Lesson Study-ді? рефлексивті, ?айталамалы ж?не бірлескен т?жірибесі к?нделікті саба?та, к?рделі о?у а?паратын іріктей алатын т?жірибелі ?стаздан, екінші д?режелі а?паратты елеп тастап, тек ?ажеттісін ?ана іріктеп алу?а к?мектесетіндігі белгілі болып отыр. Б?л туралы Питт Дадлиді? н?с?аулы?ында да айтыл?ан. Б?л о?у а?паратыны? ?ада?аланатын о?у?а тікелей ?атысты б?лігін ?ана бас?аруды ?амтамасыз ететін тамаша даму сатысыны? ??рыл?ысы десе де болады. Lesson Study т?сілі м??алімдерге оларды? ?мір бой?ы т?жірибесін с?згіден ?ткізіп, зерделеуге к?мектеседі. «Б?л сыныпта болып жат?ан н?рселерге бас?аша ?арауыма м?мкіндік берді» деген ой т?йін жасататын Lesson Study т?сілін жоспарлау с?тіне шолу жасадым. Саба? жоспарын бірлесіп жоспарлау?а кіріспе с?тіні? сипатымен таныстыратын "Зерттеу саба?ын ?йымдастыру кезе?і туралы есебімді" ?сынып отырмын.
Просмотр содержимого документа
«Зерттеу саба?ын ?йымдастыру кезе?і туралы есеп»
Рефлексивтік есеп
Тәлімгерлік сұхбат
17.10.2015 күні оқу ісінің меңгерушісі Нысанкулова Фатимамен тәлімгерлік сұхбат өткіздік. Мектептің даму жоспарының ағымдағы жоспарына сәйкес мектепішілік зерттеу сабақтарының циклін бастау туралы пікірлестік. Оқу мақсаттарының сәйкестігіне қарай мұғалімдерді үш топқа бөліп, талқылауға салатын бірнеше нұсқадағы зерттеу сабақтарыныңбағыты мен мақсаттарын жобаладық. Алдын ала жобалау бойынша үш топ құрамын жасадық:
Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінің зерттеу тобы.
Топбасшысы - Б.Бишеева, хатшысы – Г.Сейдахметова.
Гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерінің зерттеу тобы. Топбасшысы – Н.Налибаев, хатшысы – Р.Эрназаров.
Бастауыш сыныптар пәні мұғалімдерінің зерттеу тобы. Топбасшысы – Г.Пернебаева, хатшысы – Р.Патсаханова.
Әрине топтық талқылауға салынады, іншара өзгерістер болары да сөзсіз. Ең бастысы жұмыс жобасы мен жоспарын жасау!
Пікірлер алшақтығы туды. Үш зерттеу тобы үшін үш мақсат аламыз ба, әлде бір мақсат аясында жұмыс атқарып көреміз бе? Мақсатты айқындасақ, зерттеу бағыттары мен критерийлерінің жобасын да даындауды жоспарладық. Мен алдын ала өз ұсыныстарымды жасадым. Енді топтарды жинап, мақсатты анықтау керек. Бірінші кезекте топ мүшелеріне зерттеу сабақтарының циклдерін түсіндіретін дөңгелек үстел ұйымдастыратын болып келістік. Әр пән бірлестіктерінің жетекшілеріне шығармашылық топтпарын жинап, алдымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, яғни дөңгелек устел өткізуді айттық.
Дөңгелек устел отырысы
Жаратылыстану пән бірлестігінің шығармашылық тобымен дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел отырысы кезінде талқыланған негізгі тақырып Питт Дадлидің «LessonStudy:нұсқаулығындағы» талқылануы қажет мәселелер болды. «Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.». Талқылаудағы материалдар топ мқшелері арасында зерттеушілік әңгіме түрінде талқыланды.
LessonStudyжүргізуді талқылау кезі
Топ жетекшісі Б.Бишеева дөңгелек үстел басындағыларға 1-суреттегі циклді талдап түсіндірді. Ол LessonStudyтәсілі кем дегенде үш LessonStudy-дентұратын циклден құралатынын, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып, қадағалайтынын және талдайтынын түсіндірді.Төмендегі мәтінді үстел басындағыларға бөліп беріп, зерттеушілік әңігіме арқылы пікірлерімен бөлісті. Топ мүшелеріне пікір алмасу мақсатында мәтін жазылған үлестірмелер таратып берді. Бірінші қатысушыға: «Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігінемән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі.»
Екінші қатысушыға: «Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999).»
Үшінші қатысушыға: Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын».
Төртінші қатысушыға: «Мәселен, тәжірибелік білімдері егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп, кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білімі өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді».
Бесінші қатысушыға: «Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, тек маңыздысына немесе оқыстарына ғана көңіл аударып үйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді».
Алтыншы қатысушыға: «LessonStudyтәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, LessonStudyдайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз LessonStudyбарысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады».
Жетінші қатысушыға: «LessonStudyтәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, LessonStudyмұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді».
Қатысушылар өз үлестірмелеріндегі мәтінді талқылай отырып, әріптестерімен зерттеушілік әңгіме өрбітті.
Ой қорытындылары бойынша «(Dudley, 2011b) Lesson Study-дің рефлексивті, қайталамалы және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін түсінді. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін ғана басқаруды қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы бөліктері қажетсіз болатынын білдіреді. Lesson Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі».
Түйін сөз: «Бұл сыныпта болып жатқан нәрселерге басқаша қарауыма мүмкіндік берді».
Топ басшысына не істеу керектігі туралы
Бірінші LessonStudy-діжоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір сағат).
LessonStudyкезінде олардың уақытын бағалаңыз және LessonStudyаяқталғаннан кейін бірден немесе көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық танытыңыз.
LessonStudy-діжүргізетін топқа өз нәтижелерін әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.).
Топтың бұл мүшелерін келесі LessonStudy-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдалану керектігін түсіндік. Зерттеу тобы алғашқы жоспарлауға кірісті.
Түйінді ой:«Адамдардыңреакциясынкөрумаңызды: егер бірнәрсеқолданкелмесе де,ол«қаралыоқиға»депқабылданбайды,себебіадамдароныбірлесіпжоспарлады.
Бірінші цикл
Жаратылыстану пән бірлестігінің шығармашылық тобы ұйымдастырған зерттеу сабақтарының бірінші циклі 29.10.2015 жылы өтті. Шығармашылық топ жетекшісі болып Б.Бишеева бекітілді. Мүшелері:
Сейдахметова Г.
Тасболатова Г.
Алимкулова Б.
Мырзиярова Н.
Таева Г.
Оразова Г.
Маханова А.
Юлдашева Г.
Пазылбекова Ұ.
Есимова Қ.
Бірінші кездесу. Топ мүшелері бірлестікке ортақ мақсаттың мектептің даму жоспарына сәкес, мектептің негізгі проблемасы аясында алу туралы ұйғарым жасады. Мектептің даму жоспарының тақырыбы: «Диaлoгтық оқыту арқылы оқушылардың cыни oйлayын қaлыптacтырy».
№
Мaқcaттaр (Cмaрт)
1
Оқу үдерісінде оқыту тәсілдерін қолдана отырып сын тұрғысынан ойлау арқылы диалогтық оқытуды 40 % дамыту
2
Коучинг және тәлімгерлік үдерісінде диaлoгты oқытyдың тиiмдi жoлдaрын 40 % арттыру
3
Оқyшылaрдың тoппeн, жұппeн жұмыc жaсау арқылы сыни ойлау және өзін-өзі реттеу дағдысын 60 % қалыптастыру
4
Оқытy мeн oқyдaғы көшбacшылықты жәнe бөлiнгeн көшбacшылықты 50 % дaмытy арқылы сыртқы қоғамдастықты жетілдіру
СМАРТ бойынша талданған «Оқу үдерісінде оқыту тәсілдерін қолдана отырып сын тұрғысынан ойлау арқылы диалогтық оқытуды 40 % дамыту» мақсаттың аясында: «Оқыту мен оқуды жақсарту үшін әдістерді тиімді қолдану арқылы топтағы жұмысты ынталандыру» зерттеу сабағының мақсаты деп келісті.
Сабақ жоспарының шаблоны:
a) Оқытудың/оқудағы тәсілі
b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)
c) Оқытудың нақты нәтижесі
d) Сабақ
e) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (A)
f) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (B)
g) Оқушылар үшін оқыту нәтижелері (C)
Топ мүшелерін зерттеу кезеңіне толық қамту үшін, бір сабақтың өзінде бінеше бағыттағы зерттеуді жоспарлауды ойластырып, төмендегі критерийлерді талқылап, қолданып, әрі қарай жетілдіруге келісті.