Просмотр содержимого документа
«Жасай бер, жайна-Астана»
Мерзімі: 15.03.2013 ж
Сыныбы:4Б
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жасай бер, жайна – Астанам! ( оқудағы жаңалықтар) Мақсаты: 1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. 2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту. 3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип. Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу Түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: Әріптер, «Астана –бас қала» оқушылар жасаған фотогалерея Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
І. Ой қозғау. Оқушыларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнін тыңдату. Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ән тыңдадық деп ойлайсыңдар? Ия. Себебі, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі болған Атананың құрметіне арналмақ. - Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі? - Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.
Олай болса, менің қолымдағы фигураларды алып, топқа бөлініп, топтарымызды қаламыздың айшықты жерлерімен атап, кешімізді жалғастырамыз.
Аружан:
Астана – Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 710 шаршы шақырым. Тоғыз жолдың торабында, Республика территориясының төрінен орын тепкен. Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді. Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.
ІІ. Мен білетін... (Ойларын ортаға салу). Әр топ өз аттары туралы, Астана қаласының айшықты жерлері туралы не біледі екен? Ойларын ортаға салсын.
Роза:
«Бәйтерек» монументі. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді
Мардан :
«Хан шатыры» Астанадағы «Хан шатыры» - Елбасының идеясы бойынша ағылшын сәулетшісі Норман Фостердің сызған жобасы. Кешеннің төбесінде үлкен антенна бар. Бұл антенна - сәукеленің үкі тағатын жері, эстетикалық жағынан сымбаттылық береді. Бұл-100 метрлік ғимараты «Sembol» деген түрік фирмасы салған.
Амира:
«Нұр Астана» мешіті. Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі-43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
Айша:
«Тәуелсіздік Сарайы» Тәуелсіздік Сарайы 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ескі мен жаңаның үйлесімділігі бойынша жасалған бірнеше зал бар. Мәселен, 3082 адамға арналған Конгресс-залы, 268 орындық Рәсімдеу залы, 220 орындық Баспасөз орталығы мен 678 адамға арналған сахна мен мейрамхана орналасқан. Екінші қабат қолөнер және этнография, археология және антропология галереясына арналған. Оның ішіндегі археология залында Алтын адам, Сармат батыр, Барел аттары, құпия жазулары бар тастар сияқты сирек кездесетін ежелгі жәдігерлермен таныс боласыз. Үшінші қабатта Астана қаласы тарихының мұражайы орналасқан. «Астана-2030» макет залы елорданың 2030 жылға дейінгі даму көріністерін көресіздер.
ІІІ «Сезімнен туған өлеңдер» (эссе - Кәне, балалар, Астана туралы өлең жаттап, эссе жазып келгеніміз бар ма?
Рамазан:
Ақмола небір тарих көрген қала, Арқада Ақмола боп өнген қала. Тілгенде темір төсін темір түрен, Жалаулап жаңа қауым енген қала.
Фатима:
Астана - ару қала, аппақ қала, Көрінген көкжиектен асқақ дара, Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан, Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана.
Еламан:
Астана - арман қала, Бағы бар жанған қала. Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Астана - сұлу қала, Біз оны анамыздай Сүйеміз шынында да.
Айбар:
Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның Мақтанышы астанам. Қарыштап алға бас қадам Отанымның жүрегі, Елорда – менің Астанам.
Мадияр:
Астанам - бағы биік асқарымсың, Астанам - мәңгі жарық аспанымсың. Астанам - пейіш қала, ел арманы, Астана қайда жүрсем мақтанышым.
Айгерим:
Астана шапағаттың шуағындай, Астана махаббатың тұрағындай. Астанам - періштелер мекенісің, Астанам Қазақстан тұмарындай. Оқушылар үйден жазып келген эсселерін оқиды.
IV. Викториналық сұрақтар. «Ойлы болсаң – озып көр» айдары.
Назым:
1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті? (жеті жүз мың) 2. Астана рәмізі «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты) 3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр) 4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? («Сарыарқа») 5. Астанадағы ең басты қатынас жолы (Республика даңғылы) 6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат (Астана Тауэр) 7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? («Атамекен») 8.«Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум) 9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1 млн 200 шаршы метр) 10. 1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты балуаны және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов) 11. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
Ү «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 26-дыбыстан тұратын «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» сөйлемді айта отырып, Астана туралы мәлімет береді. А – Астана - жастардың қаласы. Р - республиканың орта тұсында орналасқан. Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала. А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар. Ө - Өнерпаздардың «Шабыт», «Евразия» фестивальдері ашылды. С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды. І - Іргесі 1830 жылы қаланды. Н - Нұра өзені ағады. Д - Даму қарқыны бойынша 1-орында тұр. Е- Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды. Г- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас мамандар болашағы. І- Ірі өзендері – Есіл, Нұра.
А- Алғашқы адамдары ашель-мустьер заманында алғаш қоныстанған. Р- Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған. У- Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т.б. пайдалы қазбалар бар.
Қ- Қорғалжын қорығы батысында орналасқан. А- Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының «Еуразия жүрегінде» атты кітабы бар. Л- Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала. А- Астанада «Отырар» кітапханасы орналасқан.
А- Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні. С- Символы-Бәйтерек. Т- Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар. А- Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған. Н-«Нұр - Астана» зәулім күмбезді мешіті бар. А- Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды. Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы. Ән: «Астана» Қазыбаева Меруерт «Фотогалереяға саяхат» оқушылар өздері ізденіп жасаған буклеттерін қарап танысады.
ҮІ Қорытынды.
Мадина:
Я, достарым, тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала. Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар. Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілек бар.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымызда алған әсерлерімізді қолымыздағы фигураларға жазайық.