Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге, сақтауға үйрету.
Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, сшымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзәрі, нақыл сөздер, шар.
Қатысушылар: 1-4 сынып оқушылары
Іс-шара барысы:
Мұғалім: -Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Ата – аналар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.Қыркүйек, қазан, қараша айлары – күз айлары. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз – күзде егін, астық, көкөніс, жеміс – жидектер көп піседі.
Мәди: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!- деп, 2 – сыныптың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнайық.
Ал, балалар, балалар,
Күзді енді тыңдаңдар,
Қандай жұмбақ айтса да,
Шешпей оны қоймаңдар.
Мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер қолдарынды көтеріп жауап бересіңдер. Кім көп табады екен.
1.Бұл не деген көп киім, 2. Бақшаның алып жемісі,
Жетпіс қабат көп киім. Қайнамай піспес келісі.
www.jospar.kz
Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар
орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
Жаңбыр одан өтеді, Қоңыр күзде сақтайды,
Түймелеуге жетпейді. Сары майдай ел іші.
(қырыққабат) (асқабақ)
3. Дала тегіс сарғайды, 4. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Шаруа қысқа қамдалды. Еті қызыл, сүті тәтті.
Күн қысқара бастады, (қарбыз)
Тауға тұңғыш қар жауды.
(күз)
5. Жер бетінде шашы бар, 6.Жаз да жылдам өтіпті,
Жер астында басы бар. Күн суытып кетіпті.
(сәбіз) Киейін деп сондықтан,
Алып қойдым етікті.
(күз)
7.Өрік, алма
Шие, алма
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (күз)
Мерхат: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін. – дей отырып күздің керемет байлықтарын ортаға шағырамыз.(мектепалды даярлық тобы өлеңдерін оқиды)
Ойын: Жапырақтарға жазылған 12 ай ішінен күз айларын кім тез жинайды?
Аяулым : Еседі күздің желі жер бауырлап,
Барады қолын бұлғап, жаз бұлдырап.
Қыс ызғарын сездіріп, қарасаңыз
Көк аспан күз бұлтымен тұр тұнжырап.-деп, 3 – сынып қыздарының орындауында «Құстар» биі.
«Кім көп біледі?» ойыны
Еңбек, күз туралы мақал – мәтелдерді айтындар.
Диас: Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Бүріне бірлікпенен ортақтассын.
Ақгүл : Күтіп жүрек біз оны әуел баста – ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, Миуасын – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.-деп, 4 – сыныптың орындауында ән.
Күздің сыйынан бір затты бейнелеу. (кепкен жапырақтар, қағаз, т.б.) Әр сыныптан екі оқушы шығып жасайды.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Осымен «Сәлем саған, алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!