kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елдігіміз бен ерлігімізді? белгісі-т?уелсіздік”

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Б?гінгі жас ?рпа??а елімізді? ?ыс?аша тарихын, мемлекеттік р?міздерін таныстыру. Желто?сан о?и?асы туралы т?сінік бере отырып, т?уелсіздікті? жолын, м?ні мен ма?ызын ??ындыру.Желто?сан о?и?асы ар?ылы бабаларымызды? асыл арманын ??ындыру, д?ниетанымдарын ке?ейту. Отанс?йгіштікке, елжандылы??а, желто?сан ??рбандарын ??рметтеуге, ерен ерліктерін м??гілік д?ріптеуге баулу.

К?рнекілігі: Интербелсенді та?та, слайдтар, кітаптар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елдігіміз бен ерлігімізді? белгісі-т?уелсіздік”»


Тақырыбы: “ Елдігіміз бен ерлігіміздің белгісі-тәуелсіздік”


Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа еліміздің қысқаша тарихын, мемлекеттік

рәміздерін таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік

бере отырып, тәуелсіздіктің жолын, мәні мен маңызын

ұғындыру.Желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыздың асыл

арманын ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту.

Отансүйгіштікке, елжандылыққа, желтоқсан құрбандарын

құрметтеуге, ерен ерліктерін мәңгілік дәріптеуге баулу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, кітаптар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Жаңа сабақ

Кіріспе: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Елдігіміз бер ерлігіміздің белгісі-тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік –теңдесі жоқ құндылығымыз, басты байлығымыз. Осы тәуелсіздік таңын ата-бабалар сан жылдар бойы аңсап, армандап, сан мыңдаған боздақтардың көз жасымен, қанымен жеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.


/Әнұран ойналады/

Тірек білімдерін жетілдіру:

Біздің еліміз, туған жеріміз қалай аталады?

Біздің еліміз қандай?

Біздің еліміздің президенті кім?

Ел рәміздерін білесіздер ме?

Тәуелсіздікке жету жолын білесіздер ме?

-Балалар, қазіргі таңда біз өркениетті, кемелденген, тәуелсіз,егеменді, өзге елдермен терезесі-тең, керегесі-кең өмір сүрудеміз. Ал осы тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді.

Сан жылдар бойы ата-бабаларымыз өз алдына тәуелсіз ел болғанымызды армандады.

Сонау тарихқа көз жүгіртсек, біздің еліміз алғашында –қазақ елі деп аталды.

Сонау кезден бері еліміз бай, тарихы шежірелі, өзге жұрттың көзайымына айналып, жоңғар мен қалмақты таң қалдырған, қызықтырған болатын.Сол кезден-ақ олар қазақ жерін басып алып, халқын қырып жойып, өз құлдарына айналдыруды мақсат еткен болатын. Бірақ арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты ұлдары елін таптатып халқын езгіге салдырған жоқ. Қолдарына найза алып атқа мініп елін, жерін жаудан қорғады.

/ролик - қазақ елі-хандығы/

-міне сол қазақ жері Ресей құрамында болып, Қазақ АКСР- деп аталған болатын, бірақ қазақ жұрты өз алдына дербес ел болуды, бөлініп шығып, өз алдына тәуелсіз ел болуын армандады.

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпаған қазақ жастары шеруге шығып, өз елінің тәуелсіздігі үшін күресті.

Дауылға желтоқсанның желі айналды.

Ашуға мінді алатау кәрі, айбарлы

Күтпеген іс ақыры не болды деп

Күллі әлем алматыға қарай қалды

Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы, сол бір айда

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты


Гүлзат:

16-желтоқсан

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.


1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты.

Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.


Бекзат:

16-желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

/видеоролик- желтоқсан/


Бекзат:

Күнәдан таза арым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар!


Қамарсұлу:

«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,

Қазаққа күй жаққан күн

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

-слайд- боздақтар

Осы тәуелсіздік жолында қаны мен жанын берген боздақтардың, ел намысын биікке, ұлт намысын өз намысынан биік ұстаған жастардың бірі-Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Асанова секілді сан мыңдаған жастар. Сол кезде бұл ұл мен қыздар өрімдей жас, жаңа ғана мектеп табалдырығынан өтіп, үлкен өмірге аяқ басып, арман қуып алматыға келіп оқуға түссе, Қайрат әскердегі борышын өтеп, еліне қызмет етіп, арман қуып Алматыға келіп оқып жатқан сәті еді. Бірақ, желтоқсан оқиғасы осы жастардың арманын орындалмасқа ала кетті, қыршынынан қиып, мәңгілікке көз жұмдырды. Алайда есіл ерлердің ерлігі халық жадында, олар бізге тәуелсіздікті алып беріп кетті.

Болат:

Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған күн,

16-желтоқсан,

Тәуелсіздік туған күн!


1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі мұңға толы күні еді. Қазіргі таңда сол боздақтардың арқасында біз ұланғайыр қуанышқа, зор мәртебеге ие болдық. Ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздікке қол жеткіздік.


Қазіргі таңда елдігіміздің нышаны болып табылатын, еліміздің қандай белгілері бар?

-слайд/ -ту, елтаңба, әнұран, президент, заң, шекарасы

Асылхан:

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады


Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым!

Тәуелсіздік әрбір Қазақстандық азаматтың жүрегінен орын алған сұлу сезім, Отанға деген махаббат, болашағының бағдаршамы, табынатын тұмары, мәңгі жарқырап тұратын шырағы.

Тәуелсіздік- ұлтымыздың ұлылығын айқындайтын ұлы күш, еркін еліміздің көлеңке түспейтін бейнесі, дархан даламыздың саф алтындай самал желі, құдыретті тауларымыздың асқар төсі, таза суларымыздың киелі тамшысы

Тәуелсіздік- қасиетті ұғым. Оның мазмұны мен сипаты ешбір өлшеммен сараланбайды, табысына баға беру мүмкін емес, құндылығы өте қымбат.

Қамарсұлу:

Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні бұл

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні бұл


Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған

Ынтымақтың туын тіккен қастерлім

Орның бөлек сенің бізге қашаннан.


Асылхан:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


-видеоролик-көк тудың желбірегені

Менің елім

Хор:

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты,

Туымен тұғырлы!

Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз!


Отан дейміз кең – байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Бүгінгі тәуелсіздік күнінің төл мерекесіне арналған тәрбие сағатымызға қонақтарымыз келген болатын, ендігі сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісіне берейік-





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Елдігіміз бен ерлігімізді? белгісі-т?уелсіздік”

Автор: Белхаирова Асемгул Мустахимовна

Дата: 12.05.2015

Номер свидетельства: 210370


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства