Просмотр содержимого документа
«Разработка урока "Діни мазм?нды шешендік"»
11 «А» сынып Қазақ тілі Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Діни мазмұнды шешендік
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға діни мазмұнды шешендік сөздің ерекшелігін, тілдік сипатын таныстыру арқылы олардың сөйлеу, ой қорыту дағдысын қалыптастыру.
2. Көпшілік алдында сөйлеуге дағдыландырып, шешендікке баулу;
3. Сөз өнерінің қадірін түсінуге,имандылыққа тәрбиелеу;
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: сұрақ –жауап, талдау, ой жүйелеу, болжау,баяндау, шығармашылық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, қосымша материалдармен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дінтану.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық ахуал тудыру үшін бір – біріне сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:жабық тест шешу, сәйкестендіру арқылы үй тапсырмасын тексеру, бір – бірін тесеріп, бағалау.
Жабық тест сұрақтары. ( 5 мин)
Шешендік өнер дегеніміз не? (Адамзаттық құндылық деңгейіндегі өнер)
Шешендіктің Отаны ... (Эллада)
Шешендік өнердің теориясын жасаған кім? (Марк Туллий Цицерон)
Шешендік өнер грекше қалай аталады? (Риторика)
Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім? ( А. Байтұрсынұлы)
Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? (5 )
Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңінің өкілдері кімдер?
Қазіргі шешендік неше түрге бөлінеді?
Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кім?
Бата, тілек, құттықтау сөздер шешендіктің қай түріне жатады?
Сәйкестендір (2мин)
Шешендік сөздің тектері Шешендік сөздердің түрлері
Әлеуметтік – саяси шешендік сөздерЛекция, ғылыми баяндама
Сот ісінде қолданылатын сөздер Мерейтойдағы сөйленетін сөздер
Білім –ғылым мазмұндағы шешендік Дипломатиялық сөз
Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік Айыпкердің қорғану сөзі
2 – «2»
4 – «3»
5 – 7 – «4»
8 – 9 –«5»
ІІІ. Жаңа сабақ
«Болжау» әдісі интерактивті тақтада көрсетілген суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу. Визуалды айғақтар арқылы сабақ тақырыбы : «Діни мазмұнды шешендік» екендігін айқындайды. Дәптерлеріне жазады. (2 мин)
1.Тақырыппен танысып, түсінгендерін кестеге түсіріп, тақтаға шығып қорғайды.
Шешендік сөздің тегі: Қолданылатын орыны:
Шешендік сөздің түрлері: Діни мазмұнды шешендікті қолд.:
Стильдері: Діни мазмұнды шешен. қойыл. талап.:
Негізгі тілдік құралдары: (10 мин)
Түсіндірме сөздікпен жұмыс: уағыз - иман сөзі-
2.Кітаппен жұмыс. 38 – жаттығу, 43 бет. Төмендегі мәтінді қазіргі шешендіктің қай түріне жатқызуға болады? Қазіргі шешендікке тән белгілерді тауып, түсіндіріңіздер.
1) Дінге қатысты терминдер:
2) Имандылыққа үндейтін сөз орамдары:
3) Кірме сөздер: (5 -8 мин)
3. 39 – жаттығу, 43 бет. Мәтін шешендіктің қай түріне жатады? Нені мақсат ететінін түсіндіріп, мазмұнын әңгімелеңіздер. Тәрбиелік мәні неде?
(5 - 8 мин)
Сергіту сәті (мақалмен жауап)
Әзіл сұрақтар:
Қар жана ма? Қалауын тапсаң, қар жанар.
Түкіріктен көл құрала ма? Көп түкірсе , көл болар.
Адамда арқау бар ма? Ас адамның арқауы.
Қандай бас аяққа тыным бермейді? Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді.
Кайтсең тегін ішесің? Ексең егін, ішерсің тегін.
Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек? Ішің ауырса қолыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? ( 2мин)
4. Діндарды ділмәр етудің он жолы. А. Қонарбекұлы
Түсініп оқу. Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып, берілген тақырыптың біреуін таңдап, көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік.
Тақырыптар:
Ішімдіктен іргемізді аулақ салайық. (2- 3 мин)
Өмірің зая кетпесін.
Қыздың көркі – мінезі.
Еңбек – береке бұлағы.
Тәуекел түбі – жел қайық.
Кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары.
ІV Қорытынды жасау.
Діни мазмұнды шешендік сөздің түрлерін атаңдар. Қандай стильдер қолданылады? Негізгі тілдік құралдары қандай? (2 мин)
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: « Діни шешендіктің бүгінгі қоғамдағы орны.» Эссе жазу.
Қазақ тілі Діни мазмұнды шешендік 11 сынып
Жабық тест
Шешендік өнер дегеніміз не?
Шешендіктің Отаны ...
Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
Шешендік өнер грекше қалай аталады?
Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?
Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді?
Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңінің өкілдері кімдер?
Қазіргі шешендік неше түрге бөлінеді?
Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кім?
Бата, тілек, аза сөздер қазіргі шешендіктің қай түріне жатады?
1 -3 – «2»
3 -6 – «3»
7 -8 – «4»
9 -10 – «5»
Сәйкестендір
Шешендік сөздің тектері Шешендік сөздердің түрлері
1.Әлеуметтік – саяси шешендік сөздер 1.Лекция, ғылыми баяндама
2.Сот ісінде қолданылатын сөздер 2. Мерейтойдағы сөйленетін сөздер
3.Білім – ғылым мазмұндағы шешендік 3. Дипломатиялық сөз
4.Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік 4. Айыпкердің қорғану сөзі
Тақырыппен танысып, түсінгендерін кестеге түсіріп, тақтаға шығып қорғау.
Шешендік сөздің тегі: Қолданылатын орыны:
Шешендік сөздің түрлері: Діни мазмұнды шешендікті қолд.:
Стильдері: Діни мазмұнды шешен. қойыл. талап.:
Негізгі тілдік құралдары: (10 мин)
Түсіндірме сөздікпен жұмыс: уағыз - иман сөзі-
Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып, берілген тақырыптың біреуін таңдап, көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік.
3.Тәуекел түбі – жел қайық. 6.Кереғар діни ағымдардан сақтандыру
жолдары.
Бағалау парағы
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Діндарды ділмәр етудің 10 жолы
Мұрат ақыннан қалған мұра
Әдетте біз ділмәрды, яғни шешенді (оратор) тоқтамай сөйлейтін, сөзден сүрінбейтін тұлға деп ойлайды екенбіз. Аузы аузына жұқпай сөйлесе, біз үшін сол адам оратор екен. Асылында солай ма? Жоқ. Олай емес екен. Шешен адам – өзгелерді бар болмысымен, сөзімен әрі ісімен баурап алатын, оларды бір ойдың төңірегінде қанағаттандыра білетін қабілетке ие тұлға. Цициронның: «Жақсы шешен болғың келсе, алдымен жақсы адам бол», – дейтіні сондықтан. Цицирон негізін қалап кеткен шешендік сөздің 5 түрі бар:
1. Әлеуметтік-саяси шешендік;
2. Академиялық шешендік;
3. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік;
4. Сот ісінде қолданылатын шешендік;
5. Діни шешендік.
Біздің де сөз еткелі отырған мәселе – діни шешендік. Цициронның «Діни шешендік» деп ат қойып, айдар тағуы тегін емес-ау. Жә, Цициронды тым асыра «ұлықтап» кеттік қой. Асылында бұл кешегі пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.), ар мен намысты ту еткен текті аталарамыз – Жиренше, Бөлтірік шешендерден, Сырым Датұлы батыр бабамыздан, Шалкиіз, Бұхар жырау, Дулат, Мұраттан қалған мұра, берісі Абай, Шәкәрім, Ахмет сынды ақын-жыраулардан жеткен өнер ғой. Ендеше, діндарға да шешен болу қажет екенін түсіндіріп отырудың өзі артық деп білеміз. Себебі, діндардың жамағаты – халық. Халық пен бізді байланыстыратын құрал – сөз, ізгі іс, қайырлы амал, жақсы мәміле, сыпайы қарым-қатынас.
1. Шешен болу үшін ең алдымен сөйлеп емес, ойлап үйрену керек. Ойлану – ұлы істердің баспалдағы. Адам ойында бар асыл дүниесін сөйлеу арқылы жеткізбек. Ойы жоқтың – сөз жоқ деуге мәжбүрміз. Сөзімізді халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің нақылымен түйіндесек: «Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең,Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.Ой – уайымнан туады. Мақсатымыз бен жоспарымызды ұдайы уайымдасақ, онда ілгерілеу, қозғалыс байқалады.
2. Сөзді, уағызды яки баяндаманы жылы жүзбен, жылы шыраймен бастау. Сізді танымайтын ортаның алдына шыққан кездегі алғашқы секундтар аса маңызды екенін қаперде ұстаңыз. Кейбір ғалымдар ділмәр алғашқы 7 секундта қалай көрінсе, жұрттың ойында ұдайы солай қалуы мүмкін екенін айтады. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесің мұсылман дінінен шығады», – дейді халық даналығы. Жылы сөз жүрек елжіретеді.
3. Елдің назарын өзімізге аудару үшін ең әуелі сөзімізді олар қолдайтын құндылықтардан немесе мәселеден бастағанымыз абзал. Мысалы: «Құранымыз бір, пайғамбарымыз бір, онда неге бөлінеміз?» – дегендей, ортақ сөздер арқылы ортақ мақсатқа үндеу, т.б.Әсіресе, тұлғаларамыздың сөзінен мысал келтіру. Абайдың, би-шешендеріміздің сөзіне құлақ аспайтын қазақ жоқ шығар, сірә.
4. Тыңдарманмен қарым-қатынасты бұзып алмау үшін «сіздер» деп емес, «біз» деп бірінші жақпен сөйлегеніміз жөн. Өйткені, мәселе бәрімізге қатысты. Мысалы, өзімізді кейде күнәдан пәк сезініп: «Сіздер жиі күнә жасап қоясыздар, сіздер түзеліңіздер, Алладан кешірім сұраңыздар», – деген сөздерді жиі айтамыз. Бұл кейбіреулердің келіспеушілігін тудырып: «Алдымен өзін түзеп алмай ма?» – деген сөздің суырылып шуғуына өзге емес, өзіміз себепші болып қаламыз. Осылайша, өз сөзіміздің тұтқынына айналамыз.
«Енді жұмадан қалмаймын»
5. Сөйлейтін сөзімізге тыңғылықты дайындық қажет. Сөзімізді мол мәліметпен, мақал-мәтелмен, өлең-жырмен, қызықты оқиғамен, діни қиссалармен тұздықтап отыруымыз аса маңызды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Вудро Вильсон: «10 минуттық әңгімеге дайындық үшін маған бір апта керек, 15 минут сөлеу үшін – үш күн, жарты сағаттық сөзге – екі күн, ал бір сағат сөз сөйле десе, қазір-ақ айтып беремін», – депті. Әзіл болса да – зіл. Біз бұдан «аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» екенін ұғамыз.
6. Білімді дамыту, қабілетті арттыру, өз-өзін жетілдіру. Газет-журнал, кітап оқу, интернетті пайдалану, т.б. Мешіттің бір имамы уағызында әйгілі физик Максвеллдің мысалын келтіріпті. Сонда жұма намазға барған физика саласының ғалымы: «Имам Максвеллді айтты. Бұдан былай жұмадан қалмаймын», – деген екен. Алматыда болған тағы бір оқиға: имам жұма уағызында ажырасқан адамдардың санын нақты дәлел-дәйектермен тұздықтаса керек. Жұмаға қатысқан «Хабар» арнасының журналисі: «Мына имам мықты екен. Біз біле бермейтін мәліметтерді келтірді. Күшті әсер алдым», – деп, жүрген жерде имамдар туралы пікірімен бөліседі екен.
7. Бар мәселені оңай шешілетіндей етіп сөйлегеніміз дұрыс. Тыңдаушыға рухани көмек беріп, болашаққа деген құлшынысын арттыруымыз қажет. Бұл ретте Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының айтатын жақсы мысалы бар. «Ағым деген ағын су секілді. Бір күні ағады да кетеді. Ең бастысы біз үшін бауырмалдық қатынас қымбат. Ол да қазақтың бір перзенті ғой. Бүгін адасса, ертең алтын қазығына қайта айналып келеді. Олар да ет пен сүйектен жаратылған. Жүрегі жібіп, ортамызға оралатынына сенемін», – дейді мүфти әркез уағыздарында. «Жастарымыз діннен безіп, дәстүрге қарсы шығып жатыр. Бұл не деген сұмдық?» – деп азды-көпті ашу шығарып жүргендер үшін бұл басу, байыпты пікір, үкілі үміт. Түрлі мотивацияларды пайдалану дегеніміз осы.
8. Өзгелерді білімсіз, парасатсыз санамау. Расында да, аудитория арасында өмірлік тәжірибесі мол, көпті көрген, ілімі толысқан білімпаздар отыруы ғажап емес. Тыңдарманды білімсіз санау – адам өресінің төмендігін айғақтайтын сипат.
«Тізесі шыққан тіркес»
9. Өзіне әрі сөзіне сенімді болу. Өзіне сенімсіз адамды көрермен бірден айырады. «Жаңағы», «яғни», «не ғой», «мысалы», «сосын», «мммм», «нетіп» деген сөздерден арылған абзал. Мұны кейбір тілшілер қалжыңға басып: «Тізесі шыққан тіркес», – дейді. Енді күлуге рұқсат. Маңыз берер тағы бір жайт: рет пен жүйе. Кейде тақырыптан ауытқып, «мен не деймін, домбырам не дейді»-нің кебін киеміз. Негізгі мәселені сөз етуге келгенде уақыт шіркін өз мәресіне жетіп, өзіміз де біртүрлі, тыңдарман да біртүрлі екіұдай сезімде қаламыз. Әрбір сөз футболдағы әр ойыншының рөлін атқаруы ләзім. 11 ойыншының мақсаты қарсыластың қақпасына гол соғу болса, біздің әрбір сөзіміз тыңдарманды игі амалға жетелеп яки жақсы ойлауға әсер ету.
10. Сөз ырғағына мән беру. Сандарды, мәліметтерді айтқанда, ақырын әрі анық жеткізген жөн. Маңызды сөздерге басымдық беру қажет. Бұл – астын сызып айту деген сөз. Жағдайға, болған оқиғаға (қуаныш немесе көңілсіз жағдай болсын) орай дауыс ырғағын құбылту, көтеру яки бәсеңдету адам жанын тебірендірмей қоймайды. Көңілді оқиғаны көңілсіз дауыспен жеткізу дұрыс емес немесе керісінше...
ІҮ. Талдау.
ПМСТ әдісі (Позиция-Себеп-Мысал-Талқылау)
Мен діни сауаттылықты қолдаймын…
Ортаға тасталған мұғалімнің позициясын жан-жақты қарастырып,себебін нақты дәлелдермен ашады.Өмірден мысалдар келтіреді, талқылайды.
Ү. Жинақтау.
« 5 минуттық эссе» әдісі .
Тақырып: «Діни шешендіктің бүгінгі қоғамдағы орны»
Оқушылар берілген тақырыпқа шағын эссе жаза отырып сабақтан алған білімдерін жинақтайды.
ҮІ. Бағалау.
Боно «Ақылдың алты қалпағы» арқылы сабақты бағалау
Ақ қалпақ-Қандай ақпарат алды,енді қандай ақпарат қажет ;
Қызыл қалпақ- сабаққа қатысты бүгінгі проблемалар;
Қара қалпақ-проблеманың шешілетіндігіне күмәнмен қарайды;
Сары қалпақ-оптимистік көзқарас айтады;
Жасыл қалпақ-жаңа идея арқылыұсыныс айтады;
Көк қалпақ-қорытынды жасайды;
Ақылдың аты қалпағын кигендер өз қалпағының түсіне сәйкес ойларын айтады.
Үйге:
55-жаттығу. «Мен дінді ғылым ретінде танимын» атты еркін пікір жазу