Мақсаты: а) білімділігі: емхана туралы түсінік беру, оқушылардың білімдерін жан-жақты кеңейту, «Емхана» тақырыбы бойынша әңгімелей білу, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу; ә) дамытушылығы: оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын, тіл байлығын дамыту; б) тәрбиелілігі:орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға ұқыптылыққа, білімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу; |
ҚР мемлекеттік Әнұраны I.Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді; б) оқушылардың назарын сабаққа аударады; в) «Мозаика» әдісі бойынша 2 топқа бөлу (түрлі-түсті қима қағаздарын пайдалану арқылы) | Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді | Инт.тақта, электронды оқулық, оқу құралдары, арнайы дайындалған плакаттар, дәптер |
II. Үй тапсырмасы. 1-топ «Ұйқының пайдасы» 2-топ «Ұйқының зияны» Сұрақтар: 4-8 жастағы балалар қанша уақыт ұйықтауы керек? 9-11жастағы балалар қанша уақыт ұйықтауы керек? Ересектер қанша уақыт ұйықтауы керек? | 1-топ. Денсаулық жақсы болу үшін үнемі бір уақытта ұйықтап дағдыланған жөн. 2-топ. Көп ұйықтайтын адамның сана-сезімі дұрыс дамымайды. Мысалы атақты қолбасшы Наполеон еркектерге 6 сағат, әйелдерге 7 сағат, ал ақымақтарға 8 сағат ұйықтаған жөн деп айтады. | «Миға шабуыл» әдісі АКТ |
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады III. Жаңа сабақ а) «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қою 1.Яғни, біз бүгін не туралы әңгімелейміз? Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын. ә) «Ассоциация» әдісі арқылы «Емхана» туралы ойларын жинақтаймын. І. «Емханада» 1-тапсырма .Сөздікпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқып, аударма жасау. ІІ. Оқулықпен жұмыс. 2-тапсырма. «Емханада»тақырыбы бойынша сахналық көріністерін көрсету. І топ «Тіс дәрігерінің қабылдауы» ІІ топ «Терапевтінің қабылдауы» ІІІ. Сергіту сәті «Қаңқалар биі» ІҮ. а)Оқулықпен жұмыс 3-тапсырма.Берілгенсөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар. ә)Дәптермен жұмыс 4-тапсырма. Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырыңдар. б)Тақтамен жұмыс 5-тапсырма. Сөздерді жіктеу І топ (жекеше)Мен емханада ем аламын. Сен ..................................... Сіз ...................................... Ол ...................................... ІІ топ (көпше)Біз емханада ем аламыз Сендер ............................... Сіздер ................................ Олар ................................... Ү. «Емханада» постерлеу. І топ және ІІ топ постерлеу бойынша өз жұмыстарын қорғайды. ҮІ.Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту Семантикалық картамен жұмыс. | Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады. «Емхана» туралы шағын видео көру. І топ. 1- абзацты оқып, аударады ІІ топ. 2- абзацты оқып, аударады Әр топ өздерінің дайындаған сахналық көріністерін көрсетеді. Оқушылар бойын сергітеді. Менің басым ауырып тұр.Таңертең ыстығым көтеріліп ауырдым... Жүрегің ауырса, кардиологқа көрін. Тісің ауырса, тіс дәрігеріне бару керек... Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып,сөздерді жіктейді. Ал қалған оқушылар орнында отырып, үлкен арнайы плакатқа І топ Менің дәрігерім ІІ топ Менің денсаулығым Сөздерін тәуелдейді. Постер жұмысын қорғайды. Әр топ өздеріне берілген семантикалық картаны толтырады | «Ой қозғау» әдісі Топтық жұмыс АКТ Тақтамен жұмыс, оқулық, оқу құралдары, АКТ, оқулық Семантикалық карта Постермен жұмыс |
ІҮ. «Синквейн»тәсілі бойынша сабақты қорытындылау Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік? Сабақтан қандай әсер алдыңдар, нендей ой түйдіңдер? | Жаңа сабақтан үйренген сөздерін стикерге жазып, тақтадағы ілулі тұрған емхананың суретіне желімдейді. | «Синквейн» тәсілін қолдану |