kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?уелсіздік – ел ма?танышы!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:Т?уелсіздік бізге о?ай жетпегенін,осы жолда к?птеген ?иынды?тармен к?рескен алашты? азаматтарын еске алып,Т?уелсіздік ?ланы екенін ма?тын етіп,Т?уелсіздік туын жо?ары ?стайтын азамат етіп т?рбиелеу;

Саба? т?рі:Ашы? т?рбие са?аты;

Саба?ты? ?дісі:?зіндік ж?мыс;

Саба?ты? барысы:?йымдастыру;

1-ж:?ош келді?іздер ??рметті к?рермен ?ауым!Б?гінгі 7 “А” сынып о?ушыларыны? сіздерге арнал?ан “ Т?уелсіздік – ел ма?танышы ” атты т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялау?а р??сат еті?іздер!

2-ж:Міне,т?уелсіздігімізге 20 жыл да толды.Бізді? ата-бабаларымыз,а?а-?пкелеріміз осы т?уелсіздік жолында жанын ?и?ан болатын ж?не оларды? е?бектері зая кетпеді.Олар Отан ?ор?ау жолында ?аза болды ж?не де оларды? жаса?ан ерліктері еш?ашан ?мытылма? емес.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік – ел ма?танышы! »

Тәуелсіздік – ел мақтанышы!

Сабақтың мақсаты:Тәуелсіздік бізге оңай жетпегенін,осы жолда көптеген қиындықтармен күрескен алаштың азаматтарын еске алып,Тәуелсіздік ұланы екенін мақтын етіп,Тәуелсіздік туын жоғары ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу;

Сабақ түрі:Ашық тәрбие сағаты;

Сабақтың әдісі:Өзіндік жұмыс;

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру;


1-ж:Қош келдіңіздер құрметті көрермен қауым!Бүгінгі 7 “А” сынып оқушыларының сіздерге арналған “ Тәуелсіздік – ел мақтанышы ” атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!


2-ж:Міне,тәуелсіздігімізге 20 жыл да толды.Біздің ата-бабаларымыз,аға-әпкелеріміз осы тәуелсіздік жолында жанын қиған болатын және олардың еңбектері зая кетпеді.Олар Отан қорғау жолында қаза болды және де олардың жасаған ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.


1-ж:Олар өмірлеріінің қымбат екендігін білді,бірақ Отаным,қазағым,жұртым,халқым қымбат деп еліне азаттық беру үшін күресте жанын аямады.Олар тек бір ғана ұран ұстанды:”Не жеңіс,не өлім!”-деген.


2-ж:Қазір біз солардың арқасында тәуелсіз мемлекет болдық.Ең ірі мемлекеттер санатына іліктік.Сол үшін де біз батыр аға-әпкелерімізге мыңдаған алғыс айтамыз.


1-ж:Өркеніміз даланың,

Ертеңіміз қазақтың.

Аманаты бабаның-

Тәуелсіз таң,азат күн!

Сөйлемейді іргеміз

Осылай сөз бергенбіз.

Қай кезде де біргеміз

Туып-өскен елмен біз.

Хор:Елім-ай


1-ж:Ән:Жаса Қазақстан. Орындайтын:Қалдарбекова Ж,Назарбай Г


2-ж:Кез де келер,ер жетер

Біз сенімді жолдамыз.

Бесігіңде тербетер

Отанымыз – ордамыз!


1-ж:Қалықтаған көгершіні бүгінде

Мұңаймасын ешбір бала елімде

Ата берген батаменен үлкейсін

Ұлы Отаным тілегім сол менің де.

Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын,құқықтары мүддесін қорғап қалуға,өзіндік бет-бейнесін,егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады.Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса,онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ.Ал егер халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе,басқа халықтардың тарихы көрсеткендей,бұл сәт,бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады.Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы,әрі бақытты күн.


2-ж:Құрбандарым,жазықсыз,құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қарылы жылдардай боп қарауытып

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым,жазықсыз,құрбандарым

2-ж:Көрініс:Желтоқсан оқиғасы


1-ж:Ербол,Қайрат,Ләззат сынды аға-әпкелеріміздің есімдері ешқашанда ұмытылмайды.1986 жылдың Желтоқсан құрьандарына тағзым етіп,1 минут орнымыздан тұрып,үнсіздікпен еске алайық.


Оқушылар жаттауы:Бақжан,Динара, Мереке,Димаш,



1-ж:Қазағым сенсің қазақ-ұлы елім,

Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім

Мақтанам,қазағым,мақтанышым,

Тәуелсіздік таңы атқан үшін.


2-ж:Қазағым,сенсің тауым асқарым,

Самсаған сенсің ұшар аспаным.

Жұлдыз,айы аман,күні аман

Туған жерім сенсің ұлы анам.


Оқушылар жаттауы:Нұрболат,Медеубек Ш,Ислам,Ұлықбек


2-ж:Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған


1-ж:Домбырамен сөйлеген

Махаббаты халқымның

Жігер беріп күй деген

Жарқырады алтын күн


2-ж:Күй:Балбырауын.Орындайтын:Қазыбек


1-ж:Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

“Қыз өссе – елдің көркі”-деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Би: «Ата толғауы»


2-ж:Ата бабам арман еткен,

Егеменді қазақ жерім.

Қуанышын көптен күткен,

Құтты болсын дарқан елім




1-ж:Тәуелсіздік мәңгі сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті,бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын!


Оқушылар жаттауы:Жанар,Саламат,Қазыбек,Қуат,Марат Шыңғыс




2-ж:Қазақ халқына Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы жолда атамыздың қаны,анамыздың көз жасы төгілді. Кезінде Ыбырай Алтынсарин: «Қазақ халқы- азбаған,табиғаты таза халық. Оның талабы:біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына көне алмайды»,-деген екен.


1-ж:Кеңес одағына ең алғаш қазақ жастары қарсы шығып,алып империяның зәре-құтын қашырды. Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова сынды боздақтар тәуелсіздік жолында жанын қиды. Қазақтың намысшыл ұл-қыздары қуғынға түсіп,тағдыр тауқыметін бастан кешірсе де,олар өз еліне азаттық беру үшін алған беттерінен қайтпады.Біз қазір өз туған жерімізде,өз жерімізді өз игіліктерімізге пайдаланып бақытты өмір сүрудеміз.Осының бәрі сол батыр аға-әпкелеріміздің арқасында.


2-ж:Ән:Өз елім. Орындайтындар Ислам мен Қуат


1-ж: Қазақтың ұлттық биі ҚАРАЖОРҒА


Оқушылар жаттауы:Бақдәулет,Бекжан,Гүлдар,Нұрбақыт


2-ж:Ән:Қара бауыр қасқалдақ – Орындайтын:Жансая


Оқушылар жаттауы: Досбол,Жансая,Дидар,Аида


1-ж:Хор: Атамекен


2-ж:Мінеки,осымен 7”А” сыныбының “Тәуелсіздік – ел мақтанышы ” атты тәрбие сағаты аяқталды.Келесі кездескенше,қош сау болыңыздар!


1-ж:Әрқашан осындай Тәуелсіз мемлекет бола берейік!














Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданы


«Темір» жалпы орта мектебі









Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел мақтанышы».



Сынып жетекші:Жанқожаева А.

Орындаған: 7 «А» сыныбы



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?уелсіздік – ел ма?танышы!

Автор: Жан?ожаева Алмаг?л

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176566


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства