Просмотр содержимого документа
«"Функционалды сауатты адам моделі" баяндама»
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Баяндама тақырыбы:
«Функционалды сауатты адам моделі»
(PISA бағдарламасы бойынша)
(әдістемелік бірлестік отырысы)
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Төлегенова Құралай Сайынқызы
Семей қаласы
Баяндама тақырыбы: «Функционалды сауатты адам моделі»
Құрметті әріптестер! Мен қазан айында Өскемен қаласында PISA бағдарламасы бойынша курсқа барып келдім. Қазір онда алған ақпарат туралы сіздермен таныстырамын. (Слайдтар арқылы осы бағдарламамен таныстыру.)
Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру - заман талабы.
Функционалды сауатты адам моделі жалпы қандай болу керек?
Функционалды сауатты адам моделі – бұл таңдауға және әрі қарай білім алуға, еңбек нарығында және қоғамдық өмірдегі жинақылыққа, өзіндік талдау мен өзіндік бағалау негізінде өзінің жеке ерекшеліктерін өздігінен жетілдіруге дайындалған адам. Демек, бұл түйінді құзыреттеріне ие адам. Біліктілік тәсілдеме жағдайларындағы білім беру мақсаты игерілген білім мен біліктерге сүйене отыра, алуан міндеттерді өздігінен шешуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Осылай, біліктілікті тәсілдеме жағдайларындағы білім беруде жанжақтылы тәжірибені алу, қалыпсыз жағдайларында білім мен біліктерді қолдану маңызды болып табылады.
Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда оқу пәнінің мазмұнын байытудағы ұсыныстар: ФС компоненті есебінен тапсырмалар (жаттығулар) жүйесін кеңейту. Ол үшін PISA Бағдарламасындағы тапсырмалардың үлгілеріне сүйену. (Қосымша: PISA зерттеулеріндегі 15 жастағы оқушылардың функционалды сауаттылықтарын бағалаудағы тапсырмалардың үлгілері). Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылықтарын қалыптастыру нәтижелеріне әзірленген талаптарды пәндердің мазмұнына ФС компонентін іріктеу кезінде бағдарлау үшін оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК авторларына ұсыну.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үрдіс нәтижесіне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру концепциясында жалпы білімді модернизациялау бағытымен қатар «білім беру жүйе ретінде жалпы адамзаттық және ұлттық этникалық құндылығымен адамның қарым-қатынасқа түсу жүйесі ретінде:өз-өзімен,басқа адамдармен (отбасы,ұжыммен) қоғаммен, табиғатпен, дінмен, мәдениетпен (материалдық және рухани) қаралады.
Сонымен қатар «орта білім берудегі мақсат түлектің базалық білімі, өмірлік рөлі ретінде берілуі:мейірімді адам; отбасының қамқор мүшесі;шығармашыл жеке тұлға; жауапты азамат;дені сау және жетілген тұлға ретінде қалыптастыру.
Мектеп түлегінің базалық компетенциясы оқушының басты және пәндік компетенциясының дамуымен жетеді.Негізгі компетенция құндылық пен қызығушылықты қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік және күнделікті адам өмірінің нормаларына: ақпаратты компетенция, коммуникативті компетенция, мәселелерді шешетін компетенция қалыптастыруға жағдай жасайды.
Негізгі компетенция білім беру салаларының әр қайсысынан күтілетін нәтижені анықтау үшін негіз болып табылады. Пәндік компетенция оқу курстарын бекіту және анықтайтын мағынасының мақсаты болып табылады. Пәндік компетенция кең көлемді спектор және оқу әрекетін сипаттаушы: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дағдылау,орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде қарау, шет тілде: туған тіліндей қарым-қатынасқа түсе алады,әдеби мұраларының құндылығын түсінеді және қажетті жағдайда пайдаланады,кең спекторде математикалық сауаттылық игереді, сондай-ақ, шығармашыл және ақпараттық,коммуникативті технологиялар мүмкіндігін тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады; әлемнің ғылыми суреттемесін терең түсіну арқылы және адамның табиғаттағы орнынын біледі;өз халқының өткен тарихын біледі, жалпы адамзаттық, отбасында әлеуметтік рөл атқаруда әлеуметтік-мәдени құндылықтарға жеке көзқарасын білдіре алады, басқа адамдармен бірге жұмыс істеумен бірігу,қазақ халқының, Қазақстан халқының және бүкіл әлем мәдениетін түсінеді және бағалайды, өздігінен бағыт таңдауда және мамандық бойынша өсу жолында өзінің бәсекелестікке сай қабілетін жоғарлата алады; денсаулығын қолдау,жұмыс істеу қабілеті мен жалпы өмірлік жолын бекіту мақсатында салауатты өмір салтын ұстанады».
Осыған сай оқытудың басты мақсаты жастарға алған білімін тәжірибеде қолдана алып,қоршаған ортаға жақсы қалыптаса алуға мүмкіндік жасайтын негізгі компетенция жүйесін қалыптастыру болып табылады Компетентті жол таба білу заманауи кезеңде әдістемелік негіз ретінде біз ұсынған негізгі компетенция есебінде ұстаздар белгілі бағытта қалыптастыру қаралуда.
Бастауыш білім деңгейінде нәтижеге жету жолында оқу пәндерінің мазмұнының компоненті.
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім беру саласында «Тіл және әдебиет» мазмұнында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне қызығушылығын арттыру үрдісінде тапсырмалар мазмұнын тәрбие бағытына бейімдеу,жолдастарының жұмысын тексеру дағдыларын қалыптастыру «Математика және информатика» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесінде тапсырмалар мазмұнында логикалық ойлау қабілетін дамытуды өз білмін және оның нәтижелерін, бағалай білуге негізделуі қажет. «Дүниетану» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыруда тапсырмалар мазмұны қоршаған орта әсемдігі, өзін әлемнің бір бөлігі ретінде түсіну, Табиғат-Ана туралы түсінікке бағытталуы керек. «Адам және қоғам» саласы бойынша жеке тұлғаны қалыптастыруда тапсырмалар мазмұны Қазақстан Республикасының азаматы ретінде ҚР Әнұранын жатқа білуші,ҚР мемлекеттік рәміздер, елінің тарихи қалыптасуы, көп ұлтты қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы түсінік беру бағытына негізделуі қажет. «Өнер» саласы бойынша оқу мазмұнын шығармашылық қызметке, өнер түріне қызығушылығын ояту бағытына негізделу керек. «Технология» саласы бойынша қажетті оқу материалдарының мазмұны өз әрекетін бағалай білу және шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын ояту және оның нәтижелілігін қалыптастыру бағытында негізделуі қажет. «Дене шынықтыру» саласы бойынша білім беруде оқу материалын өздігінен физикалық даму жолында белсенділік таныту мен салауатты өмір салты туралы түсінік беру бағытына негізделу қажет. « Тіл және әдебиет» саласы бойынша білім беру жолында оқу материалы мазмұны қоршаған ортаны түсіну қабілетін дамытуға негізделген бағытта жүргізілуі қажет. «Математика және информатика», «Дүниетану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология» және «Дене шынықтыру» салалары бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарын белсенді азаматтық бағытқа негіздеу керек. «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Дүниетану», «Адам және қоғам», «Технология» және «Дене шынықтыру» саласы бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарының мазмұны тарихқа,мәдениет,салт-дәстүрге, қазақ халқының және Қазақстан жерінде мекен етуші басқа этностарға құрметпен қарау, мемлекеттік тілге сүйіспеншіліктерін ояту және оны күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге негізделуі қажет. Барлық пәндер саласы бойынша білім беру жүйесінде оқу материалдарының мазмұны шығармашылық қабілетті қалыптастырумен басқаларды үйретуге негізделуі қажет. Барлық пәндер саласы бойынша оқу материалының мазмұны қазақ,орыс тілдерін күнделікті қолданыс аясында,стандарт көлемінде ағылшын тілін күнделікті қарым-қатынаста пайдалана алу бағытында негізделуі қажет. Барлық пәндер саласы бойынша ақпараттық құзыреттілік мазмұны дербес компьютер жұмысының бастапқы дағдыларын меңгеруге қалыптастыру бағытында негізделуі қажет (компьютердің негізгі құралдарымен); қоғам өміріндегі ақарат рөлін түсіну; ақпарат талдауын және бағалауды меңгеру. «Тіл және әдебиет» саласы бойынша білім беру жолында технологиялық құзыреттілікті қалыптастыру процесінің мазмұны ақпараттың графикалық бейнелеу құралдарына бағыттау қажет (кестелер, графиктер, сызулар).