орындайтынын бақылайды. Мектепте жиі болып, балаларының күнделіктерін мұқият қарап, олардың сабақтан алған бағаларына зер салды. Жұмыстың қандай түрі болсын адамнан алдымен еңбек сүйгіштікті, төзімділікті,екбекқорлықты талап етеді.Өзінен – өзі істелетін іс жоқ. Олай болса, ата – ана,ұстаздар ең алдымен баланы еңбекті сүюге,оны қажырлы,табанды атқара білуге баулуы шарт.Бұл парызымызды неғұрлым жемісті орындасақ, соғұрлым мектеп жұмысына ісепн жауап бергеніміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп

Автор: Каржауова Венера

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408191

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства