kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілдік п?ндерді о?ытуда студенттерді? а?паратты? ??зыреттілігін арттыру жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стіміздегі ?асыр – жеке т?л?аны ?алыптастыру, ізгілендіру, дамыту ?асыры. Олай болса, о?ытушыларды? алдында т?р?ан бірден-бір ма?сат – студенттер ал?ан білімдерін пайда?а асырып, ?здігінен ?рекет ете алатын, оларды т?рлі ?мірлік жа?дайда ?олдана білетін, жалпы адамзатты? ж?не ?лтты? ??ндылы?тарды ?атар ме?герген, ?зіндік к?з?арасы бар, Отанын шын с?йетін  азамат болып  жетілуіне  к?мектесу. Б?л міндеттерді шешу ?шін о?у орныны? ?жымдары, ?р о?ытушы к?нделікті ізденіс ар?ылы барлы? жа?алы?тар мен ?згерістерге батыл жол ашарлы? ?арым-?атынас жасаулары керек. О?ыту т?рлерін, ?дістері мен ??ралдарын одан ?рі жетілдіріп, тиімді т?сілдерді н?тижелі ?олдануды? жолдарын іздестірулері ?ажет. Осылайша о?у – т?рбие ?рдісінде жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«доклад Макимова КазАТК»

Тілдік пәндерді оқытуда студенттердің ақпараттық құзыреттілігін арттыру жолдары

Аймкуль Кайргельдиновна Макимова

қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы,

М.Тынышпаев ат.ҚазККА Ақмола колледжі, Астана қаласы

[email protected]


Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, оқытушылардың алдында тұрған бірден-бір мақсат – студенттер алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу. Бұл міндеттерді шешу үшін оқу орнының ұжымдары, әр оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және технология. Интерактивті техника және технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттаңдыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Бұл студенттердің кәсіби, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша оқу-тәрбие үрдісін заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатын көздейді.

Тіл маманы ретінде әр оқытушының басты мақсаты – болашақ маманның өз ойын толық жеткізе білуіне дағдыландыру, тіл мәдениетіне үйрету, сөздік қорын жетілдіру, кәсіби тілді меңгерту, бірнеше тілді игеруге көмектесу, адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетін үйрету. Осы қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда қазіргі ақпараттандыру жағдайында студенттер меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемін күннен күнге арттырып, мазмұны өзгертіп отыр.

Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады. Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

-     студенттің өз бетімен жұмысына;

-     уақытын үнемдеуге;

-     білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

-   шығармашылық тапсырмалар орындауда;

-     қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

-     қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-   экономикалық тиімділігі;

-  қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

-  оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Тілдік пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын.

Электроңдық оқу құралын тілдік пәндерді оқытуда қолдану бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін меңгеруге тиімді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір студент тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, түрлі деңгейдегі тапсырмалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың кұштарлығы оянады деп есептеймін. Осылайша оқыту құралдарының бірі - электрондық оқулық студенттерді даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған бағдарламалық кұрал.

Мәселен, өз тәжірибемде мен қазақ әдебиеті немесе орыс әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияның кімге болсын қолжетімді түрі - әр студенттің қолындағы ұялы телефонды тиімді пайдалануға бағыттаймын. Сабақ тақырыбына қосымша материалдар іздеуге, ақын-жазушылардың туындыларын тыңдауға, тақырыпқа сәйкес түрлі иллюстрациялар мен қосымша бейнероликтер табуға дағдыландырамын. Мысалы, Абайдың, Мұқағалидың, Тұманбайдың, Фаризаның, Есениннің, Цветаеваның, Вознесенскийдің және т.б. лирикасымен танысқанда олардың әндерін тыңдап, бірге шырқаймыз. Студенттерге жай жаттағаннан гөрі, сол өлеңді шырқаған қатты ұнайды. Заманауи өңдеу мен классикалық орындауды салыстырып, өздеріне ұнағандарын таңдайды. Сонымен қатар әннің әуенімен шығарманың негізгі идеясын, тақырыбын анықтау жеңілірек екенін түсінеді. Ал прозалық шығармаларда сахналық көріністерді, көркем фильмдерді көру арқылы әдебиетке деген қызығушылығы артады. Мысалы, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романы, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы, Пушкиннің «Евгений Онегин» романы, М.Лермонтовтың «Герой нашего времени» повесі, М.Шолоховтың «Судьба человека» әңгімесі және т.б. көптеген туындылар. Бүгінгі жас ұрпақтың басым көпшілігі көркем әдебиетті оқымайтынын ескерсек, бұл тәсіл олардың бүкіл әлемген белгілі шығармалармен танысып, қандай да бір эпизоды есінде қаларлығына өз басым көзім жетті. Сонымен қатар Ғаламтор желісінде берілетін электрондық оқу құралдарын пайдаланамын. Ондай материалдарды өзім ғана іздемей, студенттерге де өздігінен ізденуге мүмкіндік беремін. Сонымен қоса олардың тауып әкелген қызықты материалдарын бірге көріп, талдау жұмыстары жүргізіледі, ал студенттің жұмысы тиісті түрде бағаланады. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы үй тапсырмасын орындау студенттерге қызығушылық тудыратынын байқадым. Сонда менің күткен нәтижем – іздену, көру, есту, іріктеу, оқу арқылы қай қаламгер туралы болсын мәлімет естерінде қалуына қол жеткіземін. Тіпті өзім де біле бермейтін мағлұматтармен танысамын.

Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның кұзіреттілігін дамыту. Құзыреттілік - студенттің әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық кұзіреттілікті дамытудың басты мақсаты – студенттерді ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың кез келген пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Кәсіптік білім беруде  студенттердің құзіреттілігін тілдік пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту атты мақаламды қорытындылай келе, төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:

-   кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;

-   кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

Ақпараттық құзіреттілікті дамытудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, кез келген пәнді басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Тілдік пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды оқу - тәрбие үрдісінде қолдану студенттің өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы, 201-2015 жыл

  2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы №82012 жыл

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тілдік п?ндерді о?ытуда студенттерді? а?паратты? ??зыреттілігін арттыру жолдары

Автор: Аймкуль Кайргельдиновна Макимова

Дата: 16.06.2016

Номер свидетельства: 334838


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства