kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ша?ыра? шатты?ы" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ?з отбасына деген с?йіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын ?адірлеп, сыйлай білуге т?рбиелеу.2) О?ушыларды? ?з ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Оларды? ой – ?рісін дамыту.3) Ата - ана мен бала арасында?ы ынтыма?ты?ты ны?айту, татулы??а, бірлікке ша?ыру.

Саба?ты? к?рнекілігі: слайдтар, интерактивті та?та, ма?ал - м?телдер, на?ыл с?здер т. б.

Психологиялы? дайынды?

М??алімні? т?сіндірмесі

- Балалар мен сендерге бір ж?мба? жасырайын.

Онда ?кем - анам т?рады

Ата - ?же бауырым

Б?рі бірге ?осылып

Бір ??ымды ??рады

(Отбасы)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ша?ыра? шатты?ы" т?рбие са?аты»

Сабақтың тақырыбы: Шаңырағым - шаттығым

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай білуге тәрбиелеу.2) Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Олардың ой – өрісін дамыту.3) Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер т. б.

Психологиялық дайындық

Мұғалімнің түсіндірмесі

- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Онда әкем - анам тұрады

Ата - әже бауырым

Бәрі бірге қосылып

Бір ұғымды құрады

(Отбасы)

- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)

- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.

1 - оқушы

Марал: Жылжи берші кезім емес жасқанар

Бөгей алмас білім атты тас қамал

Отанның аяулысы боларсың

Отан деген отбасынан басталар.

2 - оқушы

Қыдыр: Ата - ана асқар тау алдымдағы

Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі

Өзің берген өнеге тәрбиеңмен

Бақыттымыз жанұя бауырындағы.

3-оқушы

Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атауы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

4-оқушы

Сіздердің шыдамдылықтарыңызбен, қамқорлықтарыңызға біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге байланысты.

Сержан - Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.

5-оқушы

Жанұя, отбасы - мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Президентіміз Н. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі - отбасы болып саналады. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Сондықтан, құрметті балалар өз жанұяларыңды құрметтеуге, сыйлауға, мақтан тұтуға шақырамын.

6-оқушы

Алдымен сүй ардақты ата - анаңды

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады

Бер жақсылық балаға бұл ғаламда

Ата - анаңның мейірімінен тарайды

7-оқушы

Ата - ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттеген. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірім кәусар бұлағы - Ана есіміне ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

8-оқушы

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.

9-оқушы

Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршыл

Сізсіз әке - ең жақыным, ең шыншыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың қамқорымсың білемін

Қабыл алғын бала жүрек тілегін

Ән: Әке туралы ән

10-оқушы

Бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы – осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Әке - әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат.

Кәмшат - Сен бақытты ұлансың

11-оқушы

Кім сендерді балалар сүйетұғын?

Қуанышыңа қуанып қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын – дей келе кезекті аналарымыздың құрметіне арнап «Анама» әнін орындауға рұқсат етіңіздер.

12-оқушы

Отбасы - шағын қоғам дегенге толықтай келісемін. Бала - ата - ананың ұрпағы, өмірдің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Барлық бала ата - анасынан тек жақсылық жасауды үйрене отырып. отбасының діңгегінің мықты болуына үлес қосады, өз болашағын сақтап қалады.

Көрініс - Байлық пен ақыл

13-оқушы

Адамзат ең алдымен ата - ана алдында парыздар, ата - ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ата - ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Ата - анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ. Ата - ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді, бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланады. Ата - ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мейірдің, достық пен туысқандықтың туын тіккен адамдар.

14-оқушы

Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.

- Жоқ балам үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға – үлгі, әке тәрбиесі ұлға – үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы – көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

15-оқушы

Отан – отбасынан басталады дегендей біз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан - жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден - бір орта ол – отбасы. Отбасы шағын мемлекет.

16-оқушы

Үлкенді сыйлау қазақ халқының ата - салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен - әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасы, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды. Ата – ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді. Оны бағып – қағып тәрбиелеп өсіреді. Білім береді, «Болашағым, өмірімнің жалғасы» деп үміт күтеді, мәпелейді. Адамзат болып, үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады.

17-оқушы

Адамзатқа өмірде ең жақын, ең қымбат нәрсе – отбасы. Баланың ең алғашқы ұстазы оның өзара түсіністік, мейірімділік, татулық, сыйластық, сенім, қамқорлық бауырмалдық, кешірімдік, сүйіспеншілік болғанда ғана бірлік болады.

18-оқушы

Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс - әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде - кім басқа адамның ақыл - ойы, мүдде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп - жебесе ол мейірімділікке жатады.

19-оқушы

Уа, адамдар

Жақсылықты жақсылық пен жалғаңдар

Игілікті, ізгілікті таңдаңдар

Өмір кілті қолдарыңда сендердің

Абайлаңдар

Тек түсіріп алмаңдар – дегендей, отбасының бірлігі мен берекеті ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл - өте қымбат ұлттық құндылық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ша?ыра? шатты?ы" т?рбие са?аты

Автор: Ж?маханова Асыл Алдаберген?ызы

Дата: 30.12.2015

Номер свидетельства: 271374


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства