ММақсаты: оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрістерін дамыту; білуге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін олардың бойларында дамыту; табиғатты сүйе білуге, оны қорғауға, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Орны: сынып кабинеті
Көрнекілігі: интертақта, слайд - шоу, «Экологиялық жағдайлар»- жайлы фотосуреттер.
Мұғалім:Табиғат – күрделі де көп түрлі, Біз оны неғұрлым көп танып түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бола түседі. Өмір сүруге қажеттінің бәрін береді тамақ, киім, баспана.
Табиғатқа басталған сүйіспеншіліктен махаббат пен Отан басталады. Табиғаттың әсемдігін сезініп оның тілін оқу, білу, байлығын қорғау керек.
Бүгін өздеріңізбен сынып сағатында танымдық саяхат жасаймыз. Саяхат барысында білім, достық, тапқырлық, шапшаңдық және тапсырманы ұқыптылықпен орындауды қажет етеді. Өздеріңіздің білетіндей адам табиғаттың сырын ұғып жапырақтың сыбдырымен, бұлақтың сылдырын естіп, бұлбұлдың әнімен, шегірткенің дыбыстауын тыңдап, адам болғаны бәрімізге мәлім, яғни адам табиғатпен тығыз байланыста болады.Қазіргі таңда экология сөзін жиірек еститін болдық.. Экология сөзі грек тілінен аударғанда «үй - жай» және «мекен» туралы ілім. Ол бірнеше бөлімге бөлінеді: аутэкология, синэкология, демэкология, биоэкология, адам экологиясы. Ал енді біз саяхатқа шығамыз.
«Қорық» аялдамасы
Елімізде 9 қорық бар. Қорықта қаншама жануар түрлері кездеседі, көбісі әрине бізге таныс. Тапсырма: «Сен білесің бе?» - айдарымен жануарлардың ерекшеліктерін айтып беру.
Перизат: Орлов сәйгүлігі - әріптерден сөз құрастыра біледі және дыбыстап жауап та бере алады екен.
Ақылбек: Тоты құс - адамша сөйлей алады және оны орнымен айта алады: «Сәлем!», «Қайырлы түн!», «Тамақ бер!», «Тоңып қалдым»- деген сияқты.
Дана: Қарғалар қатып қалған нанды шалшық суға салып, жібітіп жейді екен. Шоқып,
қайта салып жібіген кезде жеп отырады екен.
Дамир: сауысқан - өз ұясына жылтыр заттарды жинап отырады екен.
«Ботаникалық бақ» аялдамасы
Айналаға қарасандар өздеріңізге таныс және таныс емес те өсімдіктер қаншама! Осыған байланысты дәрілік өсімдіктер туралы айтып берсеңіздер.
1. Итмұрын 2. Жалбызтікен 3. Меңдуана
4. Түймедақ 5. Өгейшөп 6. Усарғалдақ
«Неге?» деген білуге құштарлық сөз бар! Ол сөз әр кезде әр қашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Бұл сөз айнала қоршаған дүниені танып білуге көмектеседі.
Ендігі кезектегі ойынымыз
«Ең, ең, ең......» - айдарымен бірнеше сұрақтар беріледі жауабын табыңдар
1. Ең үлкен гүл? (Раффлеза, салмағы 24 кг, диаметрі 1 м)
2. Ең үлкен шырынды жеміс? (асқабақ)
3. Ең улы саңырауқұлақ?(мухамор)
4. Ең жеңіл сабақ? (бальза)
5. Ең ұзақ жасайтын ағаш? (Секвоя 3000 - 5000 жыл)
6. Ең ұзын сабақ? (Ротанг пальмасы)
7. Ең ұзын жапырақты ағаш? (Цейлон пальмасы)
8. Ең үлкен құрғақ жеміс? (Оң. Азия өсетін Ентада ағашының бұршақ қынының ұзындығы - 1, 8м, ені – 1, 5м)
«Зоологиялық бақ» аялдамасы
Біз білеміз азайып бара жатқан жануарлар мен құстардың Қызыл кітапқа енгізілгенін, білгендеріңше айтып беріңдер.
Құлан, жайран, келес, бүркіт, қызғылт бірқазан, лашын, арқар түрлері: Алтай, Қызылқұм, Қара тау, қыран, жалман, шағала, қабылан, ақ тырна, ителгі, Жетісу бақатісі.
Ал енді ойын жүргізейік «Құстар туралы кім көп біледі айдарымен білімдерімізді байқасақ»
1. Пингвин – құстардың ішіндегі ең жүзгіші, ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.
2. Бүркіт – дүниеде күн көзіне қарай алатын құс. Аң аулау үшін құс салады. Бұл қыран құс.
3. Тырна - өте сақ құс, ол су құсы бірақ аспанда ұшбұрыш жасап тізбектеліп ұшады.
4. Аққу – құстың сұлуы, табиғаттың көркі, достық пен махаббаттың белгісі
5. Үкі – айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс.
6. Торғай – дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса, жел болмайды.
7. Қарға - олар топтанып қарқылдаса аяз болады, ал аспанда ұшып қарқылдаса қар жауады.
«Көгілдір экран» аялдамасы
Бірнеше ақпараттар беріледі. Осыған қарап қандай экологиялық мәселелер көтеруге болады
1. Адамдар өздері дамыған кезінде қаншалықты көп уақыт өтседе соның соңғы ғасырында жер қойнауынан құнды байлықтардың жүз есе көбін алған екен
2. Қазіргі кезде бос жерлер 20 пайызға дейін жетті
3. Өндіріс қалдығы өте көп. Табиғат шикізаттан улануда.
4. Ауаға көмірқышқыл газдың орасан мол мөлшері шығарылуда. Соның әсерінен көктемелік әсер пайда болуда.
5. Тірі ағзаға зиянын тигізер озон тесігі пайда болуда және қышқылдық жаңбырлар жаууда.
6. Қазақстанның орталығында орналасқан Байқоңыр космодромы экологияға кері әсерін тигізуде.
Көтерілетін мәселелер:
1. Ормандардың жоғалып кетуі мен өрттердің алдын алу.
2. Пайдалы қазбалармен орман байлықтарына аса жауапкершілікпен қарау. Табиғатты қорғау.
3. Полигондар мен атомдық қару - жарақтарын жою.
4. Азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды білу және сақтау.
5. Ауыз суды таза ұстау: Арал, Балқаш су көздерін қорғау.
6. Өзіміз тұрып жатқан қаламызды, өлкемізді таза ұстау. Ағаштарды көбейту.
Қорытынды: «Табиғатым, аспаным, Бізден қорғау сұрайды»- дей отыра оқушылар мынадай қорытындыға келеді:
Орманды сақтаймыз! Өзенді тазалаймыз!
Соғыстарға жоқ дейміз! Жер шарымызды қорғаймыз!
Үндеу!
Табиғат - нағыз сұлулықтың ортасы. Оны түсінген адам қуаныш көзі ретінде сақтауы керек. Табиғат - емші, денсаулық көзі. Су мен ауаны ластауға жол бермеңдер.
Флора мен фаунаны қорғайық! Табиғат байлықтарын үнемдейік. Жер шарының болашағы сіздердің қолдарыңызда!
Тәрбие сағатын сынып үздігі Кабдрахманова Махаббат «Табиғатым, Жер Ана!» өлеңін мәнерлеп оқуымен аяқталады.
Жер - Ана, сенсіз өмір жоқ
Тұрса да мәңгі күн шығып
Гүлденсең болды көңіл тоқ
Сенсіз өспес бір шыбық
Қандай ғажап кереметті табиғат,
Уа, бауырым, пейіл қойшы пайымдап
Игіліктің көкше гүлдер, өзендер
Сеңгір таулар, гүлді орман, қайын бүр
Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ
Досың - жер, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Білсең егер, табиғатта зор мән бар
Онда аң, құс, жануар, ормандар
Жерің, суың, таза ауа қажетті
Шын жүректен оны сендер қорғандар