kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіз елді? ?рпа?тары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  ?аза?стан елі бойынша жина?та?ан білімдерін, танымды? ?абілеттерін  арттыру. Сайыскерлерді? ойлау, с?йлеу, да?дысын дамыту, ?з ойын жеткізе білуге, ізденуге, ?алыптастыру. Ту?ан жерін, Отанын ?астерлеп, с?юге т?рбиелеу.

К?рнекіліктері:   Слайд, кинодан ?зінді, таратпа материалдар.

Жоспары:       «?ріптер с?йлейді»

                        «?лтты? салт-д?ст?р»

                        «Сандар сыры»

                        «?аза?стан м?дениеті»

                        «Ойлан, тап!»

М??алім с?зі: Т?уелсіздік- ?асиетті ??ым, с?улелі ??былыс. Санда?ан ?асырлар мен замандар бойы бабаларымызды? асыл арманы бол?ан. Т?уелсіздік а? ?анатты періште сипатында хал?ымызды? басына ба? болып ?онды. 1995 жылы 13 шілде к?ні ?Р Президенті Алматы ?аласында Т?уелсіздік монументін орнату туралы ?аулы ?абылдады. Б?л монумент ?аза? хал?ыны? т?уелсіздігіні? нышаны болып табылады. ?аза? хал?ы ?з т?уелсіздігін ал?аннан кейін дамып ?ркендей бастады, ?аза? деген атты ?лем елдері танып мойындай бастады. ?аза? мемлекеті ?лемді мойындатып к?птеген игілікті істер ат?арып ?лем назарын ?зіне ?арата бастады. О?ан д?лел ары?а бармай-а?  ?ткен жылы  Е?Ы?-? саммиті мен Азиада ?ыс?ы ойындары ?аза? еліні? м?ртебесін жо?ары?а биіктетті. Осыны? б?рі хал?ымызды? ынтыма?тасты?ы мен бірлігіні? ар?асында ж?не де елбасымызды? сали?алы саясатыны? ар?асында осындай к?нге жетіп отырмыз. С?з со?ында айтрым елімізді? ерте?і жар?ын болып, т?уелсіздігімізді? т??ыры ?р?ашан биік болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіз елді? ?рпа?тары» »

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Өмірлік орта мектебі











«Достықтың терең тамыры»

(дөңгелек үстел)






Өткізген: Нақыпов А.С.








2013-2014оқу жылы





Тақырыбы: «Достықтың терең тамыры»!


Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан халықтар арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілік өмір сүрудің бірден бір жолы достық қарым-қатынасы екнін түсіндіріп, «достық» сөзінің мағынасын ашу.


Міндеті: 1.Адам қарым-қатынасы арасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың арасында қандай ұлт болмасын достық сезімдерін

дамытуға ықпал ету;

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа, өз елінің адал

азаматы болуына тәрбиелеу.


Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (Кіріспе).

2. Дос сөзіне «Топтастыру» стратегиясын айту.

3. «Достық-ынтымақ пен бірліктің туы».

4. Қазақстанның шетелдермен достастық байланыстары.

5. Топтық ойын.

6.Сұрақ-жауап.




1.Салеметсіздерме оқушылар, ұстаздар біз білетіндей тілдер апталығына байланысты бүгін сыныптан тыс іс-шара өткелі жатыр. Іс-шараның атауы «Достықтың терең тамыры» деп аталады, сіздермен бірге бұл тақырыпты талқылайтын мен Нақыпов Абай Сайлаубекұлы боламын.

Ал олай болса тақырыбымызға сай қысқаша шолу жасайық, осыдан он төрт жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың Тілдер мерекесі деп жарияланды. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті, достық, ынтымақтастық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан - үлкен достықтың үйі. 

2.Дос сөзіне «Топтастыру» стратегиясын айту.

Адал

Ешқашан сатпайды Көмекші, бірге жүреді




Шындықты бетке айтады Ақыл-кеңес береді





3. «Достық-ынтымақ пен бірліктің туы»

-Ел бірлігі мен өзге ел арасындағы достықты Қазақстан Республикасы халқы біз білетіндей әрқашан тең ұстаған. Қандай ел болмасын достық пен ынтымақтастықта, экономика, спорт тағыда басқа салаларда қарым-қатынасты нығайту үшін әрине ең біріншіден тіл қажет, қазақтың жақсы мақалында айтылғандай «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл»-деп бекер айтпаған. Қазіргі Қазақстанның сырт елдермен достық қарым-қатынасын айтар болсақ, басқа шетелдердің барлығына жуық ынтымақтастық-достық қарым-қатынаста десек артық болмас еді.


4.Қазақстанның шетелдермен достастық байланыстары.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық достық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен – шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті. Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды..
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде «Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.


5.Топтық ойын.

Олай болса Қазақстанымыз достық байланыстарды орнатып жатыр шетелдермен, бұның бәрі бұрынғы кездерден бастау алса керек.Достық туралы қаншама ақындарымыз жырлады, жазушыларымыз осы тақырыпқа қалам тербеді, осыған байланысты халық аузында дана сөздер, мақал-мәтелдер,қанатты сөздер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыр,енді достық жайлы мақал-мәтел білетіндеріңізді байқап көрсек,ол үшін топтық ойын ойнаймыз.

1топқа

Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсың)

Ақылы көпті дау алмайды, (досы көпті жау алмайды)

Жаман аттан аяғым артық, (жаман жолдастан таяғым артық)

2топқа

Дос жылатып айтар, (дұшпан күлдіріп айтар)

Достықтың екі түрі бар, (бірі-адал достық, бірі-амал достық)

Жақсы жолдас жанға серік, (жаман жолдас малға серік)



6.Сұрақ-жауап.

1.Қазақстанқандай елдермен шекаралас? (Ресей, Қытай, Қырғыз,Өзбек,Түркімен)

2.Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991жылы 16желтоқсанда)

3.Шығыстың қос шынары? (Әлия мен Мәншүк)

4.Қазақстанмен Ресейге ортақ ол не? (Байқоңыр)

5.Жердің дәл кішкентай үлгісі? (Глобус)

6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубакіров)



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Т?уелсіз елді? ?рпа?тары»

Автор: Накупов Абай Сайлаубекович

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160194


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства