kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты " Же?іс к?ні"

Нажмите, чтобы узнать подробности

9-мамыр-Же?іс к?ні!

Саба?ты? та?ырыбы: 9-мамыр-Же?іс к?ні                                                               Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды адамгершілікке, Отанын с?юге, оны ?ор?ау?а баулу. Отан?а деген с?йіспеншілігін арттыру, олар?а патриотты?   т?рбие беру.                                                                              Саба?ты? к?рнекілігі: Плакат, газет, на?ыл с?здер,т?рлі-т?сті шарлар,г?л шо?тары.

Ел ?мітін ер а?тар,                                                                                Ер ата?ын ел са?тар.

Отан ?шін от?а т?скін – к?ймейсі?,

?лы Же?іске мы? та?зым!                                                                      9 мамыр – Же?іс к?ні                                                                               Саба?ты? барысы: (о?ушыларды? сырт?ы киімі к?к т?сті пилотка, кеуделеріне к?к лента, барлы?ы орындарынан т?рып т?рады, ?она?тарды ?арсы алады, ?нтаспадан Же?іс туралы ?н ?ойылады).

О?ушы:" Же?іс к?ні" (Т.Молда?алиев)                                                 Ба?ыт сыйлап жатады ?р к?н                                                                 Санамыз?а жары? берген                                                                           ?келері аталарды?                                                                         Б?л Же?істі алып келген                                                                                О?ушы:                                                                               ?уантамыз ?н сап ж?ртты,                                                                         Келе берсінба?ыт та?ы.                                                                    Же?іс к?ні? болсын ??тты,                                                           Батырларды? ?рпа?тары.                                                             (?она?тар?а г?л беріледі)                                                             

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты " Же?іс к?ні" »

9-мамыр-Жеңіс күні!



Сабақтың тақырыбы: 9-мамыр-Жеңіс күні Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер,түрлі-түсті шарлар,гүл шоқтары.

Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

Отан үшін отқа түскін – күймейсің,

Ұлы Жеңіске мың тағзым! 9 мамыр – Жеңіс күні Сабақтың барысы: (оқушылардың сыртқы киімі көк түсті пилотка, кеуделеріне көк лента, барлығы орындарынан тұрып тұрады, қонақтарды қарсы алады, үнтаспадан Жеңіс туралы ән қойылады).

Оқушы:" Жеңіс күні" (Т.Молдағалиев) Бақыт сыйлап жатады әр күн Санамызға жарық берген Әкелері аталардың Бұл Жеңісті алып келген Оқушы: Қуантамыз ән сап жұртты, Келе берсінбақыт таңы. Жеңіс күнің болсын құтты, Батырлардың ұрпақтары. (Қонақтарға гүл беріледі) Мұғалім:Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 67 жылдық мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан – ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде. Оқушы: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс. Оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні, Болса дағы қай ғасырдың қай жылы Ұлы Отаным басын иіп еске алып Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. (бір минут үнсіздік, орнынан тұрып еске алу) Оқушы:1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Оқушы: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды. Оқушы:Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.



Мұғалім:Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Оқушы:Иә, зұлмат соғыстың оты түпкір – түпкірді шарпыды, қасіретті сұм соғыс жыр алыбы Жамбыл атамыздың да шаңырағын шайқалтып кетті. Көрініс: Ж.Жабаев І. «Аттандыру», «Балама хат», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері және Кенен Әзірбаевтің «Жамбылға көңіл айту» жыры бойынша қойылады. (үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық. Ж.Жабаев «Аттандыру». Майданға аттандырушылар сыртқа шығып кетеді. ІІ. Үнтаспадан күй естіліп тұрады. Ортада жыр алыбы Жамбыл «Балама хат» өлеңі оқылады. ІІІ. Сахна сыртында дауыс естіледі. Оқушы: Бірінің жары өлгенде, Бірінің жары хабарсыз Сұрапыл басқа төнгенде Кетіпті қара қағазсыз

Ажалға берген шығыны, Бір аяқ, бір қол жоғалтқан Кеудеде тірі шыбыны Бірінің жары оралған.

1943 жылы жыр алыбы Жамбыл баласы Алғадайдың өлімі туралы қаралы қағаз алып, төсек тартып жатып қалады. Сонда ән мен жырдың Кенені көңіл айтып келед. К.Әзірбаев «Жамбылға көңіл айту» Кененнің көңіл айтуынан соң Жамбыл Кененім келген екен ғой деп орнынан тұрады, баласын жоқтап көріседі. Ж.Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» (Қарт Жамбылға Кенен бастап келген топ сабырлық айтады. ) Оқушы:Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті. Оқушы: Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады, Ақ сүт берген анасын қорғады, Самал ескен даласын қорғады, Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Оқушы:«Сен құрметте оны, қарағым!» (Ә. Сәрсенбаев) Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?! Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын. Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын. 3 Оқушы: Кешегі елге қатер төнгенде, Ол жауға қарсы шапты, Бізді жалмамақ болған ажалды Өр кеудесімен қақты. Ол арыстанша алысты. Елім соққысын өз үстіне алды, Денесін оқ пәршеле се де, Ел намысын қорғап қалды. Оқушы: Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?! Сенің келешегің үшін берді ол заттық жолда аяғын! Мұғалім:Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымызда соғыстың куәгерлері Отанын қорғаған, бізге осындай бақытты да бейбіт заман сыйлаған өз аулымыздағы соғыс ардагерлері қатысып отыр. Құрметті ардагер аталарымызға сөз берейік. (Соғыс ардагерлері ұлы Отан соғысы туралы айтып, балаларға ақ тілегін білдіріп, бейбіт өмір тіледі).

Ән: «Жойылсын соғыс»

Оқушы: Мен соғысты жек көрем! (Қ.Жұмағалиев) Мен соғысты Жек көрем! Көкем айтып отырса, Кім қасірет шекпеген, Кім көз жасын төкпеген! Талай өткен ғасырлар, Еш соғыссыз өтпек Оқушы: Мен соғысты жек көрем! Күні ертең – ақ ер жетем! Туған жерді Әлпештеп, Кірпік ілмей Тербетем! Оқушы: Жету үшін мұратқа Сапар шегем жыраққа» Ғұмыр бойы соғысам, Асу бермес белдермен Асау өзен, көлдермен! Сен соғысты Жек көрем! Адамзатты Жеткізем Арманына Жетпеген! Мұғалім:Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ … Оқушы:Болмасын соғыс! (Ж.Ақылбайұлы) Болмасын соғыс» Тілегі солай ата – ананың. Жарақат алып қорғаған елін, Ұлы Отанын, Көшеде егер балдақты кісі кездессе Жүрегім соғып ойланып бара жатамын. Бақтарды басып, танктіңтажал табаны, Қандарға бөгіпбала – бақшалар алаңы. Жауынгер болып от атып жап – жас жігіттер, Атпаса екен шашынан сүйреп Ананы. Оқушы: Болмасын соғыс! Жасасын Жеңіс – мамыр – ай! Қозы – лақ шапсын енесін еміп жамырай, Тау азаматтар жарақат алып жатпасын, Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай. О, мейлі, қарын ашығып қалса сәл ғана, Жаралы елді артпай – ақ қойдық арбаға, Күн күліп, гүл өсіп тұрсын далада Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала. Оқушы: Жасасын Жеңіс! Еңбегі барлық солдаттың, Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың. Қанша ма адам ерліктер жасап майданда Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың! Оқушы: Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел! Мұғалім:Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер. Оқушы: Барша халық жеңіс күнін тойлайды, Жас сәбилер думандатып ойнайды. Ардагерлер көздеріне жас алып, Ұрпақтардың амандығын ойлайды. (оқушылар ардагер аталарына сыйлықтарын береді.) Оқушы: Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен – аман болайық Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?рбие са?аты " Же?іс к?ні"

Автор: Т?ртеш Е?лік Оразай?ызы

Дата: 03.11.2015

Номер свидетельства: 247372


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства