kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жан?яда?ы ?арым-?атынас

Нажмите, чтобы узнать подробности

план внеклассного открытого урока составлен для проведения праздников школьных мероприятии в начальных классах. А так же конспект урока можно использовывать при проведении классных часов и при проведении родительских собрании с родителями учащихся начальных классов. Так же этот материал могут использовывать учителя ведущие уроки в классах с русским языком обучения при прведении в данном конспекте полностю описовается уважение к взрослым и детям. описовается о том какие должны быть отншения между взрослыми и детьми.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жан?яда?ы ?арым-?атынас »

«Жанұядағы қарым-қатынастар» - ата-аналар жиналысы


Мақсаты:

  1. Сынып оқушыларының жанұяларындағы балалар мен ата-аналар арасындағы қарым –қатынас туралы мәліметтер алу;

  2. Оқушылардың ата-аналары балаларын мадақтау және жазалаудың қандай түрлерін қолданатынын анықтау;

  3. Ата-аналарда нағыз ата-аналық бедел туралы көзқарас қалыптастыруға бейімдеу.


Қатысушылар: 3-сынып оқушылары, сынып жетекшісі, психолог.


Дайындық.

  1. Сынып сағатында сынып оқушылары сауалнамалық сұрақтарға жауап береді.

  2. 1. Жанұяңда сен кіммен доссың?

  3. 2. Құпияларыңды кімге сеніп айтасың?

  4. 3. Сен туралы ата-анаң барлығын біле ме?

  5. 4. Сені папаң мен мамаң түсіне ме?

  6. 5. Жанұңда саған әруақытта әділ ме?

  7. 6. Қиын уақытта , өзіңді жаман сезінгенде кімге бірінші айта аласың?

7. Қиын-қыстау кезеңде кімді көмеккке шақырасың?


  1. Мұғалім оқушылардың жауаптарын сараптап, ата-аналар жиналысына хабарлама дайындайды.

  2. Ата-аналар үйде екі апта бұрын берілген сауалнаманы толтырып, беріп жібереді. Оның сұрақтары төмендегідей:

1. Сіздің балаларыңыз өз құпияларын кімге сеніп айта алады?

2. Сіз әрқашан балаларыңызға әділсіз бе?

3. Жанұяңызда балаңыз әсіресе кімге жақын?

4. Жанұяңызда балаңыз өзінің қиындықтарын кіммен бөліседі?

  1. Сұрақ кітапшаларын дайындау.

  2. Ата-аналар комитетінің отырысында жиналысты жүргізу тәртібі және жиналыс барысында қолданатын материалдар дайындалады.

  3. Жеке жетондар дайындалады. (қызыл және жасыл түсті квадраттар)


Кабинетті жабдықтау, безендіру:

- топпен жұмыс істеуге орындар дайындау;

- Қызыл, жасыл түсті квадраттармен белгіленеді.

- Тақтаның сол жағына тақырыпқа байланысты нақыл сөздер ілінеді немесе жазылады:

1. Ыдысына қарап, асын іш, шешесіне қарап, қызын таны.

2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

3. Әкесіне қарап ұл өсер, шешесіне қарап қыз өсер.

4. Баланы ақылмен тәрбиеле.


  • тақтаның оң жағына «Сіз қандай ата-анасыз?» ойын-тестінің сөздері жазылады.

  1. Саған қанша рет қайталауға болады!

  2. Маған кеңес беріңізші.

  3. Сен болмасаң мен не істер едім!

  4. Сен кімге тартып осындай болдың екен?

  5. Сенің достарың қандай тамаша еді!

  6. Осы сен кімге ұқсайсың?!

  7. Мен сендей кезімде!

  8. Сен менің сүйенішім және көмекшімсің.

  9. Осы сенің достарыңды-ай!

  10. Сен осы не ойлайсың?

  11. Менің ақылдым сол!

  12. Сен қалайша ойлайсың, балам (қызым)?

  13. Басқаның баласы бала сияқты, ал сен ше?

  14. Сен қандай тамашасың!


Жүргізілу барысы.


  1. Сыныпқа кірерде әр ата-ана өзіне ұнайтын түспен квадрат алып, сол түске сәйкес топ столына отырады.

  2. Ата-аналар комитетінің төрағасы жиналысты ашып, оның өткізілу жоспарымен таныстырады.

  3. Жұмыс тобы құрылады, оған мектеп психолгі де кіреді.

  4. Сынып жетекшісінің хабарламасы. Р. Нұрғалиевтің философиялық сөздерінде отбасы- ол әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналары мен балаларының , аға-інілері мен апа-қарындастарының және бірге тым ортақ щаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы саналуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы деп айтылса, Ж. Қолибаевтың педагогикалық еңбегінде отбасында бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, бала, ана) тобы деп анықтама берілген Ғалым-педагог өз еңбектерінде отбасы балаға өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да терең әсер ететін ұжым екенін, соның негізінде онда білім, әдет; мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастарының қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді. Н. Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында «Баланы дұрыс түсініп, қарым-қатынас жасау үшін оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың өрісіне енуіміз керек» деп тұжырымдайды.

Бала жүрегі айнадай тап-таза мөлдір, сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды талап етеді. Педагогтер секілді кез келген ата-анаға педагогикалық такт қажет.

Баланың жас кезіндегі бірқалыптылық, оның өмірлік мінез-құлқын қалыптастыруы мүмкін. Бірін-бірі түсініспеушілік, жылылықтың болмауы қанша адамның өзін-өзін және басқаны түсінбеуіне әкеліп соғады. Біздің балаларға көбінесе жетіспейтіні- мейірім. Баланы еркелетуге қорқып тым қатал да боламыз.

Үйде балаға қызықты болуы керек. Баланың кей нәрселерді дұрыс түсінбеуі, сосын уақыт өте көп уайымдар әкелуі мүмкін.

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

Ата-анасына қарап баланың жанұя туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы түсінігі қалыптасады. Бүгінгі жиналысымызда жанұялық қарым-қатынастар, мадақтау және жазалау, мейірімділік туралы сөйлесеміз.

  1. Кішігірім топтарда жұмыс. Әр топ параққа жазылған тапсырманы орындайды.

1-топқа- Сұрақ: «баланы еркелетуге бола ма?».

2-топқа- «Баланы қалай жазалауға болады?»

5 минуттай уақыт ішінде ата-аналар сұрақтарға жазбаша топтық жауап беріп, жұмысшы топқа тапсырады.

  1. Жұмысшы топ әр топтың жауаптарына жалпылама қорытынды жасайды.

  2. Сынып жетекшісі жиналысқа дейінгі сауалнама қорытынысына тоқталады.

  3. Ата-аналар комитетінің төрағасы «Сіз қандай ата-анасыз» ойын-тестін өткізеді. Ол ата-аналарға тақтада жазылған сөздерден өздері әдетте жиі қолданатындарын таңдауды ұсынады. Таңдау істелгеннен кейін әр сөйлемнің балын атайды.

1-2 8-1

2-1 9-2

3-1 10-2

4-1 11-1

5-1 12-1

6-2 13-1

7-2 14-1

Әр ата-ана балдарының қосындысын есептейді.

7-8 балл- сіз балаңызбен жақсы қарым-қатынастасыз. Ол сізді шынайы жақсы көреді. Сіздің қарым-қатынастарыңыз оның жеке тұлға болуына ықпал жасайды.

9-10 балл- сіздің баламен қарым-қатынасыңыз реттелмеген. Ол сізді құрметтейді, бірақ сізге көп ашылмайды. Оның дамуына кездейсоқ жағдайлар әсер етуі мүмкін.

11-12 балл- сіз балаңызға көбірек көңіл бөлуіңіз керек. Сіз оның алдында беделдісіз, бірақ бедел махаббатты алмастырмайды. Балаңыздың дамуы сізден емес, көбінесе әр жағдайларға байланысты. 13-14 балл- сіз өзіңіздің бұрыс жолмен бара жатқаныңызды сезесіз. Сіз бен балаңыздың арасында сенімсіздік орнаған. Кеш болмай тұрғанда балаға көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, оның сөздеріне құлақ асыңыз.

  1. Жұмысшы топ, мектеп психологы сөз алады.

  2. Ата-аналар жиналысының шешімі қабылданады:

    1. Балалармен қарым-қатынасты ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету және өзара түсіністік негізінде құру.

    2. мейірім мен зейін, жанашырлық танытуға аянбау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жан?яда?ы ?арым-?атынас

Автор: Кенжесова Нурсулу Казтаевна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175900


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства