Просмотр содержимого документа
«"Фастфуд" ?ылыми жоба»
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы:
Фастфуд
Орындаған: Сатаева Аяжан
4 “Ә”сынып оқушысы
Жетекшісі: Абуталина Айнур
2014-2015 оқу жылы
Жұмыстың мақсаты:
Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениеті мен ережелерімен таныстыра отырып, пайдалы және пайдасыз тамақтар туралы түсінік беру.
Жұмыстың міндеті:
–Күнделікті өмірде оқушылардың тұтынып жүрген тағамдары туралы мәліметтер жинау,
- Адам организіміне зияндылығын анықтау
2015 жылы Отандастарымыздың жас ұзақтығы 70 жасқа дейін, 2020 жылы 72 және оданда жоғары жасқа жетуі керек. Денсаулығын күтіп, жасты ұзарту әр адамның өз қолында. Медицина 20 % , ағзада қалыптасқан генетикалық код 25 % , қалған 55 % адамдардың өзіне байланысты.
Не ішіп, қалай жүргенімізге байланысты.
Статистика Қазақстандықтардың денсаулық көрсеткіштерінің күрт нашарлағанын көрсетіп отыр. Бұл еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Осыған бағытталған бағдарлама САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН деп аталады .
Фастфуд ( англ fast food –тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар.
«Фастфуд» термині ең алғаш рет 1951 ж Merriam-Webster сөздігіне енгізілген .
1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.
Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар фаст-фудқа 2011 жылы 142 миллирд доллар жұмсайтыны. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.
Гамбургер
Фри кортошкасы
Ход - дог
Сендвич
Донер - кебаб
Шаурма
Пицца
Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алатындықтан қазіргі кезде балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар көптеп кездеседі.
Фастфуд өнімдерін
қолданған адамдардың
есте сақтау қабілеті
нашарлайды
Бұндай тамақтардың құрамында майлар көптеп кездесетіндіктен, аптасына 1-2 рет қолданғанның өзінде адамның калориясын толықтырады.
Фастфуд өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.
Мысалы гамбургерде 250 гр калория бар. Бұл адамның 1 күнгі калориясы .
Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне , ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады.
Фастфуд өнімдері тез тойғызады.Оның әсерінен денеге безеулер түсіп, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді
11
* Тез әзірленетін тағамдар сататын кофитерилерге жиі бармағаныңыз жөн
* Өзіңізді фастфуд өнімдерінің орнына жеміс - жидектер, аз колориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз
* Фастфуд өнімдерің ең кішкене порциясын алыңыз
* Газдалған сусындардың орнына сақындатылған шай немесе түрлі жемістердің шырынын ішіңіз
* Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз
* Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз
Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Қ алың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім.