Просмотр содержимого документа
«Внеурочное мероприятие "Наурыз мейрамы"»
"Наурыз тойы – дәстүрлі мереке" (сыныптан тыс шара)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу. 2. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. 3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру. Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақалдар, оқушылар салған суреттер, нақыл сөздер.
Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, Сонда ол жылы жол болар. Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.
Мұғалім сөзі: - Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы – дәстүрлі мереке » атты тәрбие сағатын бастаймыз. 1- жүргізуші: Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Наурыз тойы – салтымыз, «Көгерсін» деп халқымыз, Көшеге тал егеміз. Жарқырап тұр күніміз, Жайқалсын жас гүліміз, Бақта бұлбұл сайрасын. Сәнді көктем нұрымен, Наурыз тойы жырымен, Көңіл гүлдей жайнасын. 2- жүргізуші: Мы здесь сегодня собрались, Чтоб встретить праздник – Наурыз! Улыбки, шутки, звонкий смех, Пусть радуют сегодня всех! Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на проздновании древнего весеннего праздника Наурыз – мейрамы! «Наурыз -думан» әніне қойылған 3 сынып қыздарының орындауында Наурыз биі. Би соңында сахнаға ұлттық киім киінген балалар шығады, бір –бірін төс қағыстырып, құттықтайды. Оқушылар сахнаға шығып, амандасып, төс қағысып, бір- бірін құттықтап, жылы сөздер айтады. • Наурыз тойы құтты болсын! • Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! • Бақ берсін, қыдыр дарысын! •Төрт түлік ақты болсын! Бәрі: Наурыз - Құтты болсын! (Көрермендер отырған залдың екі жақ есіктерінен балалар дауыстап, сүйінші сұрап жүгіріп кіреді, соңдарынан Қыдыр ата келе жатады) Сүйінші! Сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр, Қыдыр ата! Радуйтесь! Радуйтесь! Қыдыр ата идет! Қыдыр ата!
1- жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» 2- жүргізуші: Дорогие ребята и гости праздника! Чтобы счастье и удача не покидала Вас и Ваш дом в новом году, издревле повелось в этот день благословлять народ. Қыдыр ата – это символ добра, удачи, счастья, благополучия и процветания Қыдыр ата, дайте бата. /Сахнаға Қыдыр ата шығып, отырған қауымға бата береді/ Қыдыр ата: Ассалаум уағалейкүм, халқым менің! Ұлыстың ұлы күні шаттан елім! Қол жайып алдарыңа келіп тұрмын Қабыл ал жаратқаным батамды менің! Ниеттерің ақболсын! Бастарыңа бақ қонсын! Тыныш болсын еліміз! Гүл жайнасын жеріміз! Әумин! 2 – жүргізуші: Мурат а ты знаешь как начиналось летоисчесление у мусульманского народа? 1- жүргізуші: - Кажется со споров домашних животных?! 2- жүргізуші: - Да, как-то раз Верблюд, корова, лошадь, овца, петух, собака и даже мышка поспорили о том, кто же должен стать началом года и вот … - Стоп, стоп, стоп! Максим, а давай лучше посмотрим, как это было … «Жануарлардың жыл басына таласы» ертегісінен көрініс Жүргізуші: - Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және тағы басқа жануарлар жыл басы болуға таласыпты. Жылқы айтыпты: - Мен жыл басы болуым керек, неге десең менің адамға берерім көп, олар мені көлік ретінде пайдаланады, сүтімді ішеді, етімді жейді, қылымнан да арқан еседі. Түйе айтты: - Жоқ, мына мен сендер көтере алмайтын заттарды көтеріп, алыс жерлерге барамын, тамақ таңдамаймын, шөлге де шыдамдымын, жыл басы болу маған лайық. Сол кезде сиыр айтады: - Адам менің сүтімді ішеді, одан құрт, май, ірімшік жасайды, жыл басы болу менің жөнім. Оған қой көнбей, мынадай сөз айтты: - Мен болмасам, қазақ не істер еді? Жүнімді алып, киіз басады, арқан, жіп еседі, етімді жейді, жыл басы мен болуым керек. Одан кейін ит үріп, былай деді: - Мен сендердің бәріңнің бақташыңмын, мен болмасам қайтер едіңдер? Мен жыл басы болуым керек. Тауық айтты: - Мен болмасам, адам ерте тұрып жұмысқа бармай, ұйықтап қалар еді. Кеш болса, демалар кез болды деп тағы да шақырамын. Жыл басы болуға мен лайықпын. Тышқан не дерін білмей тұрды. • Бұл таластан ештеңе өнбейді, жылды қарап тұрайық та, кім оны бұрын көрсе, сол жыл басы болсын. Түйе: • Менің бойым бәрінен де ұзын, демек мен күнді бірінші болып көремін... Тышқан дұрыс айтады. Барлығымыз күншығысқа қарай қарап, күнді қарсы алайық! Таким образом, все животные стали ждать рассвета, и каждый из них хотел увидеть солнце первым. Но дневные бурные споры, утомляющие сумерки и тяжесть ночи сморил всех. Только мышка беспокойноилась за свой рост и переживания не дали ей уснуть. Тышқан біраздан соң түйенің өркешіне шығып кетіп, күнді бірінші болып көреді. Сол себепті жыл басы – Тышқан болыпты. 2- жүргізуші: Наурыз – великий праздник- Пригласил сегодня нас! Все мы вместе веселимся- Русский, немец и казах,
1- жүргізуші: Украинец и татарин, Молдаванин и еврей!.. Шанырак нас всех согреет. Вместе будет веселей!
2- жүргізуші: Зазвучит сегодня звонко Балалайка и кобыз. Многоликий, многогранный Хор споет про ... Вместе: НАУРЫЗ!
1- жүргізуші: Ұшады аққу көлден қазыменен, Жүреді көл жағалап жазыменен Жарасар ойын –күлкі, ән менен би Ойыңды баурайтұғын назыменен 2- жүргізуші: Қарсы алыңыздар, алдарыңызда Старинный праздник тюркского народа, В почете ты у азиатских стран. В день равноденствия весны в природе Тебя встречаем с песней Казахстан. Музыкальный номер .................................................................. 2- жүргізуші: Когда –то в старину народ кочуя, В сей день Қыстау в надежде покидал. И пел акын, звеня домброю, песни О теплой степи мартовской тогда.
Перед вами …………………………………………….. 1- жүргізуші: Наурыз келді, көктем келді ағайын, Жадырайды, жаңғырады маңайым. Назды, сазды науан Наурыз, армысың? Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін. (Сахнаға Наурыз қыз шашуын ала келіп шығады, шашуды залға шашпақ бұрын, жасыл жапырақтарды, гүлдерді шашып жол салады, көктем ізін қалдырады)
Наурыз қыз: Қайнарындай қалың қуат, қайраттың, Мен келдім де ғаламшарды жайнаттым. Тіршілікке тіл бітіріп өзгеще Дүниенің бұлбұлдарын сайраттым ("Табиғат дыбысы" музыкасы ойнайды)
1- жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай Биыл қарсы алайық Досқа құшақ ашайық, Өлең, жырға басайық. Қазақтың бір салты деп, Тойға шашу шашайық! 2- жүргізуші: Радость, солнце и улыбки Ты несешь нам, Наурыз! Всем «шашу» на родость дарим, Будет щедрым Наурыз! 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, Наурыз тойы құтты болсын! Сау болыңыздар!