Просмотр содержимого документа
«жыл о?ушысы сыныптан тыс шара»
Саға негізгі мектебі
Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:
М.М. Бокашев Р.А.Жумагалиева
« » --------2016ж « »-----------2016ж
Тақырыбы:
«Жыл оқушысы-2016»
Өткізген:Балгарина Саржан
2015-2016 жылы
Тақырыбы:«Жыл оқушысы- 2016» мектепішілік байқау
Байқаудың мақсаты:мектеп оқушыларының арасынан ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани –танымдық жағынан өздігінен талпынатын, көшбасшылық қабілеті мен өзі ұстанатын өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау. Байқауға қатысушылар: 7-8-9- сынып оқушылары.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар. Мектебімізде ұйымдастырылып отырған"Жыл оқушысы - 2016" байқауына қош келдіңіздер! Жүргізуші: Бүгінгі күн – білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн! Бүгінгі күн – өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні! Бүгінгі күн – оқушының жұлдызы жанған күні! Сонымен, алдарыңызда, «Жыл оқушысы - 2016» сайысына қатысушылар. Олар үздіктер,олимпиада жеңімпаздары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары, оқу шеберлері, спорт майталмандары мен өнер тарландары! Қарсы алыңыздар!
Бұл сайыскерлер сайыстың әр қырынан жұлдыз болып көріне алады. Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз. Біз –ой өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
Жүргізуші: Әділқазы, аққазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем, Жүйрік озар байқауларда неше бір. Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, демекші, ендігі кезекте әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік. Мектеп директоры – М.М.Бокашев Оқу ісінің меңгерушісі – Р.А.Жумагалиева
Тәрбие ісінің меңгерушісі-М.Т.Бримбетова Байқауымыздың шарттарымен таныс болыңыздар: І. «Мен – өз елімнің ұланымын» Өзін – өзі таныстыру. ІІ. «Өнерлі өрге жүзер» Өз өнерін көрсету. ІІІ. «Кім үздік?» Блиц-турнир. ІV. «Білімді мыңды жығар» Бейіндік сұрақтар. V. «Егер мен .....» Жоба қорғау.
Жүргізуші: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанатты. Мен жастарға сенемін-деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдірген ақын Мағжан Жұмабаевтың сенімін сөзбен емес іспен көрсететін жастарымыз ендігі кезегімізді
«Мен – өз елімнің ұланымын» атты өзін – өзі таныстыруға береміз. Ал, сайыскерлер барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Жүргізуші:Таныстыру кезеңі бойынша әділқазылардан бағалауын сұраймыз. Жас мұраты білім, тәлім талабы, Өнер, оқу – жастық қару жарағы –демекші бүгінгі байқауға қойылатын екінші шарт «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. Жүргізуші: Екінші кезең бойынша бағаларын білсек. Сараланар сайыскерлер білімі, Білімділер озар бүгін ілгері,- деп келесі кезекті
«Кім үздік?» кезеңіне берейік.
Жүргізуші: Бұл кезеңде әр сайыскерге жалпы пәндер бойынша 10 сұрақ қойылады. Мұнда сіздердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез жауап берулеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.
3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (екіге ашық пен қысаң)
4. Теріс иондарды қалай атайды? (аниондар)
5. «Тұманды Альбион» қай елге қатысты? (Ұлыбритания)
6.Тарихтың атасы? (Геродот)
7. Латын тілінен аударғанда «дөңгелек сымдары» мағынасын білдіреді? (Радиус) 8.Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медалмен оралған боксшы? (Б.Артаев)
9. «Моно Лиза» картинасының авторы? (Леонарда да Винчи)
3.Халық поэзиясының алыбы, ХХ ғасыр Гомері? (Ж.Жабаев)
4. Есту мүшесі? (құлақ)
5.Тау жынысьтарының жел әсерінен үгілуі? (эрозия) 6.Мойыны ұзын жануар? (Жираф)
7.Д.Менделеев кім? (Химия саласының майталманы)
8.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған? (Қажымұқан Мұңайтпасов) 9.Хеопс перғауынға арнап салынған пирамиданың биіктігі? (150м) 10.ҚР-тұңғыш Конституциясы қабылданды? (1993 ж 28 қаңтар)
Жүргізуші: Әділқазылар кезеңнің бағасын көрсетсе.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын,- деп біз байқауымыздың келесі кезеңіне келіп жеттік. Жүргізуші: Бұл кезең ІV. «Білімді мыңды жығар» деп аталады сайыскерлер бейіндік пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
- сынып оқушысы - Жаратылыстану бағыты бойынша
Таңдау пәні: «География»
1.Францияның астанасы? (Париж)
2.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)
3.Қазақстанның шығысындағы тау? (Алтай)
4.Қоршаған орта туралы ғылым? (экология)
5.Икарус автобусы шығатын ел? (Венгрия)
6.Жапонияның ұлттық валютасы? (йена)
7.Көңіл –күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген? (Африка) 8.Жер шарын айналып шыққан саяхатшы? (Ф.Магеллан)
9.Табиғатты зерттеуші жас ғалым? (натуралист)
10. «Қазақстан Швейцариясы» деп аталған өлке? (Көкшетау)
Жүргізуші: - сынып оқушысы Гуманитарлық бағыты бойынша Таңдау пәні:«Қазақ әдебиеті»
1.«Егемен Қазақстан» газетінің 1920жылдардағы аты? («Еңбекші қазақ»)
2.М.Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өткен? (Мысыр)
3.Сұлтанмахмұдтың балалық шағы өткен жер? (Павлодар)
6.Диффузия деген не? (әр түрлі зат молекулаларының араласуы)
7.Өткізгіштерді жалғаудың неше түрі бар, қандай? (екі, тізбектей, параллель)
8.Линзаның түрлері? (жинағыш, шашыратқыш)
9.Өтімділігі ең жоғарғы сәуле? (гамма)
10.Атомның құрамында қанша электрон бар? (қанша протон болса, сонша электрон)
Жүргізуші: - сынып оқушысы Гуманитарлық бағыт бойынша Таңдау пәні: «Қазақ әдебиеті»
1.«Мал жимақ», «Адамдық борышың» атты өлеңдер авторы? (Ш.Құдайберді ұлы) 2.Сопылық әдебиет өкілі? (А.Яссауи) 3.Абайдың қазақ өлеңіне енгізген ұйқас түрі? (Шалыс ұйқас) 4.Абайдың Гете мен Лермонтовтан аударған өлеңі? (Қараңғы түнде тау қалғып)
5. Б.Майлин оқыған медресе қай қалада орналасқан? (Уфа)
8.«Қызыл жебе» романының авторы? ( Ш.Мұртаза) 9.Ең алғаш қазақ даласына сауат ашу мектебін ашқан? (Ы.Алтырсарин) 10.Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім, деп басталатын үзінді авторын тап? (С.Торайғыров)
Жүргізуші: - сынып оқушысы Жаратылыстану бағыты бойынша Таңдау пәні: «Биология»
1.Қан топтарын ата? (І,ІІ,ІІІ,ІҮ)
2.Мейоздың неше фазасы бар? (Төрт фаза)
3.Балықтарды зерттейтін ғылым? (Ихтиология)
4.Генетиканың негізін салушы ғалым? (Чех жаратылыс зерттеушісі: Грегор Менделль)
5.Бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы? (Онтогенез)
6.Қан қысымын өлшейтін құрал? (Тонометр)
7.Адам жүрегі неше бөліктен тұрады? (Төрт)
8.Ұлулар типінің үш классын ата? (Бауыраяқты ұлулар, Қос жақтаулылар, Басаяқтылар)
9.Мәдени өсімдіктердің орталықтарының саны қанша? (7)
10.Адам анатомиясы деген ғылым? (адам ағзасының құрылысы, атқаратын қызметі, дамуы туралы)
Жүргізуші: Әділқазылардың бағалауын сұраймын.
Ал, сіздерге, балалар, Ақыл ойды саралар. Жауапты сәт туды енді, Жеңіп шығар даралар,-деп байқауымыздың соңғы кезеңіне берейік.
Бұл кезеңде әрбір сайыскер «Егер мен.....»деп аталады. Қазір ортамызда 5 оқушы бар білімі мен біліктілігін ортаға салмақ. Сіздерге бір тақырып беріледі. 10 минут уақыт ішінде сол тақырып бойынша жоба жасайсыздар. Жобада мақсаттар, міндеттер, атқарылатын жұмыстар көрсетілуі тиіс. Яғни, оқушы бұл тақырып бойынша не істейді, нені жақсартады, неге көңіл бөледі, соны көрермендерге жеткізуі керек. Ендеше іске сәт, сіздерге берілетін тақырып: «Егер мен ауыл әкімі болсам»Жүргізуші:Сайыскелеріміздің жобасы дайын болғанша келесі кезекті әнге берейік.
Ән:
Жүргізуші: Соңғы кезеңіміз бойынша әділқазылардан баға сұрап, сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға уақыт беріледі.