kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?з Отаны?ды с?й

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:1.Ба?даршам ж?не оны? ?ызметін, жол ережесін т?сіндіру;

                  2.О?ушыларды? белсенділігін арттыру, ойлау ?абілетін дамыту;

                  3.О?ушыларды мейірімділікке, бауырмалды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Ба?даршам макеті,слайд.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?з Отаны?ды с?й »

Тақырыбы: Өз Отаныңды сүй.

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу.

Көрнекілігі: түрлі суреттер, мақал-мәтелдер, рәміздер суреті.

Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.

2. Өз Отаныңды сүй.Ой қозғау.

1.Біз қай ұлтпыз?

2.Қай елде тұрамыз?

3.Президентіміз кім?

4. Астанамыз қай қала?

Қазақстан –біздің Отанымыз. Әрбір адамның өзінің туған жері болады. Сол «шағын Отан» деп аталады. ҚР болашақ ұрпағы, келешек азаматтары сендер. Біз өз Отанымызды сүюіміз керек. Отан – адамның түп-тұқияны , ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып,өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы –анасына балайды.

Туған ел. Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Отанды жақсы көру отбасы ошағынан басталады. Отбасы деген сенің ата-анаң, туған – туыс, бауырларың. Бізге жарқын өмір сыйлаған кім? Ол –әр адамның өзінің туған анасы.

Гүлдер өз алаңқайында ғана-гүл. Адам тек Отанында ғана – адам.

Отанды біз Атамекен Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен, Бабамыз бен атамыз.

Отан деген – атамекен, Отан деген- туған жер.

Отан-Ана, Отан – үлкен Қазақстан – туған ел!

Отан – атам, Отан – әкем! Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса, Неге біздер- Дейміз оны Атамекен?!

Атам, Әжем, Әкем, Анам – Төртеуі де Отан маған.

Төртеуі де ботам дейді, Ер азамат атан дейді.

Мақтанамын Отаныммен , Отаныма ботамын мен.

Біздің ел көп ұлтты бауырына басқан ,татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінде елімізде 130 –дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Туған жер,алтын бесігім, Тербеттің мені төсіңе.

Жүреді сенің есімің, Ер жеткен кезде есімде.

Елдің болашағы да, өркені де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр бала өз Отанын сүюі керек. Өз Отанын , өз елін, өз дінін, тілін қастерлеп сүюі керек. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ сендерсіңдер. »Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген Абай атамыздың өсиетін есімізге мықтап ұстайық.

Н.Ә. Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зорығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілеріне де ерекше қадірлеуіміз , қастерлеуіміз керек» деген сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір адам жүрегінің терең түкпірінде сақтап,қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

3.Мақал – мәтелдер айту.

1.Отанын сүймеген адам ешкімді де сүймейді.

2.Отан үшін отқа түс, күймейсің.

3.Отан отбасынан басталады.

4.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

5.Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.

4. Бекіту. 1. Сенің Отаның қалай аталады?

2.ҚР Президенті кім?

3.Отан деген не

?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?з Отаны?ды с?й

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 17.05.2015

Номер свидетельства: 212674

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""Кіші Отан неден басталады?" шығарма"
    ["seo_title"] => string(38) "kishi_otan_niedien_bastalady_shyg_arma"
    ["file_id"] => string(6) "443298"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1512888979"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства