kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тауелсiздiктiн тумары-тенге

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныпқа тәрбие сағаттарына қолдануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тауелсiздiктiн тумары-тенге»

Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы












Ашық тәрбие сағаты

тақырыбы: «Тәуелсіздіктің тұмары - теңге»














Өткізген: Ерғалиева З











2015 – 2016 оқу жылы

Тақырыбы: Тәуелсіздіктің тұмары—теңге.

Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі -теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар, алдын-ала берілген тапсырмалар.

Барысы: Әнұран

І бөлім. «Теңгенің шығу тарихы»

Әбу - Насыр –әл-Фараби

Ол Отырарды дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған. Әл – Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа шапқыштығымен, мергендігімен көзге түседі. Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді. Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл – Фараби 150 – ге жуық еңбек жазған.

Сүйінбай

Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді. Соған қарамастан 14 – 15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды. Сүйінбай келе – келе нағыз суырып салма, айтыстың ақиық ақынына айналады. Сүйінбай халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлендерінде адамның мінез – құлқы, адамгершілігіне, жақсы – жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.

Құрманғазы

Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы. Күй өнерінің классигі. Оның әнгеәуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жіберед. Зейінді туған бала әке – шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалғандомбырасын иығынан тастамайды. Құрманғазы қуғын – сүргінді көп көреді. 1880 жылдардың бас кезінде Астархань жаққа қоныс аударды.

Шоқан Уәлиханов

Ол өте ақылды, көреген, өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды. Мұнда арабша оқу мен сурет салуды үйренеді. Шығыс әдебиетімен танысады. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін меңгерген. 1853 жылы Кадет корпусын бітіреді. Сол мамандығы бойынша қызыметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы, географ, суретші, әдебиетші, тарихшы.

Абай Құнанбаев

Абай – қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы. Ол уелде ауыл молдасынан оқиды. 10 жасқа толанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді. Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі. Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды. Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа, мағынаы терең.

Әбілқайыр

Кіші жүздің ханы. Қазақ жастарының қолбасшысы. Күшімен, айласымен, батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шықты.

Абылай хан

Азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында туған. Түкістанды қалмақтар басып алғанда әкесі өліп, өзі далаға қашып, аман қалады. Шашы өскен қара тымақ киген жұпыны киімі бар балаға Төле би «Сабалақ» деп ат қойыпы. Өсе келе ұрыстарға қатысады. Ол «Абылайлап» ұран салады. Жеңістерден кейін ол Абылай атанады.

ІІ бөлім. Әдеби монтаж

1 – оқушы: Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды.

2- оқушы: Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993 жылы 15 қараша күні дүниеге келді.

3 – оқушы: Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.

4 – оқушы: Алғашқы теңге «Харрисон Санс» фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты.

5 – оқушы: Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою – өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

6 – оқушы: Көріп, біліп, танып ал,

Қазақтың тұңғыш теңгесін.

Әр санының мәні бар,

Теңгені кім кем десін?

7 – оқушы: Жарқырап жүзі қарайды,

Санасыз көпті санайды.

Әлемге елін танытып,

Қазақша сөйлеп тарайды.

8 – оқушы: Мен теңгемін, теңгеін,

Базарда әзір кенжемін.

Кедей елде туғам жоқ,

Болашаққа сенемін.

9 – оқушы: Нарықтың біліп айласын,

Қазақтың ойлап пайдасын.

Теңгені жерге қаратпас,

Азамат – ерлер, қайдасың?

10 – оқушы: Ұлттық валютамыз ҚР Президентінің 1993 жылғы 12 қарашада Жарлығымен осыдан 22 жыл бұрын 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сегізден бастап айналымға енгізілді. Осы күн тарихи датаға айналды, бұл күн ҚР ұлттық валюта күні ретінде атап өтеді.

11 – оқушы: Ұлттық валюта – теңге банкноты және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалып шығарылады.

ІІІ бөлім. Оқушылар сөзін қорытындылап жіберу

ІҮ бөлім. Жағдаяттар шешу (жауабын сахналайды 5 минут уақыт беріледі) 2 топқа

Парта үстіндегі екі жағдаятты топ басшылары келіп таңдап алады.

1 – жағдай: Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі, жыртық. Сен оқулықты ұстағың келінкіремей тұр. Сенің іс – әрекетің...?

2 – жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді. Билет бағасы – 300 теңге. Сондай – ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды, сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің?

Ү бөлім. Үй тапсырмасы

«Менің теңгем» өздері салып келген теңгелерін қорғау.

Ән шашу: Алтынбекқызы Динара

ҮІ бөлім. Мақалды жалғастыр

  1. 100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.

  2. Өнер алды – бірлік, ырыс алды – тірлік.

  3. Ата – бйтерек, бала – жапырақ.

  4. Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып жатқан шырақ.

ҮІІ бөлім. «Ханталапай» ойынымен қорытындылау

(Әр топтан 4 оқушыдан 8 оқушы шығады, асықты тез алған оқушы ойынға қатысады, ешқандай ойын асық ала алмаған оқушы ойыннан шығады. Сұрақтың жауабын шеше алмаған оқушы айып төлейді.)

Сұрақтар:

  1. Теңгенің суретін салған кім?

  2. Теңгенің алғшқы нұсқасы қайда басылды?

  3. Теңгенің шыққан күні?

  4. Шоқан Уәлиханов бейнесі қай теңгеде бейнеленген?

  5. Ресей, АҚШ елдерінің валютасы қалай аталады?

Қорытынды

Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, Ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта – теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мәнді оқиғалардың бірі болып табылды. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша – кредит саясатын жургізуге мумкіндік береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тауелсiздiктiн тумары-тенге

Автор: Ергалиева Зухра

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393101


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства