kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Талант?а та?зым» С.?ондыбай ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан танымдылы?-та?ылымды? кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Белгілі ?алым, географ С.?ондыбай ?мірімен, шы?армашылы?ымен таныстыра отырып, о?ушылар?а ке?інен ма?л?мат беру, тере? біліп, о?у?а ?ызы?ушылы?тарын тудыру ар?ылы ?ылыми ізденуді ?йретіп, білімдерін тере?дету. ?алымны? бойында?ы ізгі ?асиеттерден  ?лгі алу?а, адалды??а, адамгершілікке, батылды??а, ?иыншылы??а т?зе білетін ?айсарлы??а, ?мір с?руді? м?нін т?сінуге, ту?ан елін, жерін, хал?ын с?йетін т?л?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Талант?а та?зым» С.?ондыбай ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан танымдылы?-та?ылымды? кеш»

Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің

Құрметті қызметкері, Аға мұғалім

Керелбаева Айжан Бүркітбайқызы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№21 орта мектеп география пәнінің мұғалімі



«Талантқа тағзым»

С.Қондыбай өмірі мен шығармашылығына арналған

танымдылық-тағылымдық кеш

Мақсаты: Белгілі ғалым, географ С.Қондыбай өмірімен, шығармашылығымен таныстыра отырып, оқушыларға кеңінен мағлұмат беру, терең біліп, оқуға қызығушылықтарын тудыру арқылы ғылыми ізденуді үйретіп, білімдерін тереңдету.

Тәрбиелігі: Ғалымның бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алуға, адалдыққа, адамгершілікке, батылдыққа, қиыншылыққа төзе білетін қайсарлыққа, өмір сүрудің мәнін түсінуге, туған елін, жерін, халқын сүйетін тұлға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды өз пікірін айта білуге, қосымша деректерді ізденуге, нақты пікірлер айтуға өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Көрнекілігі: С. Қондыбай портреті, өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян, Қондыбай туралы ғалымдардың пікірлері, Серікболдың 16 томдық шығармалар жинағы мен кітаптары, оқушылардың жасаған буклеттер, баяндамалар, рефераттар, ізденіс материалдары т.б.

1 бастаушы - Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев:

«Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау-өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік» -дегендей,

Бүгін Ақтау қаласының №21 орта мектебінің оқушылары арамыздан тым ерте кеткен аяулы азамат, аса талантты ғалым, жерлесіміз Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Талантқа тағзым»атты танымдық кешін бастаймыз.

2 бастаушы-Кешке қатысушы қонақтармен таныстыру:

  1. Серікбол ағамыздың туған әпкесі, Мұнайлы ауданының мәдениет басқармасының бастығы Балсулу Қондыбаева

  2. Мектеп директоры Сәуле Сансызбайқызы

  3. Мектеп психологы Злиха апай

  4. Мектеп директорының орынбасарлары



1 бастаушы Құрметті кешке жиналғандар, кешті бастамас бұрын, барлығымыз орнымыздан тұрып,

Серікбол ағамыздың рухына тағзым етіп, бір сәт үнсіздікпен еске алайық! Рахмет!

2 бастаушы

Несіпбек Айтұлы «Ерлік пен тектілік»

Қайғының борандатып қарлы қысы,

Көңілдің шырылдайды зарлы құсы.

Бөрідей бел астында ұлиды ажал,

Әйтеуір өлім жақын, белгілі ісі.



Байлаған тас қазыққа – тағдыр ісі,

Қолында Тәңірінің ендігісі.

Барады мұздай суып, белден төмен,

Баяулап бірте-бірте қан жүрісі.



Келеді шырмауықтай шандығысы,

Шақырып тас қараңғы көрдің іші.

Жарыққа жанталасқан жас ғұмырдың

Сарқылмақ сәлден кейін соңғы күші.



Тынған соң пәнидегі бар жұмысы,

Естілмес ұшып кеткен жан дыбысы.

Мәңгілік таусылмайтын ұзақ сапар –

Бақида жеткізбейді жолдың ұшы.



Бұл жатқан Қондыбайдың Серікболы,

Заманның ғұламасы-көріпкелі.

Кеудесі күйіп-жанып шыдатпайды,

Секілді қызған темір көріктегі.



Таусылмақ тіршіліктің шырын дәмі,

Қиналып шырқырайды шыбын жаны.

Жайнайды жарқ-жұрқ етіп көз алдында,

Шырайы дүниенің құбылмалы...

Оқыған 9в сынып оқушысы Жолдыбаева Гүлдана

1 бастаушы Маңғыстаудың талантты перзенті, зерттеуші ғалым, географ Серікбол Қондыбайдың өмірбаяны туралы презентация назарларыңызға ұсынылады.



Қазақтың өлкетанушы,

географ ,публицист,

этнограф ,ғалымы.









Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ,публицист, этнограф-ғалымы.

Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген

1975-1985 жылдары Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №3 мектепте білім алған. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін “географ-геоморфолог” мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық “Білім қоғамында” жауапты хатшы, аудандық байланыс торабында монтер болып қызмет еткен. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысып, 17 желтоқсан күні ұсталып 10 күн қамауда отырып, университет ұжымынын қорғауымен оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Ол “геморфолог” мамандығының иесі еді. Оған Қазақстан Ғылым Академиясының География институтына жұмыс жасауды ұсынады. Серікбол ол ұсыныстан бас тартып туған ауылна дипломмен оралады .

1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, Шетпедегі №3 орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аз ғұмырында 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылыдығына арналған мерекелік медаль 2004 жылы президенттік сыйлықпен марапатталды.

2005 жылы Алматы қаласында ұлттық кітапханада 2006 жылы Ақтау қаласында “С.Қондыбай шығармашылығы ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымдардың жаңа парадигмалары “атты республикалық ғылыми – теориялық конференция. 2007 жылы Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде “С.Қондыбай оқулары: мифология және ұлттану” атты ІІІ республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.



СЕРІКБОЛ анасы ТӘРБИЯ ӨСКІНБАЙҚЫЗЫ Қондыбай танымалы ғалымдар мен қоғам

қайраткерлері тарихшы А.Сейдімбек, филолог Қ.Салғараұлы, ақын С.Назарбекұлы, апасы Балсұлу мен бірге.







2006 жылы Ақтау қаласындағы №22 мектепке С.Қондыбай есімі беріліп мектеп алдына ғалымның ескерткіші қойылды. Мұражай кабинеті ашылды. Ұстаздық еңбек жолын бастаған Шетпе кентінде №3 мектепке ескерткіш тақта орнатылды.











Серікбол Қондыбайдың еңбектері:



«Маңғыстау географиясы»(1997),

«Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997),

«Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000),

«Есен-қазақ» (2002),

«Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003),

«Арғықазақ мифологиясы» (2004),

«Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005),

«Маңғыстаунама» (2006),

«Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006),

«Жауынгерлік рух кітабы» (2006)



С.Қондыбайдың барлық шығармалары 16 томдық болып жинақталған.

2 бастаушы «Арынғазы» күйі қобызбен орындалды.

1 бастаушы Баяндама. С. Қондыбай еңбектеріне қысқаша шолу. Баяндамашы

8 б сынып оқушысы Төлеева Нұрай.

2 бастаушы Сабыр Адай «Маңғыстау» өлеңі.

Оқыған 8 а сынып оқушысы Жылқышиева Мария.

1 бастаушы С.Қондыбай шығармалары мен еңбектеріне, зерттеулеріне ұлы тұлғалардың бағалаулары туралы пікірлер. Баяндаушы 9б сынып оқушысы Жаумытбай Эльмира

2 бастаушы Ән «Бабалар жыры» орындаған 9 а сынып оқушысы Хамитов Айдос

1 бастаушы «Маңғыстау географиясы» еңбегімен таныстырды. Баяндамашы

8б сынып оқушысы Құсайнова Бекетай

Туған жер- киелі ұғым. Оның топырағынан қасиетті, суынан тәтті, ауасынан шипалы еш нәрсе жоқ. Осы ұлы қасиеттерді сезіну бар және оны танып білу құпияларына үңілу тағы бар. Әбіш Кекілбай арманға толы құштарлық сезіммен: «Зер сала қараған сайын қара жердің жұмбағы көбейе түседі сол жұмбақты шешуге бола ма екен сірә» - деп тебіренген.

Түбегіміздің мақтанышы, қыршын кеткен ғұлама ғалым С.Қондыбай: «Маңғыстау! Оның әр пұшпағы, әр тасы-ертегі, әр төбесі мен сайы-аңыз. Оны мекен еткен адамдары да аңыз. Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай?! Бұл –тұла бойы тұнған Сыр елі ғой»,- деп тамсанған екен. Сол елінің сыр сандығын ашар кілт Серікбол Қондыбайдың «Маңғыстау географиясы» оқулығы. Оқулық Ақтау-2011 жылы А.С.Тулеғалиев, Г.Н. Нұрғалиев пікір жазуымен екінші рет басылып шықты. Қазір барлық облыс мектептерінде оқытылады. «Маңғыстау географиясы» оқулығы ғылыми географиялық тұрғыдан ғана емес, тарихи материалдар, картадиаграммалар мен картограммалар толықтырылған оқу құралы. Оқулықта Маңғыстау облысының жер бедерінің ерекшеліктері, оның себептері, жер бедерінің осы өлкенің геологиялық құрылысы мен тектоникалық әсері, пайдалы қазбалары, облыстың жер атаулары, тарихы, климаты, ішкі сулары, топырағы, жануарлар мен өсімдіктері, шаруашылығы, әкімшілік бөлінулері тыңғылықты жазылған.

2 бастаушы Арман Дүйсеновтың «Туған жер» әні орындалды

1 бастаушы Ғалым Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы жинақталған бейнебаян көрсетіледі!

2 бастаушы «Адай» күйі. 7в сынып оқушысы Темірлан Жолдыбаев.

1 бастаушы Серікбол Қондыбайдың тілегі:

Уа, Тәңірім! Қазақтың табысынан бұрын, намысын қайтарып бере көр!

Тәңірім, Қазақты және Қазақстанды жарылқа!

(С. Қондыбай . Арғықазақ мифологиясы 9 том)

2 бастаушы «Туған жер» әні. 9в сынып оқушысы Әділ Баймұрат.

1 бастаушы Сөз кезегі география пәнінің мұғалімі Керелбаева Айжан апайға беріледі.

Керелбаева Айжан: С.Қондыбай- Маңғыстау топырағында туып, ауасын жұтып, суын ішкен саналы ғұмырын, қазақтың тарихын , мәдениетін, салт санасын жаңғыртуға арнап, түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, этнограф мифология саласына сүбелі үлес қосқан ғалымы.

Серікбол қазақ аспанында ағып өткен Шоқан сияқты аққан жұлдыз болды. Біртуар ғұлама ғалымның артында қалған ғылыми танымдық мол мұраларын зерттеп зерделеу, насихаттап, оқып үйрену бүгінгі жас ұрпақ сендердің міндеттерің. Серікбол тағдырдың салған тауқыметімен күресіп, өмір сүруге деген, ғылымға деген құштарлығы, еңбекқорлығы, білімділігі, ізденгіштігі, Отанға, туған жерге, қазағына деген сүйіспеншілігі мәңгілікке үлгі болуға тиіс! Осындай мақсатпен қысқаша болса да танымдылық кеш ұсындық. Оқушылар, сіздерге тапсырма мына алдарыңдағы кітаптардан Серікбол шығармаларын оқыңдар. Бүгін біз мектептегі кітапхана меңгерушілерімен байланысып отырмыз. Олар Қондыбайдың көшпелі кітапханасын әкеліп, таныстыруда. Осы еңбектерді оқып, зерттеп ғылыми жұмыстар қорғаңдар. «Серікболтану оқулары», конференциялар, сайыстар халықаралық,республикалық, облыстық көлемінде өтуде. Соған белсене қатысыңыздар.

2 бастаушы Ғалым С.Қондыбайдың осындай биікке шығуына, бауырының басындағы тағдыр салған тауқіметін жеңілдету мақсатында шырылдап қанатымен өртке су сепкен қарлығаш құстай көмегін тигізген, барлық кітапханалардан материалдарды қап-қап апарып беріп, емдетіп, өмірден кеткеннен кейін де бауырының еңбектерінің баспалардан шығарылуына, түрлі конференциялардың өтуіне, т.б. шараларына белсене қатысып жүрген туған апасы Балсулу Қондыбай сіздермен кездесуге келіп отыр. Сөз кезегін береміз.

Мектеп оқушыларының атынан Балсұлу апайға гүл тапсырылды.

1 бастаушы Келесі сөз кезегі мектеп директоры Сәуле Сансызбайқызына беріледі.

2 бастаушыКешке келіп қатысқандарыңызға, ұйымдастырушыларға, белсенді өтуіне ат салысқан оқушыларға көп рахмет айтамыз.

Баршамызды Серікбол рухы қолдасын!





















Ғалымның әпкесі Балсұлу Қондыбаева



















География пәнінің мұғалімі Керелбаева Айжан мен кешті жүргізуші оқушылар









































Серікбол Қондыбайдың 16 томдық еңбектері мен оқушылар ізденістері











«Талантқа тағзым» кешінің өту барысы

Кештің соңы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Талант?а та?зым» С.?ондыбай ?мірі мен шы?армашылы?ына арнал?ан танымдылы?-та?ылымды? кеш

Автор: Керелбаева Айжан

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251305


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства