Саба?ты? т?рі: конструктор КТ
Саба?ты? ?дісі: с?ра? – жауап.
Іске асыру жолдары: К?рініс к?рсету ар?ылы ой ?орыту.
К?тілетін н?тиже: Рухани адамгершілік т?рбие беру ар?ылы сыйласты??а, бауырмалдылы??а, татулы??а баулу.
П?наралы? байланысы: ?зін-?зі тану, ?дебиет, ???ы? негіздері.
К?рнекілігі: Мультимедиа аппараты, компьютер, слайдтар, бейнематериалдар.
?лы философтарды?, ойшылдарды? т?жырымдары
1. Мада?тау шарап сия?ты к??ілді к?тереді, біра? сананы уламайды. Вольтер.
2. ?ателесу ?р адам?а т?н, біра? а?ыма? адам ?ана ?з ?атесін мойындаудан бас тартады. Цицерон.
3. К?п с?йлегенде ?тылдым, ал ?ндемегенде – ?ттым. Мао Цзедун.
4. ?р адамда ??діретті к?ш бар, сонды?тан адамдар бір-бірін сыйлау?а тиіс. М.Горький.
5. Ешкімде са?ан дос емес, ешкімде са?ан ?ас емес, біра? ?р адам са?ан о?ытушы. Орыс ма?алы.
6. ?те шыншыл бол, ?йренгенді с?йе біл, ?лімге дейін берік болып, жа?сар?ан ?стіне жа?сара т?с. Егер елге ?ауіп т?ніп т?рса, онда барма, ал б?лік шы?са, онда т?ра?тап ?алма. Егер адамдар д?рыс жолмен ж?рсе, ?р?ашан елді? к?з алдында бол, ал жолдары д?рыс болмаса-жасырынып ?ал. Егер елде д?рыс ба?ыт болса, жарлы да елеусіз болудан ?ысыл, ал ба?ыты д?рыс болса, ?йгілі де д?улетті болудан ?ысыл. Конфуций
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сынып са?атыны? та?ырыбы: «Тіл табыса білейік»»
Кощегулова Н.А
Сабақ тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Сабақ мақсаты:
а) Адамдық қарым-қатынастарды талдай отыра, өзін-өзі тану арқылы адамды түсінуге, сыйласымдылықпен астаса араласу қажеттілігін түсіндіру. ә) Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту. б) Адамдарды тазалыққа, сенімге, сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа баули отыра, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конструктор КТ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап. Іске асыру жолдары: Көрініс көрсету арқылы ой қорыту. Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы сыйластыққа, бауырмалдылыққа, татулыққа баулу. Пәнаралық байланысы: Өзін-өзі тану, әдебиет, құқық негіздері. Көрнекілігі: Мультимедиа аппараты, компьютер, слайдтар, бейнематериалдар.
Ұлы философтардың, ойшылдардың тұжырымдары 1. Мадақтау шарап сияқты көңілді көтереді, бірақ сананы уламайды. Вольтер. 2. Қателесу әр адамға тән, бірақ ақымақ адам ғана өз қатесін мойындаудан бас тартады. Цицерон. 3. Көп сөйлегенде ұтылдым, ал үндемегенде – ұттым. Мао Цзедун. 4. Әр адамда құдіретті күш бар, сондықтан адамдар бір-бірін сыйлауға тиіс. М.Горький. 5. Ешкімде саған дос емес, ешкімде саған қас емес, бірақ әр адам саған оқытушы. Орыс мақалы. 6. Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Егер елге қауіп төніп тұрса, онда барма, ал бүлік шықса, онда тұрақтап қалма. Егер адамдар дұрыс жолмен жүрсе, әрқашан елдің көз алдында бол, ал жолдары дұрыс болмаса-жасырынып қал. Егер елде дұрыс бағыт болса, жарлы да елеусіз болудан қысыл, ал бағыты дұрыс болса, әйгілі де дәулетті болудан қысыл. Конфуций 7. Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық. Төле би 8. Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе, Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе. Қорқыт 9. Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой. Марк Твен 10. Әрқашан шындықты айт, сонда артық ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ. Марк Твен 11. Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады. Әл-Фараби 12. Өмір сізге лимон сыйласа, сіз одан лимонад жасауға тырысыңыз. Өмір сізге ащы дәмін тарттырса, сіз оны тәтті дәмге айналдырыңыз. 13. Адамның ең осал тұсы – шыдамсыздығы, ең мықты артықшылығы – төзімділігі.
Барысы:
Оқытушы: Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ерекшелігі –сабақ барысында оқушылар санасына ой салу. Сабақтың мақсаты: Адамдық қарым-қатынастарды талдай отыра, өзін-өзі тану арқылы адамды түсінуге, сыйласымдылықпен астаса араласу қажеттілігін түсіндіру. Оқушыларға құрбыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту. Адамдарды тазалыққа, сенімге, сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа баули отыра, бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Ал, ендеше бастайық! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тіл табыса білейік». Қазіргі таңда адамдардың өмірге деген көзқарасының өзгеруі, келеңсіз факторлардың орын алуы балалардың тәрбиесіне түрлі жағымсыз әсерлер туғызады.. Сабақ барысында осы сұраққа жауап іздемекпіз.
Назарларыңызға жағдаят ұсынамыз. Осы оқиғаны талдай отырып, тақырыбымызды өрбітетін боламыз (қойылым)
1 жағдаят. Математика сабағы үстінде
Материал түсіндірілді. Тапсырма орындалуда бірі тапсырма орындап отырса, бірі – біріне түсіндіріп отыр. Мұғалім түсінбеген оқушыға қайталау үстінде
Маған келіңізші! деп түсінбеген оқушы айқайлайды.
-апай! Қалай шешерімді білмей тұрмын маған келіңізші! – шыдамсыз оқушы қатты айқайлап жібереді.
- шыдай тұр. Қазір Ботаға түсіндірейін саған да кещек жетеді.
-апай! –жарты минуттан кейін оқушы айқайы естіледі .
Жанында отырғандар оның жалғыз еместігін ескертеді.
- сөйлемеңдер маған деп – дүңк етеді оқушы.
2 жағдаят. Биология сабағында .
Мұғалім сабақ түсіндіріп оқушыларға тапсырманы тақтаға жазып береді.сол сәтте екі оқушы сөйлесіп отырып тапсырманы түсінбей, мұғалімнің
«Тапсырманы орындауға кірісіңдер» дегенде ғана естерін жиып,
«Мен түсінбедім» дейді
Мен сендерге үш рет түсіндірдім, соңғы рет түсіндіремін тыңдаңдар дейді.
Екі оқушы кешегі демалысты қалай өткізгендерін айту үстінде. Барлығы жұмысқа кіріскенде дәйек салады:
- апай не істеу керек?
Мұғалім:« Енді қайталамаймын. Тапсырма тақтада. Бірнеше рет түсіндірдім. Ал сендер тыңдамадыңдар.»
Оқушы қажеті жоқ мен ештеңе істемеймін.- деген сөзбен партадағы қаламын жерге лақтырып, сабақ соңына дейін ештеңе істемейді.
3 жағжаят. Екі оқушының сабаққа кешігуі
Екі оқушы сабаққа кешігіп келеді. Кешірім сұрап кіреді.бірақ сыныптастары келемеждеп тиісе бастайды: «Кешіктіңдер қазір апай сендерге екілік қояды, әдепсіздер». Сабақ соңына және келесі қоңырауларда кикілжің танытқан сыныптастарына келіп, бірнеше ауыр сөздер айтады. Осы жайдай күн соңына дейін жалғасады.Ал оқушы барлық сабақта басы салбырап, көңіл күйі жайсыз болып бас сүйектің суретін салып отырады.
Мотивация. Балалар сендерге мына жағдаяттар таныс па? Сабақ үстінде осындай келеңсіз жағдайлар туындайды ма? Біздің сабағымыздың мақсаты осындай жағдайларды болдырмау жолын табу.
Мұғалім :Балалар кикілжіңге көбіне не себеп болады?
Мұғалім : Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз...
Абай
Қазір сіздерге «Сынық телефон» ойнауларыңызды ұсынамын. Көмекке 6-8 бала.
Бірде данышпан Сократқа оның танысы келіп:
-Сократ, сен оқушыларыңның бірі туралы не естіп келе жатқанымды білесің бе?- деп сұрапты.
-Тоқта,-депті Сократ. - Әңгімеңді жалғастырмас бұрын, саған үш сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші сұрақ: маған айтқалы тұрған нәрсеңнің шындық екеніне көзің жетті ме?
-Жоқ,-деп жауап беріпті танысы. - Мен тек естідім...
-Екінші сұрақ: оқушым туралы айтқалы тұрғаның жақсы нәрсе ме?
-Жоқ, керісінше...
-Жақсы... Үшінші сұрақ: оқушым туралы айтпағың маған әлдебір пайда әкеле ме?
-Жоқ, олай емес...
-Ендеше, сенің шын емес, нашар, пайдасыз әңгімең айтуға тұра ма өзі?
Сократтың танысы ұялғанынан үндемей қалыпты.
Мұғалім :Бұл үш әріптен құралған сөздің құдіретіне еш адам таласа аламас еді. Өлтіретін де , өсіретін де адамды «Сөз. »«Сөз» кикілжің оқиғаларға себепші, сөз арқылы жылатамыз , өтірік айтамыз,жала жабамыз, ойынанан айнытамыз. Балалар сөздің құдіреті керемет. Тіл адамдарды сөлесуде - біріктіруші,сөз арқылы ойымыздағыны, махаббатымызды білдіреміз , көндіре алаламыз, рух береміз. Соны сіздерге дәлелелдеу үшін келесі тапсырманы орындайық (көмекке бір оқушы ).
«Анасынан адасқан баланы жұбату»
Ал енді алдарыңда үш бірдей фигуралар. Анықтап қарайық не байқадық?
Фигуралардың құлақтарында көрінер-көрінбес тесік бар, бірақ бірінші фигурада екінші құлақтан шығатыны,екіншісінде аузынан , ал үшіншісі жүрегінен шығып тұр. Балалар бұған не дейсіңдер?
(Бұл адам типтерін айқындайды. адамдар бірдей болмайды бірінші фигура, бірі құлағымен тыңдап,екінші құлағынан шығып кететін адам типтеріне жатады.)
Екінші фигура құлағымен тыңдап, сөзі аузында тұрмайтын адамдар тәріздес.
Ал үшінші Кейбір адамдар құлағымен тыңдап ой елегінен өткізіп, сөзді жүрек түбінен шығарады.
Кімде кім анадан саңырау болып туылса, ол сөзсіз мылқау болып туылады. Сондықтан даналардың сөзіне құлақ сал. Суық сөйлеме. Суық сөзде, мысалы арам шөптің ұрығы сияқты, одан дұшпаның пайда болады.
IV. Рефлексия
Алдарыңда ұялы телефон. Бір–бірлеріңізде реніш болса, хат арқылы түсінісіп, тілектеріңді білдірсеңдер.
Сыйқырлы сандықша: балалар мына жәшікте адамдар бірнеше ғасыр тіл табысып келе жатқан зат бар. Не бар деп ойлайсыңдар? (қалам )
Бала дүниеге келгенде анасының сүтімен бірге бойына махаббат, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін енгізеді. Үлкейгесін сол қасиетті сезімдердің құны түседі. Заман заманнан өзгереді, адам адаммен кездеседі, қоштасады. Әркім де өз алдына биік мақсаттар қояды, көп дүниеге қол жеткізгісі келеді, «бақытты болғысы келеді», кейде адамдар өздерін басқалардан жоғары санап, биік ұстап жатады. Оқытушы: Адам баласы өмір бойы махаббатты, сыйластықты іздейді, сондықтан бақытты іздеудің алдында, бір-бірімізге жанашыр, бауырмал, қамқор, адал болыңыздар! Оқытушы: Бүгінгі кешімізге қатысушы қонақтар келесі сөздер арқылы өздеріңіздің пікірлеріңізді түйіндей отырып, ойымызды қорытындыласақ: «жүрек», «оқушы», «ұят», «қыңыр», «тәрбие», «сыйластық», «түсінісу», «отбасы», «жек көру», «шыдам», «сабырсыздық», «имандылық», «кешірім», қателік», «шындық», «жанашыр». Бүгінгі айтқан әңгіме бос емес. Бір-бірімізді түсінісуге кеш қалмаңыз! – деп сабғымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет. - Сау болыңыздар!