kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жас актер" драмалы? ?йірме ба?дарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

                         

Жетекшісі:  Дукеева Н.М., ?аза? тілі мен ?дебиет м??алім

                                                    Т?сінік хат

        ?азіргі заман талабына сай ал?ыр, батыл, ?зін к?пшілік алдында еркін ?стай алатын, ?з ойын, пікірін жеткізе алатын, ?зіне сенімді, топпен, ?жыммен ж?мыс істей алатын, тез ?згермелі заманда ?о?ам?а бейімделе алатын, шы?армашыл т?л?аны ?алыптастыруда мектеп ?мірінде о?ушыларды? ?рт?рлі  театр шы?армашылы?ын ?олдану ?зекті болып табылады.

     Жалпы білім беретін мектепте драмалы? ?йірмені енгізу мектепті? о?у-т?рбие ?дерісіне тиімді болады, ?йткені ?жым бірлесе ж?мыс істейді, м??алім мен о?ушы арасында м?дениетті ?арым-?атынас туындайды. Актер-?нерпаздарды? позициясымен таныса отырып о?ушыны? танымды?, рухани, эмоционалды, е?бек т?жірибесін ?алыптастырады ж?не дамытады.  

       Театр шы?армашылы?ы о?ушыларды ?нерге деген ?ызы?ушылы?ын арттырады, ой-?иялын, зейін, есте са?тау сия?ты ?абілеттерін арттырады. ?жымда жа?ымды психологиялы? атмосфераны ?алыптастырады. ?йірме ж?мысы о?ушыларды? бір-бірімен тіл табыса білуі, ?з ойларын, білімдерін орта?а салып, ?з білгенін бас?алармен  б?лісе білуге ?йретеді.  

       М??алім к?мегімен жас ?ртістер ?з р?лдерімен ж?мыс істейді, с?здерін жаттайды, оны? д?рыс о?ылуы мен дыбысталуын, интонация тазалы?ы, аны? артикуляция, мимика, суретті? д?л ритмикасын келтіре отыра к?ркем образды ашады. Р?лдерді б?лу м??алім мен о?ушыны? келісімі бойынша ж?ргізіледі.

        ?йірме ж?мысыны? ма?саты:  ?р о?ушыны? ?зіндік ?абілетін ашу, белсенділігін арттыру. Шы?армашылы?ын шы?дау.

       К?тілетін н?тиже:  актерлік ?нерді? ?ыр-сырын ме?геру, ж?рт алдында ?зін д?рыс ?стай білу, ?з ойын жеткізе білу. Болаша?та актер болмаса да заман талабына сай тележ?ргізуші, пресс-хатшы, менеджер т.б. сия?ты кез-келген маманды?та ?з ойын д?рыс, еркін жеткізе білетін ?зіне сенімді т?л?аны даярлау.

       ?йірме ба?дарламасы 5 - 7 сынып о?ушыларына арнал?ан.

        ?йірмені?  ж?мысы - актерлік ?нерді? негізімен таныстыру, телеспектаклдерді к?ру, ша?ын спектаклдерді ?ою.  

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жас актер" драмалы? ?йірме ба?дарламасы »

«Қаратай жалпы орты білім беру мектебі» ММ













«Жас актёр»

драмалық үйірмесінің

бағдарламасы













Жетекшісі: Дукеева Н.М., қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі


2014-2015 оқу жылы


Түсінік хат


Қазіргі заман талабына сай алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін ұстай алатын, өз ойын, пікірін жеткізе алатын, өзіне сенімді, топпен, ұжыммен жұмыс істей алатын, тез өзгермелі заманда қоғамға бейімделе алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда мектеп өмірінде оқушылардың әртүрлі театр шығармашылығын қолдану өзекті болып табылады.

Жалпы білім беретін мектепте драмалық үйірмені енгізу мектептің оқу-тәрбие үдерісіне тиімді болады, өйткені ұжым бірлесе жұмыс істейді, мұғалім мен оқушы арасында мәдениетті қарым-қатынас туындайды. Актер-өнерпаздардың позициясымен таныса отырып оқушының танымдық, рухани, эмоционалды, еңбек тәжірибесін қалыптастырады және дамытады.

Театр шығармашылығы оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттырады, ой-қиялын, зейін, есте сақтау сияқты қабілеттерін арттырады. Ұжымда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастырады. Үйірме жұмысы оқушылардың бір-бірімен тіл табыса білуі, өз ойларын, білімдерін ортаға салып, өз білгенін басқалармен бөлісе білуге үйретеді.

Мұғалім көмегімен жас әртістер өз рөлдерімен жұмыс істейді, сөздерін жаттайды, оның дұрыс оқылуы мен дыбысталуын, интонация тазалығы, анық артикуляция, мимика, суреттің дәл ритмикасын келтіре отыра көркем образды ашады. Рөлдерді бөлу мұғалім мен оқушының келісімі бойынша жүргізіледі.

Үйірме жұмысының мақсаты: әр оқушының өзіндік қабілетін ашу, белсенділігін арттыру. Шығармашылығын шыңдау.

Күтілетін нәтиже: актерлік өнердің қыр-сырын меңгеру, жұрт алдында өзін дұрыс ұстай білу, өз ойын жеткізе білу. Болашақта актер болмаса да заман талабына сай тележүргізуші, пресс-хатшы, менеджер т.б. сияқты кез-келген мамандықта өз ойын дұрыс, еркін жеткізе білетін өзіне сенімді тұлғаны даярлау.

Үйірме бағдарламасы 5 - 7 сынып оқушыларына арналған.

Үйірменің жұмысы - актерлік өнердің негізімен таныстыру, телеспектаклдерді көру, шағын спектаклдерді қою.

Үйірме аптасына 2 сағат, жылына 68 сағатқа құрылған.

Үйірме жұмысының бақылау формасы - мектеп оқушылары мен ата-аналарға есептік қойылым көрсету.

Бағдарламаны жүзеге асыру талаптарына сай әдебиеттер тізімі берілген.









Үйірме жұмысының тақырыптық жоспары


Тараулар мен бөлімдер атауы Сағат саны


1. Кіріспе. Үйірме міндеттері. 1



І бөлім. Театрландырылған ойын педагогикасы


2. «Вокзалда» жағдаятты-бірлескен көрініс 1

3. Серіктеспен шығармашылық қарым-қатынас. Жаттығу

«Қарым-қатынас» 1

4. Сахнада сойлеу мәнері. «Пресс-конференция» көрініс 1

5. «Базарда» этюд 1


ІІ бөлім. Актерлік өнердің негіздері


6. Актерлік өнердің негіздері 1

7. Адамның дауысы мен сөйлеу мәнері 1

8. Мимика, қимыл-қозғалыс, ым-ишара 1

9. Есте сақтау қабілетіне арналған актерлік өнер сабағы 1

10. Практикалық сабақ. Назарда ұстау. 1

11. Сахналық 1

12. Әріптеспен қарым-қатынас шығармашылығы. 1

13. Адамдармен тілдік қарым-қатынас жасау технологиясы 1

14-15. Күнделікті өмірдегі ауызекі сөйлеу түріне этюд. 2

16. Қимыл-қозғалысқа этюд 1

17. Өмірде кездесетін жағдаяттарға этюд 1

18. Демге арналған тренинг-жаттығулар 1

19. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу. Мысал өлеңдер 1

20. Диалог 1

21. Интонация, көңіл-күй, персонаж характері 1

22. Кейіпкер образы. Характер және қимыл-қозғалыс жиынтығы 1

23. Жануарларға имитация 1

24. Берілген образға бірден пластикалық әрекет. 1

25. Костюм элементтерін таңдау. 1



ІІІ бөлім. Театр іс-әрекеті.


26. Мақсатты әрекет, таңдау жағдайы

27. «Мимика», «Жүріс» сайыс

28. Сөйлемейтін адамның әрекеті

29. «Немое кино» қойылым көрсету

30. Шығарма таңдау, жұмыс (Батыр Баян туралы)

31. Рөлдерді бөлу. Оқу


32-33. Сахналық қозғалыс, мимика, сөйлеу техникасы бойынша 2

дайындық.

34. этюдтар, шағын көріністер (мизансценирование) 1

35. Сюжеттік талдау, сахнада қозғалу әдебі 1

36. Видеофилмь көру

37. Көріністі талқылау 1

38-39. Телеспекталді ықшамдау (прогон). Ата-аналар мен оқушыларға көрсету 1

40. Телеспектаклді талқылау.

41. Ертегіні жаңалау (бірге таңдаймыз) 1

42. Сөйлеу техникасы 1

43. Қозғалыс техникасы 1

44. Қойылымды дайындау, рәсімдеу 1

45-48. Қойылымға дайындық 4

49. Премьера қонақтарын, көрермендерді, қатысушыларды ұйымдастыру 1

50. Спектакль қойылымы. Премьера 1

51. Қойылым талдауы 1

52. Юмор жанрындағы миниатюралар. Рөлдерді бөлу. 1

53-54. Сөйлеу техникасы бойынша дайындық 2

55-56. Қозғалыс техникасы бойынша дайындық 2

57. Спекталге рәсімдеу дайындығы 1

58. Спектаклге эстетикалық рәсімдеу дайындығы 1

59-63. Репетиция 5 64. Афиша дайындау 1

65. Премьера 1

66. Спектаклге талдау 1

67-68. Жылдық қорытынды 1

















Әдебиеттер тізімі:


  1. Искакова И.И. «Режиссура» мамандығының студенттеріне «Сахна тілі» пәнін оқытудың ерекшеліктері. Дәріс.

  2. Утепова А. Қ. «Сахнадағы тіл тазалығы, анық сөйлеудің әдіс-тәсілдері»

  3. Ахметов З. «Өлең өрнегі» Мектеп, 1976.

  4. Қабдолов З. «Сөз өнері» Мектеп, 1976.

  5. Байсеркеұлы М. Сахна және актер. Оқу құралы. Алматы, 1993.

  6. Тұранқұлова Д. Сахна тілі. Оқу құралы, А,. 1999.

  7. Тоқпанов А.Т. Бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. А., 1976.

  8. Васильев Ю.А. «Сценическая речь», С-Петербург, 2005

  9. Халық ертегілері.

  10. Көркем шығармалар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жас актер" драмалы? ?йірме ба?дарламасы

Автор: Дукеева Нургуль Мукангалиевна

Дата: 17.01.2015

Номер свидетельства: 156808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства