Просмотр содержимого документа
«Авторлы? ба?дарлама "Ауылым"»
Тақырыбы: Туған өлке
Туған өлке
Туған өлке қандай қымбат
Көз жүгіртсең сұлу сымбат.
Мақтан тұтам әр кезіңмен
Қуанышты сезімдермен.
Мақтан тұтам, Көқ қия тауыңменен
Қуыстан соғатұғын , таза ауа желіңменен
Жолаушының жолында жатқан ағып
“Долан топша” емдік суыңменен
Екі ауылды біріктірген өзегімен
Мақтан тұтам”Бүйен “өзенімен
Туған өлке ыстық қой сезсе деймін,
Келешек ұрпақтарым білсе деймін.
Зауре Ғалиоллақызы
Бастауыш сыныптарда оқытылатын «Туған өлке» таңдау пәні бағдарламасы
Түсініктеме
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы болып отыр. Сондықтан баланың қызығушылығын, білімін,қабілетін, Отанына деген сүйіспеншілігін, дүниетанымын кеңейту «Туған өлке» арқылы жеткізу тиімді.
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып,еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдері туралы мағлұматтарды толықтыра отырып қызықтыру.Туған жерінің тарихын,оның ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту.
Мақсаты:
Бастауыш сыныптарда бала бойындағы көзге көрінбейтін ішкі сезімі мен рухани дүниесіне көңіл бөле отырып, балалардың туған өлкесіне деген махаббатын арттыру, Отанына деген ыстық сүйіспеншілікке ,адамгершілік қасиеттерге баулу.
Міндеттері:
Әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарау және олардың рухани қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау;
Заман талабына сай оқушының сауаттылығын арттыру:
Оқушы бойында адамгершілік қасиеттердің болуын дәріптеу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік, Отансүйгіштік негіздерін қалыптастыру және оны дамыту үшін жағдай жасау.
І Ұйымдастыру кезеңі Балалармен амандасу, құрал-жабдықтарын түгендеу ІІ Жаңа сабақ Туған өлке нені оқытады?
Туған өлке
Күнің де,түнің де ыстық маған туған жер
« Көк қия» тауы
Қасиетті бүйенім
« Бүйен» өзені
Ешкім,ешқашан ұмтылмайды
Алтын ұя мектебім
Имандылыққа бет бұру
І.Жансүгіров ескерткіші
Мәдениет үйі
Әкімшілік
-Балалар, туған өлке суреттерінен қандай әсер алдық? Туған өлкенің табиғатын суреттейік? Қандай әсем жерлерді білеміз? Өзімізге ұнайтын жерлердің суретін саламыз.
Тыныштық сәті
Сурет саламыз
Өлеңді жалғастыр Неткен сұлу, неткен көркем Осы менің туған өлкем ....