kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ж?регіммен жасаймын жа?сылы?ты" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты.
Сынып:  1"А"
Та?ырыбы:"Ж?регіммен жасаймын жа?сылы?ты".
Ма?саты:
Білімділік:?зара досты?,"жа?сылы?"??ымдары,адамгершілік ??ндылы?тары ж?нінде т?сінік беру. Адам бойында?ы ??нды ?асиеттер туралы т?сініктерін ке?ейту.
Дамытушылы?: ?зін ж?не айналасын с?юге,жа?сы к?руге деген ниеттерін ояту.
Т?рбиелік: ?орша?ан орта?а жа?сылы? жасай білуге т?рбиелеу.
К?рнекіліктер:  интербелсенді та?та, слайд, шар, жапсырма ?а?аздар, геометриялы? пішіндер, мультфильм.
?діс-т?сілі: с?ра?-жауап, баяндау.
Саба?  т?рі: саяхат саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ж?регіммен жасаймын жа?сылы?ты" т?рбие са?аты»

Тәрбие сағаты.

Сынып: 1"А"

Тақырыбы:"Жүрегіммен жасаймын жақсылықты".

Мақсаты:

Білімділік:өзара достық,"жақсылық"ұғымдары,адамгершілік құндылықтары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге,жақсы көруге деген ниеттерін ояту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд, шар, жапсырма қағаздар, геометриялық пішіндер, мультфильм.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі: саяхат сабақ.


Сабақтың барысы:

-Балалар бүгін біздер"Алтын жүрек"қалашығына саяхатқа шығамыз.(слайд)Ол елге бару үшін өз жүрегіміздің қандай екенін білейікші.

Мұғалім:-Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кіщкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.

-Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?

-Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?

Балалар жүректерін ұстайды.

-Менің жүрегім қамқоршы.

-Менің жүрегім жылы.

-Менің жүрегім қуанышты.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

"Балапан және оның достары"мультфильмін көрсету.

-Балапан нелерді кездестірді?

-Қандай жақсы істерді істеді?

-Достарымызбен қандай қарым-қатынаста болуымыз керек?

Балаларың әрқайсысы өз ойларын айтады.

Мұғалім:

Ал біздің сыныптағы балалар қандай екен?

Хормен:Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар, біз бүгін адам бойындағы жақсы қасиеттер жөнінде әңгімелейміз.

-Балалар "жақсылық"деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жақсы адам-ол қандай адам?

(балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырады)

Балалар, дұрыс айтасыңдар, яғни адам бойындағы жақсы қасиеттер ол-үлкендерге көрсеткен көмегі, кішіге қамқор болуы, ұлы табиғатты аялап, мәпелеуі, яғни ағаштарды сындырмау, жерге, суға қоқыс заттарды тастамау, құстар мен жан-жануарларды қамқор етіп, туған жерге деген сүйіспеншілігі жақсы адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді.

Балалар сендердің бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?

(балалрдың жауаптары тыңдалады).

"Жақсылық жасау үшін не істеу керек?"

1.Отбасы мүшелеріне қалай жақсылық жасаймыз?

2.Достарымызға қалай жақсылық жасаймыз?

3.Отанға қалай жақсылық жасаймыз?

4.Табиғатқа қалай жақсылық жасаймыз?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

(Балаларды 3 топқа бөліп геометриялық пішіндерден құстарға жемсауыт жасату).

"Иә,жоқ"ойыны:

Мен бәріне әрқашан,

Көмектесуге дайынмын.

Осындай іс болғанда

Мен әрқашан деймін иә-иә-иә!

Үлкендерді сыйлаймыз ба?

Ағаш отырғызамыз ба?

Анамызға көмектесеміз бе?

Балаларды ұрамыз ба?

Інімізді киіндіреміз бе?

Мысықты бағамыз ба?

Құсқа жем саламыз ба?

Ауаны ластаймыз ба?

Гүлге су құямыз ба?

Ұяны бұзамыз ба?

Жақсылық жасаймыз ба?

Дәйексөз "Жақсылық жасаған да-бақыт..."

Сергіту сәті:

Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау-менің оң қолым,

Мынау менің-сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау-менің сол аяғым,

Мынау-менің оң аяғым

Жақсылыққа апарады.

"Табиғаттың даналық асыл сөздері"(Слайд бойынша рет-ретімен көрсетіп түсіндіру).

1.Жақсы болсаң, жердей бол

Бәрін шыдап көтерген.

2. Әркімге сүйіспеншілік сыйлап, Күндей бол!

3. Ағашқа ұқса-Жақсы істер жаса,жасаған ісіңе мақтау күтпе!

4. Теңіздей бол:Сенің ойларың таза болсын!

5.Аққудай бол:Өмірден тек жақсысын таңда,жақсыға ғана қара, жақсыны тыңда және тек жақсылық жаса!

6.Лотос гүліндей бол: Жүрегің әрқашан ашық болсын!

7. Құмырсқадай бол- Басқалармен бөлісе біл!

8.Таза болсаң судай бол

Бәрін жуып кетірген.

Біреуге жақсылық етсең-

Ол жақсылықты міндет етпе! (М.Әуезов)

Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды-деген сөз жазылады.

Осымен біздің саяхатымыз аяқталды.

Қорытынды:

-Біз "Алтын жүрек "қалашығында не үйрендік?

Жақсы сөз- жақсы тілек,

Болайық ізгі ниетті.

Жақсылық ойлап кісіге,

Тілейік үлкен кішіге!- дей отырып тамаша сөздермен әр оқушыға ,келген қонақтарға алдарындағы жүрекшені ұстатып өз тілектерін айтқызып жүрекшелерді жапсырту,үлкен жүрекшені жақсы тілектерге толтыру.

"Жақсылық жасаған бақыт" - деп айналаңа жақсы істер жасап,қуантсаң, көңілің әрдайым қуанышқа толып, бақытты боласың.

Әрдайым жүрегімізде мейірімділік пен жақсылық болсын.








Ж.Р.Нурсагатова

бастауыш сынып мұғалімі.

Бесқарағай ауылы

Үлкен Владимировка орта мектебі



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Ж?регіммен жасаймын жа?сылы?ты" т?рбие са?аты

Автор: Ж?лдыз Райхановна Нурсагатова

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства