kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып са?аты К?ктем аруы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: "К?ктем аруы" ?ыздар арасында бай?ау.
Ма?саты: ?ыз балаларды? жан д?ниесіндегі к?ркемдік тал?амын ?алыптастыру, ?аза? хал?ыны? ?ыз т?рбиелеу салт-д?ст?ріне байланысты ?дептілікке, инабаттылы??а, ізеттілікке тірбиелеу.
К?рнекілігі: «?ыз-елді? к?ркі» (?лтты? киімді ?ыздарды? суреттері), «?нер таусылмас азы?» (?ол?нер т?рлеріні? фотосуреттері), ма?ал-м?телдер, ?анатты с?здер. сыныптан тыс іс-шара барлы? кез - келген жас ерекшелігіне байланысты ж?ргіззуге болады. сынып ішінде не болмаса сыныптар арасында ?ткізуге ?сыныл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сынып са?аты К?ктем аруы»



Рудный қаласы, №19 орта мектебі














Сынып сағаты.

Тақырыбы:


«Көктем аруы»


Сынып: 7 «Ә»


Сынып жетекшісі: Сулекина Н.М.



















2012-2013 оқу жылы



Жүргізуші: Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ардақты аналар, аяулы қыздар! Бүгінгі мерекеге қош келіпсіздер!

«8 наурыз - тамаша мереке, көктем - мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі, адамның бақыты мен махаббат кезеңі»

Жүргізуші :Ия! Арнада су тасынып
Көзге түскен беттен гүл
Үлкен - кіші асығып,
Күткен мейрам неткен бұл? - дей отыра Алда келе жатқан

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын, ардақты ханымдар! Сіздерге ұзақ ғұмыр,бақытты өмір,отбасыларына амандық пен қуаныш тілейміз!
Жүргізуші: Мерекені атап өту мақсатында сыныбымызда шағын іс-шара өткізілуде. Яғни сыныбымыздың ару қыздары бүгін бақ сынаспақ!
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. – дей отырып хас сұлуларымыз ды ортаға шақырайық!
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1) Ақ көйлегі үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп

Келеді міне Пакизат
Бұрымдары желбіреп.
2)Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Айнұр қыз да қатарынан қалмаған.
3)Атыңнан айналайын Айкен деген,
Әр ісіңе оң баға бере білген
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
4) Білімді оқушы ол сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
қарсы алайық ортаға Камиланы

Ән айтса құмарыңды қандырады
5)7 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып,би де билейтін.
Айжан қызымыз!
6)Айгерім қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
Ақылды және білімді
Меңгерген бар ілімді
Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1. ....................................................................................................
2. ....................................................................................................
3. ....................................................................................................
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1кезең. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады. (5 мин)
2кезең. «Ас- адамның арқауы»
3- кезең «Өнерлі өрге жүзер!»

4- кезең «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі
5 – кезең «Адам көркі шүберек»

6 кезең «Шаш сәндеу!»
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан мінекей келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І кезең : «Сәлем – сөздің атасы»
1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз:

5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші : өте жақсы рахмет! 1 кезеңді қорытындылап шықсақ! Сөз қазылар алқасына беріледі!

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз: 5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші: жақсы!

«Ас – адамның арқауы»- бәрі білер,
Тағамның алуан түрін білесіңдер.
Бүгінде қыздарымыз әкепті асты,
Даярлаған өз қолымен, ол бір өнер – деп, қыздарымызды үйден, аналарының көмегімен өздері даярлаған тағамымен ортаға шақырайық.

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз

5 аруымыз 6 аруымыз:

Жүргізуші: Әділ – қазылар алқасы әділ бағасын шғарғанша ортаға қошеметпен ____________________ шақырамыз!

Жүргізуші: Рахмет! Әділ қазылар бағасы дайын болса танысып өтейік!

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз: 5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші: керемет! Олай болса сайысымыздың келесі кезеңі «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.
жүргізуші:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та. Олай болса ортаға ...... шақырамыз!

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз:

5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші: Құрметті әділ – қазы алқасы кезек өздеріңізде! Әділ бағасын берсеңіздер!

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз: 5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Аруларымызды ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
    2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
    3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
    4. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
    5. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
    6. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
    7. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
    8. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
    9. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
    10. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
    11. Бағалы металл (алтын)
    12. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

Жүргізуші: өте жақсы! Аруларымызға әділ бағасын берсеңіздер!

Жүргізуші: рахмет! Ендеше арулар сіздерді осы жерде қалуларыңызды сұраймыз! Себебі біздің сайысымыздың «Адам көркі – шүберек » деп аталатын келесі кезеңінде сіздер сыныптағы ер балалрды киіндіресіздер!

Жүргізуші : тек қана киіндірмей оған белгілі бір стиль бересіз!

Ер жігіттерімізді ортаға шақырамыз! Алдырыңызда жатқан киімдер, осылардың қайсысын болса да алуларыңызға болады.! Ендеше бастаймыз!

Жүргізуші: өте жақсы әр ару өз жасаған стилін түсіндіріп өтсе!

Жүргізуші: әділ – қазылар алқасы әділ бағасын берсеңіздер!

Жүргізуші: Сәндік өнерге де кезек келді!
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз шашқа сән жасау.

Жүргізуші. Яғни әрбір аруымыз шаш сән үлгісін жасайды, және оны қорғайды!

жүргізуші:

1 аруымыз: 2 аруымыз: 3 аруымыз: 4 аруымыз:

5 аруымыз: 6 аруымыз:

Жүргізуші: Рахмет ! өте жақсы! Енді аруларымызға орындарына баруға рұқсат! Әділ-қазылар қорытынды бағасын шығарғанша ортаға Серкебаева Камилаы «мама» әнімен қарсы алайық!

Жүргізуші: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс-шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Мереке құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
сынып са?аты К?ктем аруы

Автор: Сулекина Нургуль Мырзашевна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285784


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства