Просмотр содержимого документа
«Болаша??а ба?даршам»
Болашаққа бағдаршам
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу.
Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз .
Тренинг «Мамандық магазині»
Магазин- мылтықтың оқшантайы, кез - келген оқушыға бір мамандық аталады, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.
еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Таңдағым келеді
Жасай аламын
Үйрену керек
«Мамандықтар классификациясы»
Орыс академигі,психолог Климов мамандықтың бірнеше классификациясын көрсетті
Адам – табиғат:
Адам – көркем образ:
бұл тип мамандары өлі және тірі табиғатпен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
Адам – адам:
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдағандар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек . Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, аудармашылар
Адам – техника:
объект– басқа адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.
“Мамандықтар тоғысы”
“Адам мен адам”
және
“Адам мен табиғат”
мамандықтарына көрініс қой.
Пікірталас.Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады
2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
3. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
4. Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Мамандық таңдау – қиын іс
Постер қорғау
Гуманитарлық және Жаратылыстанубағыттарындағы мамандықтар саласы. Осы мамандықтардың жетістіктері мен қиын тұстары
Физика пәні бойынша таңдауға болатын мамандықтар
050109 - Математика (мұғалім) - 74
050110 - Физика - 82
050111 - Информатика 80
050602 - Информатика (программист) - 87
050611 - Астрономия - 76
050702 - Автоматтандыру және басқару - 92
050703 - Ақпараттық жүйелер - 92
050706 - Геология , пайдалы қазбалар кен орындарын барлау - 77
050707 - Тау-кен ісі - 75
050708 - Мұнай-газ ісі - 85 (ҚБУ-86)
050709 - Металлургия - 74
050712 - Машина жасау - 77
050713 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары - 83
050714 - Авиациялық техника - 79
050715 - Теңіз техникасы және технологиялары - 60
050717 - Жылу энергетикасы - 81
050718 - Электр энергетикасы - 87
050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - 93
050725 - Ағаш өндеу технологиясы - 69
050726 - Жеңіл және тоқу өнеркәсібі - 72
050729 - Құрылыс - 81
050730 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру - 78
050731 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі - 85
050732 - Стандарттау, метролгия және сертификаттау - 92
050807 - Орман шаруашылық ісі - 84
050901 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - 92
Биология пәні бойынша мамандықтар:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - 81
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі - 89
Педагогика және психология - 92
Дефектология 84
Психология 91
Биология - 91
Экология - 90
Биотехнологи - 93
Агрономия - 78
Зоотехния
Аң өсіру және аңшылық - 74
Балық шаруашылығы - 79
Мейіркештік ісі - 82
Қоғамдық денсаулық сақтау - 85
Ветеринарлық медицина - 79
Ветеринарлық санитария - 81
Қоғамдық денсаулық сақтау 85
Стоматология - 95
Химия пәні бойынша мамандықтар
5В011200 - Химия
5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы;
5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы(сала бойынша)
5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы
5В073700 - Пайдалы қазбаларды байыту
5В074800 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
5В075300 - Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
5В110300 - Фармация
География пәні бойынша мамандықтар
5B011600 – География 92 (Ауылдық квотамен: 91);
5B050600 – Экономика;
5B050700 – Менеджмент;
5B050800 – Есеп және аудит;
5B050900 – Қаржы;
5B051100 – Маркетинг;
5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;
5B061000 – Гидрология 86 (АК: 84);
5B061200 – Метеорология 88 (АК: 85);
5B071100 – Геодезия және картография 91 (АК: 89);
5B090200 – Туризм 93
5B090500 – Әлеуметтік жұмыс 96 (АК: 94);
5B051400 – Қоғамдық байланыс;
5B090300 – Жерге орналастыру;
5B012000 – Кәсіптік оқыту (білім беру);
Қазақ әдебиеті пәні бойынша мамандықтар тізімі:
050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті
050418 - Кітапханатану және кітапнама (библиография)
050205 - Филология
050422 - Баспа ісі
ps: Басқа да мамандықтар бар, таңдау пәніне қарамайды. Тек қосымша шығармашылық емтихан тапсыру керексің. Журналистика солардың ішіне кіреді. Олар - көбіне өнер, музыкаға байланысты мамандықтар.
Шет тілін таңдасаңыз
Халықаралық қатынастар
2 шетел тілі (мұғалім)
Аударма ісі
Халықаралық құқық
Аймақтану
Дүние жүзі тарихы бойынша мамандық
Тарих
Философия
Социология
Мәдениеттеану
Мұражай ісі
Археология және этнология
Дінтану
Құқықтану және құқық қорғау қызметі
Саясаттану
Тюркология
Юриспруденция
Кеден ісі
Политология
21 ғасырда ең қажетті мамандықтар
1
2
Жарнамалау агенті
3
копирайтер
жарнама бағыттарын, түрлерін ойлап табады, жарнама хабарландыруларын құрастырады,
Аудитор мамандығы
4
мәтіндер құрастырады, бұқаралық ақпараттармен жұмыс жасайтын маман.
5
Маркетолог.
ең жоғарғы табысты мамандықтардың қатарына жатады. Аудитор компанияның қаржылық жағдайына сараптама жасайды, баланстардың дұрыс жасалынуын және салықтардың дұрыс төленуін тексереді.
6
Мерчендайзер
Базарда тауарды өзкізу немесе қызмет көрсету істерімен айналысады, сатуды ұйымдастырушы, тауар қандай, оны кім пайдаланады, құны қанша, маркетингтік зерттеу жасайды және бәсекелес туарларды сараптайды. Нәтижесінде ол тауарды базарда өткізудің жоспарын жасайды.
Web – дизайнер және Web – бағдарламашы
7
бөлшектік сауда өз фирмасының тауарларын ұсынады. Оның басты міндеті өз фирмасының тауарының сақтықта болуын қадағалау, дүкендерге тауарын жарнамалау, тауардың бағасын түзетіп отыру. Сондықтан өзіне бекітілген дүкендерді үнемі айналып өтіп, олардың жаңдайларын біліп отырады.
жүйелік әкімшілік
мамандары сайт жасайды
қызмет көрсетушілердің, компьютерлік жүйенің қауіпсіздік жұмыстарымен айналысатын құралдар мен бағдарламаны қамтамасыз етуге жауап береді.
Қазақстандағы сұранысы жоғары мамандықтар
АҚШ- тағы сұранысы жоғары мамандықтар
Сергіту сәті
Жұмбақ жанның жан айқайы
Мен мектеп өмірінде өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Арманым-алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойған.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Сұрақ- жауап :
1-топқа сұрақ
2-топқа сұрақ
Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
«Әріпті мамандық»- ойыны
Берілген әріптерге сәйкес мамандықтарды үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ата. тапқан мамандықтардың қыр - сырын айт.
І - топ: «П»,ІІ - топ: «М»
Әлемдегі қызық мамандықтар
Тестік тапсырмалар:
Ең ақшасы көп мамандық қандай?
а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б / бухгалтер, экономист
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау»
Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар!
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Егер мамандық туралы тағы да сұрағың болса...
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!