kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ШЖМ ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі уақытта ауданымыздағы мектептердің басым бөлігін шағын жинақты мектептер құрайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ШЖМ ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру»






ШЖМ ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.


Ауданымызда шағын жинақты мектептердегі білім беру процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ауданымыздағы мектептердің басым бөлігін шағын жинақты мектептер құрайды.

Биылғы оқу жылында ауданда 39 мектеп болса, оның 27-сі шағын жинақты мектеп яғни 69,2% құрайды. Оның ішінде бастауыш мектеп - 8, негізгі мектеп - 8, орта мектеп-11.

Оқыту тілі бойынша 17мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде, 8мектеп аралас тілде оқытады.

Шағын жинақты мектептердегі сыныптар саны – 251 болса, ондағы сынып комплектілері – 232. Онда 1667 оқушы білім алуда.

Шағын жинақты мектептерде негізгі назар - ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процесіне етене араласып, белсенділік танытуына қолдау жасаудың бір түрі-оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту. Оқушының ғылыми зерттеу жұмыстарымен қызыға айналысуына оның жеке қасиеттері де маңызды рөл атқарады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру - дарынды балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі болып табылады. Дарындылықтың табиғаты шексіз, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлар да сан қырлы. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Осы орайда баланың бойында білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, қоғам туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттері болуы маңызды. Питер Клайн «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» деп зерттеушілік, ізденушілік қасиеттер бұл – баланың табиғатына тән құбылыс екендігін атап көрсетеді.

Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты- танымдық әрекетін дамытып, теориялық білімін түрлі практикалық міндеттерді ашуға пайдалану. Ал міндеті-оқушының жалпы білімге, ғылымға деген оң көзқарасын ояту, білімін көтеру арқылы мектептің жалпы білім сапасын арттыру.

Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады. Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет. Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Ал осы анықталған проблемадан шығуда оқушыдан зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді.

Шағын жинақты мектептегі ғылыми-зерттеудің қызметі:

Білім беруде оқушының танымдық қабілетін арттыру басты назарда болса, ғылыми-зерттеу қызметі - әр пән бірлестігінің негізгі жұмысы болып табылады. Бұл тәжірибе мен зерттеу сипатына қарай болады. Олар:

- ғылыми мекемелерге, кәсіпорындарға, ЖОО, мәдени орындарға барып тұру;

- осы саладағы мамандармен кездесу;

- ғылыми мәселелерге байланысты көрмелерге бару;

- мектеп оқушыларымен зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүрген жетекшілермен кездесу.

Бірлестік жетекшілері құрамындағы пән мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуын талап ете отырып, оның алған тақырыбының ауқымдылығын, шыңайылығын және күтілетін нәтижесіне назар аударуы қажет. Одан кейін бірлестік отырыстарында зерттеу жұмыстарындағы кедергілер мен орындалу барысы туралы талқыланып, ортаға салынып отыруы міндетті. Мұғалім оқушымен жұмыстану барысында айналасындағы әріптестерінің көмегіне жүгінгені жөн. Бұл тақырыптың кең көлемде ашылуына және өзгелердің ойын біле отырып жұмыстың дамуына мүмкіндік береді. Дайын жұмысты алдымен сыныпқа кейін мектепішілік байқаулар мен конференцияларда таныстырады. Таныстырылым кезінде айтылған ұсыныстарды кейін толықтыру қажет. Кейбір пән мұғалімдері жыл сайын тақырып ауыстырып, ол алынған тақырыпты аяқсыз қалдырып жатады. Және ашылмаған тақырыпты сол күйінде қалдырып, келесі оқу жылында тағы басқа оқушымен жұмыстануға кіріседі. Бұл – пән мұғалімінің ғылыми-зерттеу жұмысына ат үсті қарауынан немесе толық түсінбеуінен болады. Міне, осындай жағдайларды болдырмау мақсатында мектептерде бірлестік жетекшілері де зерттеу жұмысының дұрыс жүруіне жауапты болуы керек.

Зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері:

  • проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу);

  • зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелелерді белгілеу);

  • зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);

  • шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

  • зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

  • ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

  • алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау);

  • есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

  • баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).


ШЖМ-де ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзіндік қиындықтары мен тиімді тұстары да бар.

Тиімді тұстары:

1.Оқушылардың белгілі бір ғылым саласына деген қызығушылығы артады.

2.Оқушы мен мұғалім арасында бірлесіп жұмыстану нәтижесінде ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

3.Оқушының бос уақыты пайдалы нәрсемен айналысуға бөлінеді.

4.Ауыл баласының дүниетанымы кеңейіп,танымдық көзқарасы артады.

ШЖМ-де ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысудың қиындықтары:

1.Материалдық базаның талапқа сай болмауына байланысты, әсіресе эксперимент түрін қажет ететін жобаларды орындауда қиындықтар туындайды. (Аудандағы кейбір ШЖМ-де биология, физика пәндерінен ғылыми-зерттеу жобасын жүргізуде әсіресе эксперимент жүргізу кезеңінде туындаған қиындықтардан шығуда виртуалды лаборатория эксперименттерін пайдалануда.)

2.Мектеп кітапханасындағы ғылыми әдебиеттер мен ресурстардың сұранысқа сай болмауы.

Осындай қиындықтардың кездесуіне қарамастан, ауданымыздың ШЖМ-де оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы жақсы жолға қойылып отыр. Оның дәлелі: жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аудандық ғылыми жобалар байқауында ШЖМ-дің оқушылары өз жұмыстарын қорғап жүр. Аудандық кезеңге қатысушыларды іріктеуде мектептерде «Ғылымға жол» деп аталатын ғылыми жобалар байқауы оздырылады. Бұл байқауларда жоба жетекшілері де тақырыпты таңдаудағы және жұмысты орындаудағы кедергілері мен жетістіктеріне тоқталады. Осындай шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің ұйымдастыруымен өтетін мектепішілік жобалар байқауы - әрі оқушының қызығушылығын арттыруға, әрі зерттеу-эксперимент жұмыстарына қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың белсенділігі көтеріліп, оқу процесіне қызығушылығы артады.

ШЖМ-дің ішінде аудандық кезеңдерде жеңімпаз атанып, облысқа қатысып жүрген мектептер қатарында: Магистрал ЖОББМ, Восход ЖОББМ, Новопавлов ЖОББМ, Ұзынкөл ЖОББМ, Қызылжар НМ мен Айтиев бастауыш мектептері.

Ал облыстық кезеңде Магистрал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Н.Бирюков биология пәні бойынша (жетекшісі - Г.М Қдырғалиева) «Бобры» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасымен ІІ орын алса, Восход орта мектебінен «Ақсоғым ауылындағы жер-су атауларының шығу тарихы» тақырыбында зерттеу жұмысы ІІІ орын алды.

Биылғы жылы Магистрал орта мектебінен қазақстан тарихы мен география пәні мұғалімдерінің (пән мұғалімдері - Бабенов Т.Е, Жарасова А.К.) бірігіп дайындаған 7-сынып оқушысы Жарасов Әзілхан «Классификация и распростронение оружия древних номадов ЗКО» деген тақырыптағы ғылыми жобасымен облыстық кезеңге жолдама алып отыр.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
ШЖМ ғылыми зерттеу қызметін ұйымдастыру

Автор: Жакаева Асемгул Ескабыловна

Дата: 12.04.2018

Номер свидетельства: 465950


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства