kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«О?ушыны? жеке т?л?асын ?алыптастыруда мектеп пен ата-ананы? ?зара бірлескен іс-?рекеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Бала т?рбиесі ?ай заманнан да, ?ай ?о?амны? болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын тол?аныс?а, ?здіксіз ізденіске т?сірген ізгі м?рат екені даусыз.?аза? хал?ыны? бойына ана с?тімен дары?ан т?лім-т?рбиесіні? ?зіндік мектебі болды.

     Жан?я, мектеп, к?ше – б?л ?р баланы? ?арым-?атынас сферасыны? е? басты негіздері, б?л сфераларды? кейбір модификациясына ?арамастан, баланы? ?атынасу ортасы ж?не ?мірлік т?жірибесі аз, ?ажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы ма?ынасыз, со?ан байланысты оны? ішкі ?лемі тіршілікті? салма?ты ?амымен, ?леуметтік жаупкершілікпен был?анба?ан, ?орша?ан орта жабы? немесе бас?а кейіпте фантазия секілді ?алыптас?ан. Баланы? а?ылына барлы?ы ?ызы? болып к?рінеді. ?йткені ?мірден алын?ан ?серлер т?рлі болып келеді. Б?рын?ы кездегідей ?азір де балалар мейірімге, жанашырлы??а бейім: ?р к?кіректік, ?ыз?аныш, е? к?шті т?л?а болу?а ?мтылу секілді ?асиеттер бар. Олар келе?сіз жа?дайларды тез ?мытса, табыстарын ?за? уа?ыт есте са?тайды.Олар п?ктігімен, ?зінділігімен, тез ?кпелегіштігімен ерекшеленеді. Біра? бала есейген сайын ?з сезімдерін к?рсетуге ?ялады. Осыдан к?рініп ?алатын д?рекілік, жо?ары ж?не тере? сезімдерін ашы? елемеу, ?з-?зін ?андай ба?амен  болса да к?рсеткісі келу пайда болады. М??алімге ?сіресе ?з т?рбиеленушілеріні? кейбіреулеріні? жан?ясында?ы, достарымен, немесе о?уда?ы келе?сіз жа?дайы бол?ан кездері ?иын тиеді.  Б?ны? барлы?ы ?з о?ушылармен ?атынасу кезінде жо?ары педагогикалы? м?дениетті, шыдамдылы?ты, ?дептілікті е? бастысы т?рбиеленушімен болып жат?ан жа?дайды т?сіне білуді талап етеді. Б?л туралы ойшыл Абай «Бала?а мінез ?ш алуан адамнан ж??ады, бірінші ата-анасынан, екінші – ?стазынан, ?шіншісі - ??рбысынан» деген екен.?лы Абайды? ?зі де бірінші ата-ананы ?ойып т?р.

Сонды?тан мен т?ртіпті? е? тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «?яда не к?рсе?,?ш?анда соны ілерсі?» дейді хал?ымыз.И?, ?рпа?ты? т?рбиесі - ?о?амны? болаша?ы ж?не о?ан аса зор жауапкершілікпен ?арау - ?рбір саналы азаматты? борышы.  Бала т?рбиесінде отбасыны? орны ерекше. Оны ?о?амды? т?рбиені? ?андай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасыны? негізі баланы ?мірге келтіру ?ана емес, о?ан м?дени-?леуметгік ортаны? ??ндылы?ын ?абылдату, ?рпа?ты? ата-бабаларды?, ?лыларды? а?ыл-ке?ес т?жірибесін бойына сі?іру, ?орша?ан орта, адамзат?а, ?з ?о?амына пайдалы етіп т?рбиелеу.              

Ата-анадан ?сіп ?рпа? тарал?ан,

Жа?сы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласа??н атамызды? с?зінен кейін  ?алай десек те, денсаулы?ы д?рыс ата-ана ?з баласыны? алдында?ы міндеттері мен ???ы?тарын ?зінен бас?а ешкім б?ліп ат?ара алмайтынын біледі. Педагог бол?анды?тан, ?зі?із істейтін білім мекемесіні? т?рбиеге байланысты ж?мыстарыны? барлы?ы ?рине, сіздерге келіп тіркеледі.

Сіздер болаша? ?рпа?ты? т?л тумасын зерттейтін педагогсыздар, ?арама?ы?ызда?ы м??алімдермен, о?ушылармен ?алай ж?мыс істеу керектігін жа?сы білесіз. Біра? сырттан келген адаммен ?арым-?атынас?а т?су, сізді  ?рине ?иынды??а со?тырады. ?йткені, сіз ол адамды бірінші рет к?ріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, ?рине, ата-ана. Ата-ана сізбен, я?ни психологпен с?йлесу ?шін, ол бірінші, баласымен с?йлеседі, екінші, сынып жетекшімен с?йлеседі, содан барып, сізбен с?йлеседі б?л бірінші н?с?а. Екінші н?с?а телефон со?ып, директорды ша?ымданып, ?з ренішін ?ыр, телефон ар?ылы білдіреді. 

Сіздерге ата-ана  екі  жа?даймен  келуі  м?мкін:

 1) Ке?ес алу;

 2) Негативті к??іл-к?й жа?дайында.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««О?ушыны? жеке т?л?асын ?алыптастыруда мектеп пен ата-ананы? ?зара бірлескен іс-?рекеті» »

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дулыбаева Каламкас Алпысовна

«Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың

өзара бірлескен іс-әрекеті»

Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болды.

Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен болса да көрсеткісі келу пайда болады. Мұғалімге әсіресе өз тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді. Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.

Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметгік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп, Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі. Педагог болғандықтан, өзіңіз істейтін білім мекемесінің тәрбиеге байланысты жұмыстарының барлығы әрине, сіздерге келіп тіркеледі.

Сіздер болашақ ұрпақтың төл тумасын зерттейтін педагогсыздар, қарамағыңыздағы мұғалімдермен, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білесіз. Бірақ сырттан келген адаммен қарым-қатынасқа түсу, сізді әрине қиындыққа соқтырады. Өйткені, сіз ол адамды бірінші рет көріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, әрине, ата-ана. Ата-ана сізбен, яғни психологпен сөйлесу үшін, ол бірінші, баласымен сөйлеседі, екінші, сынып жетекшімен сөйлеседі, содан барып, сізбен сөйлеседі бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа телефон соғып, директорды шағымданып, өз ренішін қыр, телефон арқылы білдіреді.

Сіздерге ата-ана екі жағдаймен келуі мүмкін:

1) Кеңес алу;

2) Негативті көңіл-күй жағдайында.

Ұсынымдар: сынып жетекшілері басты көңілді бейімделу деңгейі төмен балаларға аударғаны жөн, қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтау қажет. Оқушылардың оқуға деген мотивациясын қарқынды қалыптастыру, олардың жеке басының оң қасиеттеріне сүйену, оқыту және тәрбиелеу процесіне жеке қарауды жүзеге асыру.

Ата-аналарға мектептік оң мотивацияны қалыптастыру үшін барынша күш жұмсау қажет. Балалар өздерінің мектепте алған білімдерін үйде және тұрмыста пайдалануға тырссын. Алған білімінің маңыздылығын көрсету керек.

Осы жастағы балалар мұғалімнің айтқанына әбден сенеді. Егер бала «сен ештеңе істей алмайсың, сенің қолыңнан келмейді», тағы осы сияқты әңгімелерді көп еститін болса, ол жиі «2» немесе «3» бағасын алуы мүмкін. Бұл жағдайда баланың білім алуға деген қызығушылығы жоғалады, оқығысы келмейді, оқуға деген мотивациясы төмендеп кетеді. Сондықтан оқушының бейімделу кезеңі қалай өткеніне байланысты оқушы мен оқытушының арасындағы өзара қарым-қатынас қалыптасады, оқушының психологиялық денсаулығы қалыптасады және оның алдағы уақытта оқуға деген көзқарасы анықталады.

Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ .

Педагогтың оқушы ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.

Көптеген мұғалімдер өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді. «Мектеп тақырыбынан» басқа әңгімеден, жан-жақты сөйлесуден мұғалімнің алар ақпараты байланысқа көп әсер береді. Ашық талқыланған ата-ананың өз балаларына қатынасы емес тақырыпта әңгімелесуі, мұғалімнің олар туралы көз-қарасын жөндеуге, кейбір жағымсыз ақпараттарды қай кезде және қалай жеткізудің жөн екенін табуға көп көмек береді.

Мұғалім ата-анамен үй жағдайында қатынасу тиімдірек. Көптеген мұғалімдер оқушы қиын, әлсіз, кінәлі болса ғана пәтерлеріне барады.Бұл дұрыс емес. Барлық жақсы немесе жаман оқитын оқушылардың үйлеріне барып тұруы қажет. Ата-ананың «мектепте ол не істеп қойды?» деген сұрағына жауап беріп, алдын ала баратындығы туралы ескертіп қою керек.

Мұғалім мен ата-ананың өзара іскерлік қатынасы тез арада өздігінен келе қоймайды. Олар мұғалімнің саналы, мақсатты бағытталған, шығармашылық жұмысы – оның нәтижесінде келеді. Ата-анамен байланысты тек қана мамандық міндетім деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған дұрыс. Ата-анамен жан-жақты байланысу формасы – ол мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші. Ата-анамен педагогтың қатысуында араласқым келсе араласам, болмаса араласпаймын деген таңдау-ереже бойынша жоқ. Оқушының жеткілікті жақсы жақтары үшін, оның рухани көңіл күйі үшін мұғалімге бұл таңдау бір мағыналы болып келеді, бұл жерде адамдық қарым-қатынастың өнерінен айналып өту мүмкін емес.

Отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық тәжірибе

  • 1.АҚШ. Мұғалімдер мен ата-аналардың жалпы қоғамдық қауымдастығы АҚШ-тың әрбір үлкен мектептерінде мұғалімдер мен ата-аналардың жалпы ұлттық қауымдастығының филиалы бар. Ата-аналар - мектеп реформасының белсенді қатысушылары болып табылады. Кейбір мектептерде ата-аналар комитеттерінің пікірлері оқу процессін ұйымдастыруда бағдарламаларын мен оқу әдістері бекіткенге дейін басымды роль атқарады. Мектеп қоғамдық өмірдің орталығы болып табылады: ата-аналар комитеттерінің отырыстары, ата-аналар жиналыстары, жеке ата-аналарды мұғалімдер мен әкімшілік тарапынан қабылдаулары үнемі өткізіледі; оқушы мектеп өмірінде кездестіретін мәселелер туралы мәліметтер жиналатын ата-аналарға арналған оқушылар папкалары жүргізіледі. Көптеген мектептер ата-аналармен өзара іс-қимыл жасауға талпынады: мысалы, әңгімелесуді және кеңесті қажет ететін ата-аналар үшін «шұғыл байланыс телефонында» тәжірибелі мұғалімдер кезекшілік жасайды.

  • 2 Франция. Дәстүрлі емес педагогика - «тәрбиенің жаңа түрі» Бірнеше жылдар бұрын француз мектебі отбасыдан алыстау болған. Оқу процесіне ата-аналардың жөнсіз араласуы туралы дәстүрлі ойлар және бір мезгілде баланың мінезін қалыптастыруда басты мақсат болып табылатын отбасылық тәрбие туралы ойлар ықпалы етті. Жалпы білім беру мекемелерінде ата-аналардың жалпы ұлттық бірлестіктерінің 3 түрі бар: екеуі - қоғам саласында және біреуі - жекеменшік білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы жаппай және ықпалды болып табылады.Шіркеудің бақылауында болатын бос мектеп оқушыларының ата-аналар ұлттық одағы жекеменшік оқу мекемелерді несиелеуді қолдайды.Ата-аналар бірлестігінің мүшелері мектеп және сынып кеңестерінің, стипендия бойынша комиссия және т.б. түрлі білім беру құрылымдарының құрамына кіреді. «Тәрбие - мұғалімдерге ғана сеніп берілетін маңызды іс қана емес» болғандықтан ата-аналар кейбір мектептерде бала үйірмелер мен клубтарды, кітапхананы басқарады, шетел тілдерде факультативтік және спорттық дәрістер жүргізеді, оқу экскурсияларын ұйымдастырады.   

  • 3.Жапония. Үйде оқыту түрі (дзюку) - отбасылық эстетикалық, зерделілік, адамгершілік тәрбиенің моделі ретінде. Жапония қоғамының пікір бойынша отбасы және мектептің ерекше педагогикалық функциялары бар, яғни отбасы - тәрбиенің ең маңызды ұяшығы, ал мұғалімдер білімнің бас таратушылары. Жапондық ғалымдардың есептеуінше отбасы - жеке тұлғаның өзін-өзі тануы мен әлеуметтенудің, адамгершіліктің басты көзі. Осы көзқарасты көптеген ата-аналар ұстанады.Жаппай сұрау барысында ата-аналардың жауап бергені бойынша 64% баланы тәрбиелеуде басты роль атқарады, ал қалған сауалнамаға жауап берушілер баланы тәрбиелеу толығымен отбасының жұмысы деп есептейді. Японияда сәбидің ең алғашқы ұстазы - ана. Бала әліппе, жазу мен арифметика білімдерінің бастамаларына отбасында үйренгендіктен, мектеп табалдырығын аттағанда оларға үйренбейді. Оқушылардың ата-аналары өз балаларының мектептегі жетістіктер мен мәселелері туралы хабардар болу үшін мұғалімдермен үнемі хат алысады. «Кеику-ана» (білімге құштар ана) одан да көп жасайды. Бала ауырған жағдайда ана баласының орнына мектеп тапсырмаларын мұқият жазып алады. Баланың алдында ата-ана оқытушының пікіріне күмән келтірмейді. Олар әрқашан оқытушымен толық кеңес құра алады.Жапонияда мектеп және отбасылық тәрбиелік функциялары нығайып, мектеп ролінің маңыздылығы күннен-күнге артып келеді.Мысалға, бұндай көзқарасқа сұрастырған ата-аналардың 75%-і келіседі. Отбасының білім және тәрбиелік функцияларының төмендеуін негізге ала отырып, ата-аналар отбасы міндеттерін үйретушілерге жүктеу, балаларды тәрбиелеуге қызығушылықтарының жоғалту үрдістері жөнінде айтты. Алайда, Жапония мектептерінде бөлектеу салты сақталған. Оқу үрдісі ата-аналар үшін тиым аймағы болып сақталуда (оқу бағдарламалары, пішіндері, әдістері).

  • 4. Германия. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.

Балалар қандай жанұяны жақсы көреді?

АҚШ ғалымдары жиырмадан астам мемлекетті аралап, отбасылық ауқаты әр алуан он мыңнан астам оқу жасындағы балаларға тексеру жүргізіп, балалардың отбасылық рухани тұрмысы мен экономикалық жағдайына ерекше назар аударатынын байқаған.

Зерттеу нәтижес іата-ана мен жанұяға қойылатын 10 түрлі талапты қорытындылаған:

1. Балалардың көзінше үлкендердің ұрсыспауы;

2. Балалардың бәріне бірдей мәміле жасау;

3. Балалардың тауларын қайтармау, оларға өтірік айтпау;

4. Ата-анабір-біріне кішіпейіл болып, бір-бірін келсе-келмес жазғыра жөнелмеу;

5. Үлкендердің балаға барынша қамқор болуы, олармен тату-тәтті өмір сүру;

6. Баланың достары үйге келгенде оларды қызу қарсы алу;

7. Балаларға үнемі салқынқанды болмау, қатты ашу шақырмау;

8. Отбасындағы тәрбиені үлкендер алдымен өзінен бастау, кішіні аялап, үлкенді құрметтеу керек екенін өздері көрсетуі керек. Отбасындағы барлық істі ортақ ақылдасу;

9. Отбасында әр апта сайын мәдени шаралар өткізіп тұру, спортқа белсене араластыру, әр жексенбіде баланы кем дегенде жарты күн жаяу жүргізу;

10. Ата-аналарда кемшілік болса, бала оған сын айтса, оны дұрыс қабылдап, өзгерту, кешірім сұрау.

Балалардың алаңдайтын мәселелерінің ішінде «Ата-анасының өзара сүйіспеншілігі» ең маңызды орында тұрадыдейдімамандар. Қытайлық белгілібір психология орталығы үшмыңнан астам балаға зерттеу жүргізу барысында оқу жасындағы балалардың «Ата-анасының өзін ұрғанынан» емес, қайта «Ата-анасының өзара ұрсысып, төбелескенінен» қорқатыны дәлелденген.

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата-ана, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі қашанда өзекті. Көп жағдайда осы мәселелерді күнделікті ағымдық проблемалардың аясында қарастырып, мән-маңызын төмендетіп алып та жатамыз. Оны шешудің жолдарын алыстан іздеп адасамыз. Шын мәнінде оны шешу жолдарын өзімізден, сіз бен бізден басталатынын естен шығарып аламыз.

Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар?. Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі бес нәрсе тікелей қатысты болуы:

• Ата-ананың жақсы болуы;

• Ұстаз жақсы болуы;

• Мамандықты дұрыс таңдауы;

• Сүйген жармен одақтасуы.

Осы факторлар тек отбасында ғана бақытты болуы емес, әрине бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Өмірде адам баласының яғни, жеке адамның өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін қандай факторлар қажет деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында туады. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін біледі. Сол алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін біледі. Сіздер баламен жұмыс істейсіздер, балаға кеңес бересіздер. Сондықтан балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін түсіндіру керек. Қандай жолдар, қандай қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Бір балада қиыншылықтар мүлдем болмауы мүмкін, ал екіншісінде аяқ қойған жерде. Сондай жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз.

Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз.

Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский:«Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге,ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн.

ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтң тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«О?ушыны? жеке т?л?асын ?алыптастыруда мектеп пен ата-ананы? ?зара бірлескен іс-?рекеті»

Автор: Дулыбаева Каламкас Алпысовна

Дата: 08.06.2015

Номер свидетельства: 218347


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства