Просмотр содержимого документа
«?з ???ы?ыма ???ы?ым бар»
«Балалық шаққа аса құрметпен қарау керек»
ежелгі ойшыл Ювенал
Тақырыбы: «Өз құқықтарыма құқығым бар»
Мақсаты: Балалардың құқықтарымен таныстыру. Өз пікірлерін еркін айтуға дағдыландыру. Адамгершілікке, құқықтық сауатттылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: слайд, суреттер, балалар құқығы конвенциясы.
Сыныптың безендірілуі:
Құқық- мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Балалардың құқықтары мен міндеттері.
20 қараша- Халықаралық бала құқықтар күні
Бала құқықтары туралы конвенциясы (1989ж)
Бала-18 жасқа толмаған адам
Баланың туған кезде есім алуына құқығы
Баланың өмір сүрүге құқығы
Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Баланың жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы
Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
Баланың мүлiктiк құқықтары
Баланың тұрғын үйге құқығы
Баланың бiлiм алуға құқығы
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
Баланың ата-анасынан ажыратылмауға құқығы бар.
Баланың мiндеттерi
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға
басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн,
Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге,
еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға,
тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға,
тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға,
табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Сынып сағатының жоспары:
1. «Есімдер» ойыны
2 «Есім алуға құқылымын»интербелсенді әңгіме
3. Мини-лекция «Конвенция туралы не білеміз?».
4. «Ашық хат» ойыны
5.Жағдаяттар шешу «Құқықтар мен міндеттер»
6. Физминутка
7. «Менің ............құқығым бар» атты суреттер қорғау
8. «Ертегілерді еске түсірейік»
9. Қорытынды жасау (рефлексия).
Сынып сағатының барысы:
«Есімдер» ойыны
Құрметті балалар біз бүгін «Өз құқығыма құқығым бар» атты ашық сынып сағатымызды балалардың құқықтары мен міндеттеріне арнаймыз. Бастамас бұрын біз «Есімдер» ойынын ойнайық. Өзесімдерінді атап қасына сол әріптен басталатын бір сын есім қосып айтыңдар. Мысалы өзімнен бастасам Жанна- жауапты.Балалар өз есімдерін атайды.
II. «Есім алуға құқылымын» атты интербелсенді әңгіме
Мұғалім: Балалар біз өз есіміміз болуға құқығымыз бар ма?
Балалар: Әрине, құқығымыз бар.
Мұғалім: Ал сол есім өздеріндікі екенің қалай дәлелдейсіндер?
Балалар: Туу туралы күәлігімізде аты-жөніміз толық жазылған.
Мұғалім: Дұрыс бұл сеңдердің ең алғашқы құжаттарын. Кім біледі оның ішінде тағы не жазылған?
Балалар: Әке-шешелеріміздің аты-жөні
Мұғалім: Дұрыс және ол құжат сеңдердің Қазақстан Республикасының азаматы екендеріңді растайды.Мемлекет сендердің құқықтарыңды қорғайды. Адамдардың құқықтары қай жерлерде жазылады?
Балалар: Конституция, заңдарда.
III. Мини-лекция «Бала құқығы туралы конвенция »
Бір күні жердің әр жерлерінен ақ нәсілді, қара нәсілді, әр түрлі тілдерде сөйлейтін, алуан түрлі діндерді ұстанатын мемлекет басшылары бір жерге бас қосты.Кейбіреулері соғыс болып жатқан жерлерден келді. Жиналған барлығының ортақ ойы жер бетінде бейбітшілік болып,соғыс және жетіспеушілікті адамдар қормесін , кінәсіз адамдар жазаланбасын деген.Балаларға қатысты әділетсіздіктер де орын алады. Бақытты балалық шақ орнату үшін ойларын ортаға салып 1989 жылы 20 қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды.
Құқық дегеніміз не?
Құқық- мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Міндет дегеніміз не?
Міндет –адамдар бұлжытпай орындауға тиісті, тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Тақтада көрсетілген құқықтармен таныс болайық.
Қазақстанда 1993 жылы 20қантарда осы сияқты бала құқығы туралы конвенция қабылданды.
IV. «Ашық хат»ойыны
Мұғалім:
Балалар біздің құқықтарымыз бұзылса көмекке біз заңгерлерге кеңес сұрап барамыз. Қазір өздеріңді заңгер ретінде сезініп көмек жасап көріңдер. Ақыл-кеңес аламын деушілер ертегі кейіпкерлері.Олар бізге хат жолдапты.Тақтада жазылып тұрған құқықтарды қарап қай құқығы бұзылғандығын анықтыңдар. Әрбір сөйлемді «Балалар құқығы туралы конвенцияда жазылғандай» деп бастау керек.
Маугли.
Мен көп уақыт аңдармен бірге орманда өмір сүрдім. Еңді адамдардың арасында өмір сүре бастадым, басқа балалардай меніңде құқықтарым бар ма?
Балалар: Балалар құқығы туралы конвенцияда жазылғандай 18 жасқа толмағандар бала болып есептеледі және олардың барлығында бірдей құқығы бар.
Маугли. Бірақ мен адамдардың тілінде сөйлей алмаймын. Сондықтан мені адамдар қамап тастады. Қалай ойлайсындар, осылай істеуге олардың құқығы бар ма?
Балалар: Балалар құқығы туралы конвенцияда жазылғандай баланың жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
Мұғалім: Ия, балалар, кез келген бала қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы бар.Келесі кейіпкеріміз Гарри Потер. Ол хатында былай деп жазыпты.Менің қамқоршым маған келген хаттарды оқып алады. Оның жасаған ісі дұрыс па?Ол менің құқығымды бұзды ма?
Балалар: Әр баланың қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар
Мұғалім. Бала құқықтары бұзылмау үшін балалар өз құқығын және міндеттерін жақсы білу керек екен.Көріністер арқылы біз кейбір жағдаяттарды шешіп көрейік.
V. Жағдаяттар шешу «Құқықтар мен міндеттер» Мұғалім
Әрбір адамның құқығы бар. Бірақ оны басқа адамдардың құқығы бұзылмағанда ғана қолдануға болады. Басқа адамның құқығын сыйлауымыз керек. Бірақ ол үнемі солай бола ма? Бірнеше көрініс тамашалап кейіпкерлердің істеріне бағаларыңды берүді сұраймын.Қандай құқықтары бұзылып, қандай міндеттері орындалмады?
Ұлы: Менің дем алуға және бос уақытымды пайдалануға құқығым бар. Мен музыканың дауысын қатты тыңдауға үйренгенмін.
Мұғалім: Ал еңді осындай жағдайда кімнің құқығы бұзылады?
Балалар: Бұл жерде баласы көршілерінің тыныштықта дем алу құқығын бұзады.Басқа адамдардың құқығын сыйламайды.
.
Көрініс №2
Мұғалім:
Анеля сен бүгін кезекшісін тақтаны өшіріп, гүлдерді суар.
Анель:Сіздің мені кезекшілік атқартуға құқығыңыз жоқ. Конвенцияда балаларға деген зорлық-зомбылыққа тиім салынған.
Мұғалім:Анельдікі дұрыс па?
Балалар: Оқушылар кезекшілік ақаруға міндетті.
Көрініс№3
Мұғалім:Диас сен тағы математика кабинетінде парталарға сурет салып тастадыңба? Оныбасқа балалар жаңа ғана жуып қойды ғой.
Диас.Онда не тұр? Мен сурет салуды жақсы көремін. Сүйікті ісіммен айналысуға құқығым бар.
Мұғалім: Диасқа құқықтары мен міндеттерін кім түсіндіріп береді?
Балалар: Әрине Диас өз сүйікті ісімен айналысуға құқығы бар. Бірақ парталарды таза ұстау, мектеп мүлкін сақтауға міндетті.
Көрініс №4
Мұғалім: Жан, сен информатика сабағында неге жүгіргесін?
Жан: Менің еркін қозғалуыма құқығым бар.
Мұғалім: Жандікі дұрыс па?
Балалар: Жандікі дұрыс емес. Ол балалардың білім алуға құқықтарын бұзды-. Ол басқа балалардың құқығын сыйламайды.
Көрініс№5
Анасы:Ұлым сен не нан әкелмегесін, не қоқсық төкпегесін.Неге?
Ұлы: Өйткені Біріккен Ұлттар Ұйымы балалардың еңбегін пайдалануға тиім салады.
Мұғалім:Бұл құқық күресүшімізді дұрыс па?
Балалар:
- Жоқ онікі дұрыс емес өйткені нан әкеліп, қоқсық төгу ол еріксіз еңбек емес, ол тек қана көмек.
. –Анасы да бір уақ демалғысы келеді. Ұлы оған көмек жасап, анасын сыйлау керек.
Мұғалім: Балалар, осы көріністердің кейіпкерлері балалардың құқықтарын жақсы біле ма екен? Ал нені білмейді екен?
Балалар: Олар өз міндеттерін дұрыс білмейді.Басқа адамдардың құқықтарын бұзады..
Мұғалім: Өз құқығынды бұзбай отырып басқалардың құқығын бұзбауға болама?
Балалар:
-Басқа адамдардың құқығын сыйласаң сеніңде құқығынды сыйлайды..
-Өз құқығынды басқа адамдардың құқықтарынан жоғары санауға болмайды.
VI.Физкультминутка:
« Міндет па? Құқық па?»
Мұғалім құқық пен міндеттерді атайды.
Түрлі конкурс пен жарыстарға қатысу
Жол жүру ережелерін сақтау
Тегін білім алу
Мектептің мүлкін сақтау
Табиғатты қорғау
Дұрыс дем алу
Сабаққа тиянақты дайындалу
Ата-аналарға көмектесу.
Отбасында тәрбиелену
Мұғалім: Үй тапсырмасына сендерге «Менің құқығым бар» атты тақырыптарға сурет салып келу тапсырылған. Соларды қорғаймыз
Мұғалім: Балалар келесі ертегілерді еске түсірейік. Қандай құқықтар бұзылғанын анықтайық.
Балалар, біз бүгін құқықтар туралы айыттық, бірақ сендер әр қайсыларында құқықтан басқа міндет бар екенін ұмытпаңдар. «Өзіне тілемейтініңді, өзгегеде тілеме!»
«Гуси-Лебеди», «Маша и Медведь», «Снежная королева».
я
Балалар: Бұл кейіпкерлердің ата-анасымен ажырамауға құқығы бұзылған.
Мұғалім: Балалар, оз құқығымызды сыйлап басқаның құқығын бұзбайық!