Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Отан отбасынан басталады"»
"Астана қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ
9 сынып Джусыпова Бакыт Джусыпбековна
Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакаттар
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, постер
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе.
ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.
Осылайша, "Отбасы күні" Қазақстанда 8 қыркүйек күні тұңғыш рет аталып өтілмек, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаеваның сөзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Оқушыларға
1.«Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?
2.Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
3.Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
4.Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?
Барысы:
1. Шаттық шеңбері, топқа бөлу (3 топ)
оқушылармен бірлесіп шаттық шеңберін құру.
2. Постер: «отан отбасынан басталады», «менің жанұям менің мақтанышым», «біздің отбасы- шағын мемлекет», . қорғау